8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі...

144
«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық ғылыми- педагогикалық, әдістемелік жұрналы Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ... АБАЙ. ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 1958 жылдың наурыз айынан бастап шығады 8/2013 ТАМЫЗ МАЗМҰНЫ Таным табиғатында Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ. Еуроцентризм әдіснамасының күйреуі................................................................3 Тамыз мәслихатына тобықтай тарту Анар ТӨЛЕУОВА. Жаңа технологиялар негізінде оқыту .............15 Әлия БАКИЕВА, Мемлекеттік тілді оқытуда ақпараттық Фарида БАЙБАТАНОВА. технологияны пайдалану .................................20 Әлия НИЕТАЛИНА. Оқушы білімін бағалау ....................................26 Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс Индира БЕКЕНОВА. Синонимдер.....................................................32 Гүлжан САДЫҚОВА. Құрмалас сөйлем және оның түрлері............38 Ұлболсын ҮСЕНОВА. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.....................................................43 Елемес ҚАРАТАЕВ. Сөздердің байланысу тәсілдері.....................49 Дана ОРАЗАЛИНОВА. Екпін................................................................52

Transcript of 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі...

Page 1: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

«Қазақ тілі мен әдебиеті» және

«Ұлағат» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің

ай сайын шығатын

Республикалық ғылыми-

педагогикалық, әдістемелік жұрналы

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...АБАЙ.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

1958 жылдың наурыз айынан бастап шығады 8/2013 ТАМЫЗ

МАЗМҰНЫТаным табиғатында

Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ. Еуроцентризм әдіснамасының күйреуі................................................................3

Тамыз мәслихатына – тобықтай тартуАнар ТӨЛЕУОВА. Жаңа технологиялар негізінде оқыту.............15Әлия БАКИЕВА, Мемлекеттік тілді оқытуда ақпараттықФарида БАЙБАТАНОВА. технологияны пайдалану.................................20Әлия НИЕТАЛИНА. Оқушы білімін бағалау....................................26

Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдісИндира БЕКЕНОВА. Синонимдер.....................................................32Гүлжан САДЫҚОВА. Құрмалас сөйлем және оның түрлері............38Ұлболсын ҮСЕНОВА. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.....................................................43Елемес ҚАРАТАЕВ. Сөздердің байланысу тәсілдері.....................49Дана ОРАЗАЛИНОВА. Екпін................................................................52

Page 2: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдісГүлсара АҚБЕРДИЕВА. Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы.........55Жамиға СЕҢГІРБЕКОВА. «Жусан иісі» повесіндегі Аян бейнесі........60Бибігүл ҚУАНЫШҚҰЛҚЫЗЫ. «Әпке» драмасы. Шығармадағы тәрбие мәселесі..........................................................65Гүлжан СӘДУАҚАСОВА. Ғабит Мүсірепов. «Боранды түнде»............69Ұлболсын БЕРДЕШОВА. Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен бақа»..............................................73Сәуле МЫРЗАБЕКОВА. Қожа бейнесі..................................................77Ерлан НҰҒЫМАНОВ. Мағжанның «Түркістан» өлеңі....................85Жанар ҚАРАЙДАРОВА. «Бақытсыз Жамал»........................................88

Сыныптан тыс сабақМирамгүл ҚУАНЖАНОВА. Сөз – мерген...................................................92Гүлзада САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ. «Білімнің жағып шырағын».........................94Жанар ҚАЙНАЗАР. «Сөз мергені» тіл сайысы...........................100

Қызықты грамматикаМәдина ДҮТБАЕВА. Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау.........................................................104

Оқырман ой тастайдыРыскелді САБЫРБАЙ. «Мерейтой – 55 және 50» айдарлары........106

Білім бұлағы – бастауыш мектепБибажар ӨМІРБЕКҚЫЗЫ. Сан есім.........................................................121

Жас маманға жәрдемЗалияш КЕНЖАЛИНА. «Алғадай туралы әрбір ой»........................126Қайтбек ҚАДЫРБАЙҰЛЫ. Күрделі сөздерді қайталау..........................128

Көмекші құрал

Гүлден РАМАЗАНОВА. 5-сынып «Әдебиетіне» арналған жұмыс дәптері.............................................131

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:Құсиын Айтқалиев, Шәмша Беркімбаева, Қанипа

Бітібаева, Жанғара Дәдебаев, Гүлтас Құрманбаева, Мекемтас Мырзахметұлы, Қуандық Мәшһүр Жүсіп,

Нұрша Оразахынова, Бақтияр Сманов, Жансейіт Түймебаев, Рақымжан Тұрысбек, Нұргелді Уәлиұлы.

Page 3: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

3

Таным табиғатында

Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,Аймақтық менеджмент

академиясының профессоры, Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.Тараз қаласы.

ЕУРОЦЕНТРИЗМ ӘДІСНАМАСЫНЫҢ

КҮЙРЕУІ

Қытайдың айырым тарихшылары өз еңбектерінде қытай ұлтынан өзге ұлттарды кемсітіп көрсетуі, олардағы әлемдік өркениет талаптарына жауап бере алатын кейбір әдебиеттегі, мәдениеттегі жетістіктерді мойындамауы қуатты ірі мемлекеттің ішкі саясатына байланысты фактор деп ойлауға еріксіз мәжбүрлейді.

Еуроцентристік ағымның адамзат тарихына теріс ықпал ететін идеологиялық, кертартпалық әсері бар екенін көп-теген ғалымдардың мойындап отырғаны – шындық.

Белгілі ғалым Советхан Ғаббасов еуроцентризм әдіснамасының шындыққа жанаспайтын тұстарын әшкерелейді. «Еуроцентризм әдіснамасында – ең әуелі, адамзат тарихының ақиқаты мен тағылымдық шындығы жоқ. Оның ең үлкен дәлелі ретінде адамзат тарихының бұрмалануын (фальсификациялануын) айтуға болады...» деп жазады. Бұл әдіснаманың Шығысында Қытайға, Батысында Римге, түстігінде Египет пен Үндіге теңдессіз әсер ететін Тұран елінің тарихы туралы жұмған ауызын ашпайтынын атап көрсетеді. Советхан Ғаббасов былай

Page 4: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

4

дейді: «...бүкіл Қытай қорғанынан Қара теңіз бен Қап тауына дейін созылған Ғұн империясының өркениеті неге жасырылады? Біраз мезгіл кейінірек өмір сүрген А.Македонский марапатталады да, одан бұрын он есе күшті қолбасшы болған Мөде хан жайында еш тарихта айтылмауының себебі неде? Кеше ғана Еуропадағы аса үлкен әсері болған Еділдің (Атилланың) тарихы неге жасырылады? Еуропаның VІ ғасырға дейін сақ тілінде сөйлегені неге жасырылады? Шығыс Еуропаның ІХ–Х ғасырларда қыпшақ тілінде байланыс жасағанын («Кодекс куманикс») айтпаудың себебі неде? VІ–VІІІ ғасырларда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Шығыс және Батыс түрік қағанаттары жайында да айтылмауы қалай? Кешегі өткен Шыңғыс – Жошы – Батый – Алтын Орда шындықтары неге бұрмаланып отыр?.. Осының салдарынан бүкіл адамзат та-рихының ғылыми жүйелері мен негіздері бұзылды. Сақтар мен Ғұндар тарихының әдейі айтылмауынан бүкіл Түрік халықтарының көне тарихы бұрмаланды. Осынау ар ұялар істердің бетін ашқан, тек қазақ даласынан табылған бірнеше археологиялық ғажайыптар мен «Алтын адам» киімдеріндегі даналық өрнектер және Арким–Сынтасты өркениеттері еуроцентризмнің әділетсіз де жалған ғылым екенін дәлелдеді. Мұндай фальсификациялардың салдарынан адамзат қауымы бүгінге дейін әділетті де қайырымды қоғам құра алмай отыр... Мұның ең үлкен зауалы: адамзат қауымының тәрбиесіне қабат ауыр зардаптарын тигізуде...» (С. Ғаббасов. «Ұлы дала – адамзат өркениетінің бесігі». Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті, 23 тамыз, 2008 жыл).

ХІХ ғасырдың аяғында, дәлірек айтатын болсақ, 1893 жылы қарашаның 25-жұлдызында Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде белгілі ғалым

Page 5: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

5

Вилгельм Томсеннің ашқан жаңалығы Еуроцентризм әдіс-намасының күйреуіне әкеп соқтырды. Жалған әдіснаманы күйреткен ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін (684 – 731 жылдар), оның ағасы Білге қаған (683 – 734 жылдар), қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандары болатын. В.Томсен тасқа қашап жазылған әріп таңбаларының құпия кілтін тауып, тастағы жазуды оқуға мүмкіндік алған-ды. Сөйтіп еуропалықтар «жабайы» деп келген түркілердің аса мәдениетті халық екенін мойындауға мәжбүр болды. Кешігіп жеткен шындықтың бетін ашуда В.Томсеннен басқа ғалымдар Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг, неміс ғалымы Д.Г.Мессершмидт, Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов, Ю.Немет, Х.Н.Орқун, Н.Келімбетов, т.б. еңбек еткені мәлім.

«Еуропалық ғалымдарға Қытай ғалымдарының түркі халықтарының көне дәуірі туралы тәкаппарлық тұрғыда жазған ғылыми еңбектері де әсер еткен болар» деген ойға кетесің. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында біздің ғалымдарымыз бен әдебиетшілеріміз Қытайдың тарихы мен Қытайдың әдебиетіне ден қоя бастады. Еліміз баспалары мен басылымдары, аудармашы ғалымдарымыз бен әдебиетшілеріміз Қытай тарихшыларының, жазушы-ақындарының шығармаларын аударып баса бастады. Әрине, мұның өзі біздің көршіміздің әдебиеті мен ғылымына деген адал көзқарасымызды дәлелдейтіні – шындық.

Кейде Қытай тарихшыларының көне дәуірдегі біздің арғы бабаларымыз саналатын сақтар мен ғұндар, түркілер туралы сананы сансырататын, шындыққа мүлдем қайшы келетін тұжырымдары «Әттеген-ай, біздің о бастағы тарихымызды тек еуропалықтар ғана бұрмалап

Page 6: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

6

жазған десек, «Аспан асты елі» деп кейбір журналистер аспандата мақтап жүрген көршіміз Қытайдың ғалымдары европалықтардан қалыспай жарыса жазған екен ғой...» деп біздің арғы бабаларымыз туралы тарихи ақиқатты айта алмағанына таңқалдық.

Вын-ди деген қытай патшасының жарлығында түркілер туралы былай деп жазған: «...Жауыз түріктер болса осы екі мемлекетпен де қарым-қатынас орнатты...», «...Жүректері толған арамзалық, өздері қатыгез, заңдары рақымсыз...» («Түріктер жыужәндар», түпнұсқамен салыстыра отырып орыс тілінен аударған, алғы сөзін түзген және құрастырған – Қойшығара Салғараұлы. А., «Санат», 1999 жыл, 25-бет).

Мәселен, «Жыу кітабында» былай деп жазады: «Тумысынан жауыз, аяушылықты білмейді. Жазуды білмейді...» («Түріктер жыужәндар», түпнұсқамен салыстыра отырып орыс тілінен аударған, алғы сөзін түзген және құрастырған – Қойшығара Салғараұлы. А., «Санат», 1999 жыл, 36-бет).

Мұндай пікірдің жаңсақ екенін, сақ дәуірінде де, ғұн дәуірінде де ежелгі сақтар мен ғұндарда жыршы-жыраулар болғанын, домбыра мен қобыздың сүйемелдеуімен би билейтін биші қыздардың болғанын тарих жоққа шығармайды. Ежелгі сақтарда алтын өндіру өндірісі болған. Оған ежелгі сақ дәуірінде «Алтын адамнан» басқа археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған, сапалы алтын қолданылған қару-жарақтар, білезік, сырға, т.б. заттардың табылғаны куә. Сақтардың алтын, күміс, қола өндіру технологиясын жетік меңгергені белгілі. Тасқа қашап жазулар жазуды, тастан адамдардың мүсіндерін жасап өзге мемлекеттерге үлгі болғаны, қайтыс болған

Page 7: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

7

адамның құрметіне қобызбен азалы әуенді орындауы, балбал тастар орнатуы сол дәуірлерде мәдени дәстүрлердің озық үлгісі болып саналған. Алтын өндіруді, тастан, мәрмәрден мүсін жасауды, қайтыс болған адамға азалы әуен орындауды, қобыздан скрипка деп аталатын музыка аспабын сақтардан үйренген еуропалықтар еуроцентризм әдіснамасының жаңсақ тұстарын алып тастауы тиіс. Әйтпесе, бүкіл адамзатты адастыруы мүмкін екенін айтуға болады.

Түркілердің жабайы болып сипатталуына кейбір түркітанушы орыс ғалымдарының көне қытай жазбаларын дұрыс аудармауынан да болып отыр. Қытайдың көне жазба деректемелерін әйгілі шығыстанушы Н.Я.Бичуриннің де орыс тіліне аударғаны белгілі. Қ.Салғараұлы Н.Я.Бичуриннің «Ежелгі замандарда Орта Азияны мекендеген халықтар туралы мәліметтер жиынтығы» атты 3 томдық кітабындағы көне қытай жазба деректемелерін түп-нұсқамен (көне қытай тілінің түпнұсқасы) салыстырғанда Н.Я.Бичурин жіберген қателіктер бар екенін атап көрсетеді. Қойшығара Салғараұлы былай деп жазады: «...Н.Я.Бичурин жіберген қателіктерді қайталауымызға және түрлі себеппен ол аудармай тастап кеткен сөздерді, сөйлемдерді, патша жарлықтарының және белгілі бір мәселе жөніндегі сарай ұлықтарының пікірлерінің тұтас мәтіндерін қалпына келтіруге де жағдай жасалынды.

Айталық, Бичурин түріктің Тобо қағанының Будда дінін таратушы Шамын Хуйлин деген миссионердің айтқанына сүттей ұйып, сол дінді қабылдап, діни кітаптар алдырған тұсын былай аударады: «Тобо поверил ему, и сооружил Галань, отправил посланика испросить у Дома Ци Цизин - мин – нйепханьхуа – цян и другие священие книги».

Page 8: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

8

Ал осы жолдар түпнұсқада, яғни, «Сү» кітабында»: «Тобо бұған сенді және Челән ғибадатханасын тұрғызды.Чи патшалығына арнайы адам жіберіп, «Жин – лин», «Ние – пән», «Хуа–пән» сияқты дін ережелері жазылған кітап-тарды және «Шыну–ыңлүйді» сұратты». Мұнда Бичурин ғибадатхана мен патшалықтың атын басқаша оқумен бірге, төрт кітаптың атын бір-ақ кітаптың аты етіп көрсеткен. Аса көп болмағанмен мұндай қателіктер Бичуринде кездесіп қалып отырады...» («Түріктер жыужәндар», 25-бет).

Еуроцентризм әдіснамасының адамзатқа қауіпті екеніне Еуропадағы соңғы кездерде болып жатқан әр түрлі оқиғалар куә.Жазушы Салман Рушдидің мұсылмандарға қарсы жазған шығармалары, «Мұсылмандардың пәктігі» фильмінің пайда болуы, Мұхаммед Пайғамбарымыздың суретін карикатуралап шығаруы, Құранды өртеуі т.б. мұсылмандарға, мұсылман түркілеріне қарсы жасалған іс- әрекеттер, келеңсіз оқиғалар – осының айғағы.

Белгілі ғалымдар Серік Мақпырұлы, Алма Қыраубай-қызы, Гүлтас Құрманбай «Қазақ әдебиеті» оқулығында арғы бабаларымыздың сауаттылығы мен мәдениеті жайлы былай деп жазады: «Ұлан-байтақ қазақ жері – ең кемінде 3–5 мыңжылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі.Қазақтардың арғы ататегі біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер заманымыздың V ғасырынан былай түркілер атанған.

Сақтар біздің заманымыздан бұрын Моңғолия мен Дунай арасын мекендеген. Сақ сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып – сақ (қыпшақ), т.б. Көшпелі сақтар жайындағы деректер ежелгі грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» кітабында, қытай

Page 9: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

9

шежірелерінде жазылып қалған.Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік

қаласының маңынан табылған Алтын бекзаданың жанындағы күміс тостағанда «Аға, саған бұл – ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» деген жазу бар. Алтын бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VІІ–V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VІІІ ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей...» (А. «Мектеп», 2012, 5-бет).

«Жыу кітабында» ежелгі сақтар туралы «Қартты қадірлемейді...», «Адалдық пен ұяты аз...», «Байырғы сиуңнулар сияқты әдептілік, әділеттілік дегенді білмейді...» деп жазады («Түріктер жыужәндар», 36-бет). Мұны ұлықытайлық тәкаппарлық демей не дейміз?

Белгілі ғалым Ислам Қабышұлы қытай тарихшыларының кейбір ғылыми тұрғыда жазған тұжырымдарының шындық-қа сай келе бермейтінін айтады. Қойшығара Салғараұлы «Қорыта айтқанда, жинаққа енгізілген мақалалардың осындай танымдық жақсы жақтарын айта отырып, сонымен бірге оларды қытай ғалымдары өздерінің таным түйсігі тұрғысынан жазғанын, соған орай кейбір пайымдауларында өз мүдделеріне бұра тартатын тұстарының бар екенін де ескерте кетуді өз міндетіміз деп білеміз. Сондықтан жинаққа кірген мақалалардағы олардың кейбір тұжырымдарына ғылыми тұрғыдан келісе алмайтындығымызды да ашық айта кетпекпіз...» деп жазады («Түріктер жыужәндар», 11-бет).

Көршіміз Қытай мемлекетінің мектептері мен жоғары оқу орындарында ұлан-байтақ Қазақстан жерін «біздің

Page 10: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

10

жеріміз» деп өтілуін Қытай әлі тоқтата қойған жоқ. Сондықтан қытай тарихшыларының өз елінің мүддесіне орай тарихи шындықты бұрмалап жазуы әлем құндылық-тарына бейқам қарағанынан дерек береді.

Туған Отанының тарихын асқақтатып, көне замандарда өмір сүрген бабаларымыздан қалған жәдігерліктерді зерделеп, келер ұрпаққа қызмет ететіндей ғылыми еңбектер жазып жүрген ғалымдарымыз баршылық. Бірақ өз халқының тарихынан мақұрым қалып, қарын қамын ойлап жүрген, өзгелердің жетегінде кетіп, өзге ұлттардың жарқын болашағын күйттеп кеткен ғалымсымақтарымыз да жоқ емес. Ұлт мүддесін төмендетіп, алдымен өзінің қара басының қамын ойлайтын ғалымдар жоғарыдағы қытай ғалымының жазғанын тауып алып оқыса, жерден жеті қоян тапқандай қуанатыны сөзсіз. Ондай ғалымдарға қытай ғалымының жазғаны керемет тарих болып көрінері хақ. Сондықтан қытай тарихшыларының жаңсақ пікірлерін қолдап, қуаттап кететін жартыкеш ғалымдарымыздың әрбір жазған мақаласына дер кезінде қарсылық білдіріп, өз халқының тарихи болмысын бұрмалап жазатын сол «мәңгүрт ғалымдармен» күресті бір минөт те тоқтатпауға тиіспіз.

«Қытай мемлекеті тарихының қалыптасуының ең бір күрделі де қызық оқиғаларға толы кезеңі – оның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы болып саналады. Осы тарихи кезеңде Қытай мемлекеті мен халқы өте ірі тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, мәдениет пен ғылымның тамаша жетістіктеріне қол жеткізді. Адамзат тарихындағы алғаш рет мемлекеттілікті қалыптастырып, оның сипаттарын дү-ниеге келтірген, мемлекеттік құрылымдарды, оны басқару тәсілдерін алғаш рет тәжірибеден өткізе бастаған да осы

Page 11: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

11

ел болатын. Дәл осы ежелгі заманда Қытай өзін қоршаған елдер туралы дәстүрлі өзімшіл өркөкірек саясатын (ерекшелендіріп, астын сызған – мен) қалыптастырды, ал орта ғасырларда Қытай жерінде орын алған аса күрделі, шытырманға толы саяси жағдайларға байланысты қытай-лық дипломатиясына өзгерістер енгізуге мәжбүр болған кезеңді бастан кешірді. Қытайлықтар бұл заманда алғаш рет әлемде Қытайдан да күшті елдер мен халықтардың өмір сүретіндігін мойындап, олармен тең дәрежедегі, тіпті, кейде оларға тәуелділігін білдіретін саясат ұстануға мәжбүр болады. Осындай тарихи-саяси жағдайларға байланысты Қытай дипломатиясының нағыз қитұрқы да астарлы саяси принциптері (ерекшелендіріп, астын сызған – мен) дүниеге келеді...» деп жазды ғалым Нұржамал Алдабек өзінің «Қытай тарихы» деп аталатын оқулығында ( «Қазақ университеті» баспасы, 2007, 3-бет).

Еділ (Аттила) патшаның адамзат тарихындағы рөлі туралы көптеген ғалымдар зерттеу еңбектер жазды. Ал ел ауызындағы аңыз-әңгімелер, қисса-дастандарда Аттила «Аттылы батыр» деген атпен белгілі болды. Бесқаланың ақыны һәм жырауы Өмірзақ Қалбайұлы Еділ (Аттила) патша туралы «Алаңқай батыр» қиссасын жырлады. Ал Бесқаланың Тақтакөпір елді мекенінде жасаған Қосым, Өтім, Құдайберген жыраулардың «Алаңқай батыр» қиссасында Еділдің он екі жасар бала кезіндегі ерлік істері мен тапқырлығы жайында қызықты сюжеттерге құрылған оқиғалар жырланады.

Тарихшы ғалым Самат Өтениязов Еділ (Аттила) патша туралы зерттеу еңбектер жазғандар қатарында француз ғалымы Дегин, онан соң Амедей Тьиерри, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Иностранцев, Бартольд,

Page 12: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

12

Мак Говери, Мэншен-Хэлфэн, Руденко, Томпсон, Толстов, Бернштам екендігін атап көрсетеді. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысына қатысты Гордон, Артамонов, Гумилев, Вернер, Такат, Мандельштам, Серебренников, Сиротенко, Марғұлан, Засецкая, Удальцованың аттарын атайды.

Дегин мен Амедей Тьиерридің «Аттила және оның ізбасарларының тарихы» атты Парижде 1856 жылы жарық көрген кітабы еуроцентризм әдіснамасына соққы болып тигені рас. Еуроцентристер Еділ мен ғұнтанушыларға қарсы мақалалар жазып, олардың тарихи-ғылыми тұжырымдарына қарсы шығып жатты.

Самат Өтениязов Еділ патша мен ғұндарды зерттеушілердің тарихқа орасан зор серпіліс әкеліп, осы саланың одан әрі зерттелуіне қомақты үлес қосқанын, ал бұл зерттеулердің адамзаттың өркендеп даму сатысындағы ерекше құбылыс болғанын атап көрсетеді. С.Өтениязов А.Н.Бернштамның еңбегіне тоқтала келіп былай дейді: «...Ол шын мәнінде аттилатану мен ғұнтану проблемасының ардагеріне айналды. Бірақ оған осынау ғылымның жетістігі бақыт әкелген жоқ, керісінше, «Пантюркист» деп айып-талды және көп ұзамай 1956 жылы бар-жоғы 46 жасында дүниеден өтті...» (С.Өтениязов. «Ғұн дәуірі және Еділ патша», республикалық «Ана тілі» газеті, №9, 2013 жыл).

Самат Өтениязов одан әрі былай деп жазады: «Жер кіндігі Орталық Азиядан шыққан хундар Батысқа қарай жылжығаны туралы алғаш пікір айтқан Дегин болатын. Әрине, Еділ–Жайық өңіріне жеткенше олар Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген талай тайпалармен байланыста болғаны – тарихи шындық. Дегин теориясы бойынша хундардың сонау Азиядан Еуропаға өтуі өте қиын үдеріс болған. Алайда осынша аралықты басып өткен

Page 13: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

13

хундардың бір жыл емес, жүздеген жылдар бойы жалғасқан миграциялық үрдісі түгелдей зерттелмеген еді. Хундардың Орта Азия мен Қазақстанда қалған бөлігі эфталиттер (абдалдар) мемлекетін құрып, әбден күшейген кезде (ІV–V ғасырлар) олар Ауғанстан, Пакистанды түгелдей, ал Иран мен Индияның бір бөлегін жаулап алып отарлаған еді...

Нақтылап айтқанда, ІV–V ғасырларда Батыс хундар Еуропада ат ойнатып жүргенде ортаазиялық хундардың да тасы өрге домалап тұрған. ХХ ғасырдың бірінші шире- гінде көшпелілер проблемасы туралы ғылым біраз дамыған сияқты болды. Бұл мәселемен көбірек айналыс-қан зерттеушілер Н.Савицкий, Н.Толль, М.Ростовцев, т.б. болатын.

ХХ ғасырға дейін Еуропада Хундар тарихы мен проблемаларын зерттеуде екі үлкен орталық, яғни, екі үлкен мектепті айтуға болады. Олар – Француз мектебі мен Неміс мектебі. Әсіресе, француз ғалымдары ХІХ ғасырда көп жетістіктерге жетті. Солардың ішінде ерекше атап өтетініміз – Амедей Тьиерридің екі томдық зерттеуі (1856).

ХХ ғасырда аталған проблемаларды зерттеуге танымал ғалымдар атсалысты және Ағылшын-америка мектебімен қатар Кеңес өкіметі ғалымдары да араласа бастады. Оларды атап айтсақ, ағылшын ғалымдары Мак-Говерн, Томпсон, Американ ғалымдары Хирт, Гордон, Ресей және Кеңес өкіметі ғалымдары Бартольд, Иностранцев, Сосновский, Тревер, Толстов, Мацулевич, Тихонова, Левченко, Артамонов, Киселев, Бернштам, Гумилев, Скржинская, Засецкая, т.б. көп еңбек сіңірді.

Хундар мен Еділ проблемасы көп ғасырлар бойы зерттелсе де, айтыс-тартысы аз болған жоқ. Орталық Азияда, қазіргі Қытай жерінде пайда болған Хун ордасы

Page 14: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

14

түркі мәдениеті мен түрік тілінің қайнар бұлағы болғаны-на көп дау айтылған жоқ. Хундардың түркі тілдес халық болғаны, яғни, VІ ғасырдағы әйгілі Түрік қағанатының және басқа көптеген түркі тайпаларының атасы болғаны ғылымда әлдеқашан дәлелденді. Ал Батыс хундар, яғни, Еуропа хундары сол Азиядағы хундардың бір бөлігі деп дәлелденді.

Осы теорияны дамытқандар – Ресей ғалымы К.А.Иностранцев, Кеңес өкіметі ғалымдары С.В.Киселев, М.И.Артамонов, Л.Р.Кызласов, Н.Я.Мерперт, А.Н.Бернштам, Л.Н.Гумилев, ағылшын ғалымы Мак-Говерн, чех ғалымы Е.Прицак, т.б. Ал осынау ғылыми, нақты тұжырымдарға қарсы шыққандар болды. Олар: америка ғалымы Мэншэн-Хэлфэн және ағылшын ғалымы Э.А.Томпсон сияқты зерттеушілер хундарды Азиядан келмеген, Орал тауы өңірінің автохтонды, яғни, фин-угор тілдес жергілікті тұрғыны деп есептеді.

Ал хундардың адамзат тарихындағы алатын орынына әр түрлі баға берілді. Кейбір А.Н.Бернштам сияқты ғалымдар хундардың Еуропаға келуінің тарихи және прогрессивтік маңызы болғанын дәлелдейді. Әрине, бұған Еуропа ғалымдарының көп бөлігі қарсы болды. Олар Еуропадағы хундар тек жойқын шабуылшы, басқыншы, күйретуші ғана болды деп шындыққа көз жұмып қарады және жазды...» (С.Өтениязов. «Ғұн дәуірі және Еділ патша», респуб-ликалық «Ана тілі» газеті, №9, 2013 жыл).

Еуроцентризм әдіснамасы мен Қытай тарихшы- ларының ұлықытайлық тәкаппарлық көзқарасына қарсы идеологиялық күрес жүргізе отырып, ұлттық идеологиямызды дамытуды бір сәт естен шығармауымыз қажет.

Page 15: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

15

Көкейкесті көзқарасАнар ТӨЛЕУОВА,

Маңғыстау облысыныңТүпқараған ауданындағы

Жалау Мыңбаев орта мектебінің мұғалімі.

ЖАҢА ТЕхНОЛОГИяЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің назарында. Сондықтан қазіргі таңда қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеруге бағытталған шара-лар қолға алынып, жүзеге асырылып та жатыр. Халқымыз-дың рухани көсемі, ғұлама Ахмет Байтұрсынұлының «Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек» деп өсиет қалдырғаны бекерден-бекер болмаса керек. Қазіргі таңда педагогика жаңалықтарын қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Әдебиет – өміртаным құралы. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі – тамырын тереңге жайған төл әдебиетімізді сөз өнері тұрғысынан оқытуды нәтижеге бағытталған білім моделіне сәйкестендіру.

Жалпы оқудың білігі мен дағдысын жан-жақты қалыптастырудың маңызы зор екені белгілі. Оқушы бойында білім негіздерін қалыптастыру үшін оның біліктілігін, дағдысын тұрақтандырып, белгілі арнаға түсірмейінше, нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Мұғалім қанша шебер болғанымен, оқушы бойында білім

Page 16: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

16

меңгеру дағдысы болмаса, еш нәтиже жоқ. Оқушы бойындағы білік пен дағды дегеніміз – оқу мен жазу, қосымша әдебиетті пайдалана алу, мәтінмен арнайы тапсырма бойынша жұмыс істей білу, әдеби, тілдік фактілерге талдау жасай алу, жоспар құру, оған жауап таба алу, түсіндіру барысында сурет немесе сызбаларды, кестелерді жасай алу, тезис құрып, сол бойынша әңгімелей алу, өзіндік пікірі мен бағалауын қосып айта білу, дәлелді сөйлеу. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда қалыптасатын осы білік пен дағдылар басқа пәндерге де негіз болатыны анық.

Оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – туған тілдің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта білу керек.

Осы алдыма қойған мақсатымды жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлемін. Ал сабақтың өзі мазмұны мен құрылымы жағынан аралас, интегралдық семинарлар, диспут, саяхат сабақ, ойын, баспасөз конференциялары, модульдік, концерт сабағы, деңгейлеп оқыту, блок, сахналандырылған, т.б. болып бөлінеді.

Модульдеп оқытуда оқушы білімді өздігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдылармен қаруланады. Ұстаз тарапынан баламен өзара ортақ тіл таба отырып, оқушылық мәдениетті көтеруге ықпал жасау жағы ескеріледі.

Жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөліктерінің бірі – дамыта оқыту. Осы талаптарды орындау үшін, біріншіден, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету. Екіншіден, оқытудың дербес және топтық түрлері

Page 17: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

17

арқылы оқушыға сенім арту, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші. Үшіншіден, жаңа технологияның мақсаты – оқытуды ізгілендіру. Ол оқулықтарға деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Бұрынғы оқулықтар ескірген. Жаңа оқулықтарда оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет. Деңгейлік жұмыс істеуде бала жалықпай-ды. Күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізе отырып, әрбір бала өз бетінше түсінігін айта отырып, өзінің тіл байлығы мен білімін көтереді. Бірлесе отырып айтылған бір нұсқаны таңдап алудағы мақсат – бала бойындағы дарын-ның оянуына жол беру: ол – белгіліден белгісізге, яғни, жаңа ұғымдарды игеру бала белсенділігі арқылы айқындала түсе-ді. Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, бі-лім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қа-рай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқы-лы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топ-тап оқытудың нәтижелі болғандығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне көзім анық жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін: білімі толық, беске оқитындар – үздік топ, екінші топ – «төрттіктер», үшінші топ – «үштіктер».

«5» бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулықпен қатар қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі керек, ал «төрттіктер» газет, жұрнал материалдарымен өз білімін ұштастырып отырып, оқулықпен сабақтастыруы – шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді.

Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғары топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады.

Page 18: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

18

Шәкірттердің пәнге деген қызығушылығын ояту үшін сабағымның әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізуге тырысамын. Ұтымды әдістер қолдану арқылы ғана оқушының білімге деген ынтасын ұштауға болады.

Оқушы – белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес ойланып, өз көзқарасын дәлелдей алуы керек. Әр оқушының еркін ойлауына, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Айталық, «Атаулар көмегімен болжау жасау», «Елеспен жетелеу» стратегиялары оқушының ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдаланып жүрмін. Қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті оқытуға баулу оңай іс емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге «Жигсо» әдісі көп көмегін тигізді. Оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін сурет те салады, сахналық көріністер де қояды, сабақтың осы кезеңі оқушыларды бей-жай қалдырмайды.

Оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою үшін Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар қарапайымнан терең ойлауға дейін жалғасады. Мұндағы мақсат – оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға дейін жеткізу. Топтық тапсырмалар ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға, шығармашылық жұмысқа, тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.

Сабақта жаңашыл тәсілдерді қолдану арқылы жеткен нәтижелерім мынадай: оқушының білім деңгейі түсінуден басталады, алған білімін қолданып, қорытындылауға дейін жоғарылайды. Қабылданған жаңа ақпаратты саралап, мәселені өзі шеше алуға мүмкіндігі болады.

Әдебиет сабағында оқушының тілдік компоненттілігін

Page 19: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

19

қалыптастыру мақсатында жиі қолданып жүрген «Оқырман семинары» тәсілі бойынша сызба түрінде талдау жасадым. Сабақта көркем шығарма мынадай топтардың көмегімен меңгертіліп жүзеге асады:

1. Сұрақ қоюшылар. Блумның сұрақ қою өлшемі бойынша қарапайым сұрақтан шығармашылық сұрақтарға дейін қамтылады. Оқушы өз бетімен шығармашылық қабілетін дамытады.

2. Сөз тапқыштар. Алдынан шыққан сұрақтарға нақты, дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденеді, дағдыланады.

3. Сілтемешілер. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасайды, айшықты, бейнелі тіркестерді анықтап жазады.

4. Жазушылар. Поэзиялық шығарма болған жағдайда оны прозаға айналдырып жазады, мәтін бойынша жоспар құрады, сабақ барысындағы ерекше сәттерге сараптама жасайды.

5. Суретшілер. Мәтін кейіпкерлерінен, белгілі бір эпизодтарынан сурет салады.

6. Кейіпкерлерді сөзбен суреттеушілер. Кейіпкердің, оқиғаның суретін сөзбен салады.

Оқушыларды іздендіру үшін сұрақ қоя білуде оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы, білім мен біліктілігі қалыптасады. Сонымен қатар жоспарлы түрде жұмыс істеуге машықтану үшін мәтін бойынша жоспар құру әдетін қолдануға болады. Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша тұжырымдама жасап, әрбір оқиғаға ат қойып, өзіндік ізденуі мен білім дағдысын берік қалыптастырады. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, поэзиялық шығармаларды прозаға айналдыру тәсілдері де оқушының жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді. Бұл әдіс-тәсілдердің барлығы – әдебиет сабағында қамтылатын мәселелер.

Page 20: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

20

Мұғалімнің рухани зияткерлік шығармашылық деңгейі жоғары болса, ол мұғалім оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына жол таба біледі.

Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топы-рақтан дариды. Тіршілік ортасы – оның ажырамас бөлігі. Оқушы күш-қуатты да, шабыт, дарынды да сол ортадан алады. Олай болса, атамекен, туған жеріне, туған тіліне деген зор сүйіспеншілікке толы салтымызды жандандырып, оны келешекке ұрпаққа мейлінше терең сіңіруіміз қажет.

Әлия БАКИЕВА, Фарида БАЙБАТАНОВА,

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік

техникалық университетінің оқытушылары.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕхНОЛОГИяНЫ

ПАЙДАЛАНУ

Ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер, оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді. “Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” деп Елбасымыз атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Page 21: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

21

Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Қазір кез келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне қарқынды түрде енгізу бағытында қолданылатын құралдардың бірі – бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын интерактивті тақтаны тиімді пайдалану арқылы берілетін білімнің сапасын арттыруға болатынына көз жетіп отыр.

Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, тиімді оқыта білу үшін әр ұстаз өз пәніне сүйіспеншілікпен қарап, ерінбей еңбек етіп, қазіргі заман талабына сәйкес компьютер тілін білуі қажет. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Компьютер қоғамның барлық саласын толық қамтып, әр адамның өміріндегі қажетті құралға айналды. Бүгінгі таңда сабақ өткізу барысында компьютерді пайдаланбайтын пән жоқ. Басқа пәндер сияқты қазақ тілі сабағында да компьютерді пайдалануға толық мүмкіндік бар. Компьютерді қолдана отырып білім беру қазақ тілі пәнінің оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Пәнді үйренудің әдістемесі әлі қалыптасу үстінде, өйткені ағылшын тілін үйрену әдістемесінің екі жүз жылдық, орыс тілін үйретудің жетпіс-сексен жылдық тарихы бар. Пәнді компьютер арқылы оқыту үшін бізге көп ізденіс керек. Компьютер арқылы оқытуда оқытушының рөлі ерекше, өйткені ол студенттерге қажетті білім береді, сол білімнің көмегімен студент өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде компьютерді пайдалана отырып, өзін-өзі дамыта алады. Бірақ компьютер оқытушыны толық алмастыра алмайды, себебі ол оқу үрдісінің орталық тұлғасы бола тұра, студентке тек бағыттаушы ретінде әсер етеді, оқу материалын дайындайды, көмек беру деңгейін анықтайды.

Page 22: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

22

Компьютер тек қана ақпарат беретін құрылғы ретінде қызмет атқарып қоймайды, оның көмегімен бізге ақпаратты енгізуге, жүйелеуге, сақтауға және беруге болады. [Г.Жақыпова. Қазақ тілін компьютер арқылы оқытудың психологиялық жай-күйі // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2004, №5, 18-б.].

Ақпараттық технология тек жеке даралықты қарастырмайды, ол бірдей жастағы балалардың ортақ қасиеттерін жүйелей, жинақтай отырып оқу ақпаратын меңгерудің ортақ жақтарын да қарастырады. Себебі әр тіл үйренушінің материалды меңгеру деңгейлері әр түрлі, бірақ меңгеру талаптары барлығына ортақ болуы тиіс. Сондықтан да ақпараттық технологияны меңгерудің сатылап жүру кезеңдерінде тұлғалық бағдарлау, модульдік оқыту, даралық және топтық оқыту әдіс-тәсілдерін интеграциялық түрде қолданудың маңызы зор.

Ақпараттық технологияны қазіргі заман талабына сай пайдалану мүмкіндігі мен тиімділігі білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетті дамытуға мүмкіндік береді.

Оқытушылар үшін тиімділігі мынадай: а) студенттің өз бетімен жұмысына; ә) уақытын үнемдеуге; б) білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде.

Ақпараттық технологияны пайдаланудың мүмкіндігі.Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші

ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпараттар жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастайды.

Ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі:а) қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің болуы; ә)

қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; б) экономикалық тиімділігі (бару, келу, т.с.с. материалдық

Page 23: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

23

шығынды қажет етпеуі); в) білім сапасына әсері зор.Компьютерді қолдану негізінде пәнді оқыту сапасын

арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде жүзеге асады. Компьютер оқытушыға техникалық және технологиялық жағынан көмек беріп, тіл үйренушімен байланысын өзара жақындастыратындай жолдармен жүргізуге мүмкіндік береді, яғни, компьютер тіл үйренуші-нің қателігіне оперативті реакция көрсете отырып, оның білімін бағалау қызметінің көп бөлігін өзіне алады. Барлық көрсетілген қателер есепке алынады. Сондай-ақ білімді бағалау көрсеткіштері нақты, дәл болады. Оқытушы үшін компьютердің бұл жерде қызметі, маңызы ерекше екені сөзсіз. Компьютер тіл үйренушінің өз ырғағында, өз екпінінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ал оқытушы топтағы оқушылардың материалды меңгеру деңгейін көріп, бағалап, әрбір тіл үйренушімен оның қабілетіне қарай жеке жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң студент тест, бақылау жұмыстары арқылы өз білімдерін бекітеді, яғни, студент өз білімін өзі тексере алады. Бұдан соң студенттің өзінің өз бетінше оқуға қызығуы артады, өз білімін көтеруге тырысады. [К.Тілегенова. Орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқытуда компьютердің алатын орыны \\ Мемлекеттік тілді қолдану іс жүзінде – Государственный язык в действиии.183-б.].

Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады. Бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Әр түрлі бағдарламалардың көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді. Студенттің сабақ барысында алған білімін бағдарлама тікелей тексеріп, оқу үдерісі барынша екі жақты жүреді. Бұл студенттердің өз бетінше жұмыс істеу

Page 24: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

24

дағдысын және олардың танымдық белсенділігін арттырады, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастырады. Компьютерді қолданудың психологиялық тұрғыда тиімділігі: олар студенттердің есту, көру, сөйлеу, түрлі ойындар ойнау, суреттер салуына септігін тигізеді.

Тестік жүйе арқылы студенттің білімін объективті тексеріп отыруға болады. Тестік жүйе білім сапасын арттырудың бір жолы десе де болады. Үздіксіз, әр тарауды біткен соң тест арқылы студент білімін тексеріп отырамын. Студент оқытушының үнемі назарында екенін сезінеді. [С.Байтасова. Компьютерлік технология әдістерін практикалық сабақта қолдану\\ ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1 (91), 2006, 87-б.].

Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Компьютер арқылы электрондық оқулықты орыс бөлімдерінде қазақ тілін оқыту үрдісінде жандандырып, сапасын арттыра түседі. Сондықтан сабақта электрондық оқулықтарды қолдану арқылы монологтық айтылым, сұхбаттық айтылым, тыңдап түсіну, оқылым, жазылым сияқты айтылымның барлық түрін қамтитын жұмыстарды жүргізуге болады. Сонда тіл үйренуші өтілген материалдар негізінде белгілі бір лексикалық минимум көлемінде әңгіме жүргізе алуға және толыққанды хабар жасай ала білуге үйренуі қажет.

Электрондық оқулықтардың тиімділігі мынада: студент арнайы бағдарламамен жұмыс істейді; студенттің білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады; иллюстрациялық әдіс көп қолданылады; ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады; берілген тапсырмаға деген қызығушылығын арттырады.

Page 25: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

25

Электрондық оқулықты университетте қолдану – студенттердің жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, жан-жақты ақпараттандыруға мүмкіндік береді. [Г.Рысбаева. «Электрондық оқулықтардың қажеттілігі» //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, 2004, №12, 28-б.].

А.Омарова «Қазақ тілін оқытуда мультимедиа технологиясын қолдану» атты мақаласында тіл үйренушінің компьютерлік әдістемелік қызметін былай айқындап көрсетеді: «1. Көмекші қызметі: қатысымдық – чат арқылы тілдесуге болады: ұйымдастырушылық-қызықтырушылық – қазіргі уақытта компьютер адамдарды қатты қызықтырады, осының өзі жағымды фактор болып саналады. 2. Негізгі қызметі: ақпарат берушілік – компьютердің ең тиімді жағы ақпаратты сақтауға және оны өңдеуге мүмкіндік беруі, сондықтан компьютер тіл үйренуде ақпараттық жүйе ретінде пайдаланылады; жаттықтырушы – компьютер арқылы тіл үйренуде студенттің тілдік материалдарды жаттап алуы үшін бірнеше рет қайталауына мүмкіндік болады; бақылаушылық-түзету – ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарын тексеруге, тексерудің шынайы болуына, оқытушының бақылау жұмысын тексеруге уақытын бөлмеуге, бақылау жұмысының қорытындысын жасауға тиімді» [Қазақ тілін оқытуда мультимедиа технологиясын қолдану \\ ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1 (91), 2006, 117-б.].

Ұстаз ұтымды әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегін кеңейтеді. Оқушы бірте-бірте ұстаз дәрісін жалыға тыңдаушыдан белсенді ойлаушы, ізденімпаз шәкіртке айналады. Олай болса, білім беру жүйесін ақпараттандыру жастардың танымдық, шығармашылық, саралау, талдау, жүйелей білу

Page 26: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

26

сияқты қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін адам дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын зияткерлік дамуды қалыптастырудың аса маңызды да тиімді жолы екені белгілі.

РезюмеВ данной статье рассматривается использование

информационной технологии на уроках казахского языка.Resume

This article discusses the use of information technology in the classroom of the Kazakh language.

Әлия НИЕТАЛИНА,Бекежан Сүлейменов атындағы

орта мектептің мұғалімі.Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы.

ОҚУШЫ БІЛІМІН БАҒАЛАУ

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау педагогикалық үрдістің маңызды кезеңіне жатады. Оқыту нәтижелері шартты түрде баға арқылы көрініс табады. Баға – оқушы білімінің жемісі. Бағалану арқылы оқушының оқу-тәрбие алу әрекетінің деңгейі анықталады. Оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын тексере отырып, мұғалім оларды бағалайды. «Өте жақсы» деген бағамен оқушы оқу материалын терең оқып түсінсе және сұрақтарға жүйелі,

Page 27: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

27

толық жауап қайтарса, егер практикалық тапсырмалар нормативі құжаттарда көрсетілген уақытында дұрыс, тез орындалса бағаланады. «Жақсы» деген бағамен оқушы материалды берік меңгерсе, сұрақтарға жетекші сұрақтарсыз жауап бере алса, проблема бойынша әдебиеттерді талдай алса, практикалық тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда бағаланады. «Қанағаттанарлық» деген баға негізгі материалды меңгерген жағдайда, қойылған сұрақтарға толық жауап қайтара алмаса, практикалық тапсырмаларды орындау жұмысының сапасына онша әсер етпейтін кейбір қателер жіберсе қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға оқушыға қойылған сұраққа дұрыс жауап бермесе, практикалық тасырмаларды орындай алмаса қойылады.

Бағалау тек баға қоюмен ғана шектелмейді. Мұғалімнің ауызекі пікірінен және баға қоюдан тұрады. Оқушы білімін бағалау сабақтың соңғы кезеңінде жүзеге асады. Оқушыдан үй тапсырмасы бойынша сұралса да оны бағалауға асықпаған жөн. 45 минут ішінде оқытудың әр түрлі формалары, әдіс-тәсілдері жүзеге асырылады. Осы ретте оқушы – негізгі әрекет иесі. Бағдарлама материалын толық меңгерген, тапсырманы қатесіз орындаған оқушы-ны уақытында «өте жақсы» деп бағалау – мұғалімнің құзырында. Ал сабаққа дайын емес оқушыға «екілікті» қоя салу да жақсы педагогикалық тәсіл емес. Ондай оқушыға сабақтың аяғына дейін деңгейіне сай тапсырмалар беріп, жауап алудың түрлі әдістерін қолдану керек. Рас, қазірде сабаққа даярлықсыз келетін оқушыларды тәжірибеде кө- ріп отырмыз. «Қазіргі оқушы оқымайды, білмейді» дегеннен іс тындыра алмаймыз. Қалайда сол оқушыны білдіру, алға жетелеу, онымен үздіксіз жұмыс жүргізу

Page 28: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

28

– міндетіміз. Өзінің педагогикалық тәжірибесінде В.А.Сухомлинский ешқашан да қанағаттанғысыз баға қоймаған екен. Ол өз сөзінде «Екі» мен «бір» бағалары – өте үшкір де жіңішке құрал. Ақылды, тәжірибелі мұғалімде ол үнемі қоймада сақтаулы тұруы керек. Тәрбиенің педагогикалық құндылығының маңызы да осында, яғни, бала ешқашан да өз күшіне сенімін жоғалтпауы тиіс. Біреулер қуанып, екінші біреулер қайғыратын жерде нағыз педагогикаға орын жоқ» дейді.

Педагогиканың негізгі талабы: бағалау объективті болуы тиіс. Бағаны көтеріп қою немесе төмендету оның ынталандырушы қызметінің төмендеуіне әкеледі, адамгершілікті тәрбиеге зиянын тигізіп, оқушылар ұжымында да, оқушы мен мұғалім арасында да кикілжің тудырады. Қойылатын бағалардың объективтілігі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Тәжірибелі мұғалімдер сұраудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады, бағалау кезінде олар түрлі факторларды ескере алады. Дәстүрлі педагогикада бағалауға мұғалімнің көңіл күйі, кейбір оқушыларға өзінің жеке қатынасы, оқушы туралы әр түрлі пікірлер әсер етпеуі тиіс деп есептеледі.

Қазіргі кездегі бағалау жүйесінде кемшіліктер бар. Бағалаудың бес балдық шкаласы төрт балдыққа, ал тоқсандық, жылдық және емтихандық бағаларды қою кезінде үш балдыққа айналған. Оған мұғалімнің тоқсан соңында қоятын «нақты» және «нақты емес» бағалары, өзіндік үй тапсырмасының орындалуы және оған баға қою кезінде туындайтын қиындықтар туралы мәселе, оқушы мен мұғалім ара қатынасынан кездейсоқ бағалардың қойылуы, тоқсан соңындағы бағалардың түзетілуі және

Page 29: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

29

т.б. жатады. Кейде баға оқушыны қанағаттандырмауы мүмкін, сондай кезде мұғалімнің сөзі, жауапқа лайықты пікірі ауадай қажет. Түсінікті бағаға оқушы қанағаттана-ды, балада бағалау туралы сенімді көзқарас қалыптасады. Мысалы, екі оқушы жұмысты бірдей орындап, екі түрлі баға алуы мүмкін. Мұндайда мұғалім екі оқушының іскерлік дағдысындағы айырмашылықты ұғындыруы керек. Сонда ғана оқушы өз жұмысына өзі баға бере алады, яғни, оқушыға баға маңызын түсіну керектігін, өзін-өзі бағалау білімі қажет екенін ұғындырып отыру керек. Көпшілік сабақтарға тән жағдай: мұғалімдер бағалау кезеңіне үлгере алмай қалып жатады. Бағалау кезеңіне үлгерген жағдайда да баға көрсеткіштерін атап қана шығады, мұның өзі де көп жағдайда асығыс болып жатады. Баға бағалаудан келіп шығатын шындық екендігін ескерсек, оқушы білігін бағалаудағы салғырттық мұғалім жауапкершілігінің төмендігін байқатады. Оқушы білігіне сай әділ бағалануға құқылы. Жақсы баға оқушы рухын көтеріп, оның оқуға ынтасын арттырады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың көп жақтары да осы мәселе төңірегінде шешіледі. Оқушы білімін бақылауда мұғалім ұшқары, жеңіл ойға ұрынбай, әрбір жауапты ой таразысына салып, имандылық танытқаны жөн. Оқушылар күн сайын мектепке баға алу үшін, жора-жолдастарының, мұғалімнің алдында білік-дағдыларын көрсету үшін, үйрену үшін келеді. Бағаның сұралған балаға ғана емес, бүкіл сынып оқушыларына қатысы бар. Оқушы жауабының сапалық, кемшілік жағы қысқаша айтылып, баға жарияланып қойылуы керек. Бұл әдіс бойынша екі түрлі мақсат іске асады. Біріншіден, қойылған бағаның дәлдігі мен әділдігі дәлелденеді, екіншіден,

Page 30: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

30

мұғалімнің ескертпесі бойынша оқушы олқы білетін материалын келешекте қайталап, жете білуіне нақты тапсырма алғандай жауапкершілікті сезінеді. Мұғалім оқушының жауабын сараптай келіп, оның сабаққа деген ынта-ықыласын есепке алады да, былайша бағалауы мүмкін: «Бүгін Айбар өткендегіден тәуір жауап берді. Көп әзірленгендігі байқалып тұр. Әйтсе де жауабында олқылық байқалады, соған қарамастан оған «төрт» деген баға қоюға болады».

Сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы сыпайы, ынтымақтастық қатынас оқу жетістігінің дамуына әсерін тигізеді. Мұғалім сабақ сұрау барысында оқу материалын жүйелі, жақсы жеткізіп тұрған оқушыны демеп, «Дұрыс», «Өте дұрыс», «Тамаша» деп мақұлдау көрсетіп немесе оқушы тапсырманы ауызша, жазбаша орындау барысында қателіктер жібергенде және ұқсас формаларды ажырата алмай тұрған жағдайда «Солай ма?», «Септік жалғауы мен шылауды шатыстырып тұрған сияқтысың» деп оқушыға қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік беріп отыру керек. Осындай тиімді әдіске жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Бағалау жүйесінің өз міндетінен ауытқып кететін тұстары да кездесіп жатады. Тәжірибеде көріп жүргендей, оқушы білімін бағалауда мұғалімдер тарапынан «Жарайды, отыр», «бес», «төрт», «үш» дей салушылық басым. Бұл әдістен бағаның білімділік, тәрбиелік мәні ашылмайды.

Қазіргі білім беру жүйесінде сабақтың көп түрлілігіне жол ашылып, оқытудың озық технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдер оқыту жүйесіне енді. Оқытудың формасы өзгерді. Дәстүрден тыс сабақтар өмірге келді. Оқушы сабақта негізгі әрекет етуші нысанға айналды. Оқу үрдісін қайта реформалау кезеңінде

Page 31: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

31

бұрынғыша 3-4 бағамен шектеліп қалуға болмайды. Қазіргі талап тұрғысында 7-8 оқушы немесе сыныптың жартысын да бағалауға мүмкіндік мол. Әрине, бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бір аптада 18 сабақ өткізетін мұғалім шамамен 80-90 баға қояды, бұл деген 3, 4, 5-терді жұрналға қатарластырып қоя беру емес, мәселе бағалардың қашанда объективті әрі әсерлі болуында. Баға негізінен үш қызметті атқарады: тексерушілік, үйретушілік, тәрбиелік. Баға оқушылар үшін оқу әрекетінің негізгі мотиві болғандықтан мұғалімдер бағаны тәрбиелік мақсатта жұмсайды. Оқушы өзінің күш-жігер жұмсау деңгейіне сай баға алуы тиіс.

Оқушы білімін бағалау үрдісінде оның білім, білік, дағдыларды игеру үрдісіндегі психикалық дамуына, жеке тұлғалық білімінің қалыптасуындағы жетістіктеріне үнемі көңіл бөлініп отыру қажет. Мұндайда бағалаудың әр түрлі рейтингтік тәсілдерін тәжірибеде қолдану керек. Рейтингтік тәсілдің ерекшелігі – оқу жетістіктері бойынша оқушының алатын рангын (орынын) анықтау. Аталмыш тәсілдің мақсаты – тоқсан және оқу жылы бойынша оқушы жұмысын ескере отырып, бағаны объективті қою. Әр пән мұғалімі жеке жұрналына сынып оқушыларының жыл бойғы білім-білік дағдыларының көрсеткішін, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, зияткерлік сайыстарға қатысу және сабақтағы белсенділігі, оқу тапсырмасын уақытында орындауы, тапсырманы орындаудағы шығармашылық әрекеті, баяндама жасау, реферат жазу, тағы басқа мүмкіндіктерін ескеріп бағалап отырады. Бағалаудың осы жүйесі күнделікті сабақ әрекетінде ескеріліп отыруы керек.

Page 32: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

32

Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдісИндира БЕКЕНОВА,

Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің мұғалімі.

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,

Аралбай ауылы.

СИНОНИМДЕР (5-сынып)

Сабақтың мақсаты: синоним сөзінің шығу төркіні, зерттелуі және ең негізгісі – оның анықтамасын жүйелі талдап, санаға сіңіру. Міндеттері: білімділік – мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру; дамытушылық – оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін, сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру; тәрбиелік – сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, бауырластық рухында тәрбиелеу.

Түрі: жаңа материалды меңгерту. Әдісі: проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ-жауап, диалог, ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, ойын түрлері. Көрнекілігі: интерактивті тақта, Activote құрылғылары, слайдтар, синоним сөздерге арналған сызба, синонимдер сөздігі, графикалық диктант.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру. а) Оқушылармен сәлемдесу, топқа

бөлу (қима қағаздардан сурет құрастыру арқылы), сабаққа

Page 33: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

33

бейімдеу. ә) Оқушылар зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару:

«Өнер алды – қызыл тіл»,Анаңдай оны құрметте!Қажымай, талмай үйрен, біл,Асылын сөздің өрнекте. Ана тіл – асыл қазына, Байлығың – білсең, ол сенің. Жеткізер өмір жазына, Сонымен өсер өркенің.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтарда өтілген

«Омонимдер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты қалай меңгергендерін сұрап білемін. «Лексика» бөлімінде өткен тақырыптарға қосымша шолу жасау.

Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту сатысы. Ой қозғау.- Мағыналары мәндес, яғни, бір-біріне жақын

сөздерді білесіңдер ме?Оқушылардың келтірген мысалдарын «Идеялар

тақтасына» жазамыз.Қастерлі, күту, тез арада, мұғалім, жуықта, қадірлі,

тоқтау, ұстаз, кідіру, таяуда, оқытушы, құрметті, аялдау, жақында, тәрбиеші, қадірменді.

1. Зат есім 2. Сын есім 3. Етістік 4. ҮстеуКім? Қандай? Не істеу? Қашан?мұғалім қастерлі күту тез арадатәрбиеші қадірлі аялдау жуықтаоқытушы құрметті кідіру таяудаұстаз қадірменді тоқтау жақындаӘр бағандағы сөздерге сұрақ қойып, бір-бірімен мағы-

насы және жазылуы жағынан салыстырдық. Синонимдер-

Page 34: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

34

дің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығарып, кітаптағы ережемен салыстырдық.

Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады: 1) сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек; 2) сөздер бір ғана ұғымды білдіреді; 3) сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.

Енді сол айтылған қорытындыны мына мысалдар арқылы дәлелдеу керек:

1. Абырой да, бақ та, атақ та, даңқ та, жеңіс те – бәрі осы егісте.

2. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала – өжет, тапқыр, шешен әрі ақылды кейіпкер.

3. Ата-анамыз бізді жан аямай бағады, өсіреді, тәрбиелейді.

Келтірілген мысалдар арқылы синонимдердің бір сөз табынан ғана болатынын түсіндіріп, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратынына көз жеткізіледі.

Мағынаны ажырату. Әр топтың оқушыларына тапсырма беріледі. 1-тапсырма. Берілген сөздерді синонимдік қатарлармен

толықтыру.1-топқа. Туысқан /туыс, тума, ағайын, туған-туыс,

жекжат-жұрағат, т.б./ 2-топқа. Данышпан /ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар,

оқымысты, данагөй, т.б./3-топқа. Қаймығу /қорқу, жасқану, сескену, айбыну, т.б./2-тапсырма. Ұжымдық талқылау.Мәтінмен жұмыс. Қазақ тілі сабағында қазақстандық

патриотизмге тәрбиелеудің сабақтастығын көрсету мақсатында «Мемлекеттік рәміздер» мәтіні алынып отыр.

Page 35: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

35

Оқушы мәтіннен асты сызылған сөздерді оқып, синоним екенін дәлелдеп айтуы тиіс.

Мемлекеттік рәміздерҚазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы

кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғы- лалы Күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейне-ленген тікбұрышты көгілдір түсті мата.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Синоним сөздер: тәуелсіз – егеменді; ту – байрақ; заман – кезең, уақыт, дәуір; ғұмыр – өмір.

3-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, жауаптарына синонимдік қатар айтқызу (мамандықпен байланыс).

Суретпен жұмыс. Оқушыларға суреттер көрсетіледі, сол суреттер бойынша диалог құру керек. Диалог ішінде синоним сөздер болуы тиіс.

1-топ. Қой бағып тұрған кісінің суреті көрсетіледі де, оның кім екені сұралады. Оқушылар қойшы, бақташы, шопан деп жауап береді де, ол сөздердің өзара синонимдес екенін түсінеді.

- Қойлар қайда жайылып жүр?- Өрісте, жайылымда немесе тауда, беткейде,

қырда, жотада, белде деп жауап береді.2-топ. Дәрігердің суреті көрсетіледі. - Бұл кім?- Дәрігер, емдеуші, ақ халатты абзал жан, т.б.- Ол кімді емдейді?

Page 36: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

36

- Ол ауру адамды, дімкәс адамды, науқастарды, сырқат, дертті адамдарды емдейді.

Дәл осы жұмыс оқушылардың ойлануына, білгенін есте сақтауына көмектеседі.

3-топ. Мұғалім суреті көрсетіледі.- Ал мына суретте кім бейнеленген? - Бұл суретте мұғалім, ұстаз, оқытушы, педагог

бейнеленген.- Ол кімдерді оқытады?- Оқушыларды, шәкірттерді, т.б. оқытады.4-тапсырма. Графикалық диктант. Синоним сөздердің

екі сыңарын табу. адамбайлық әлемәуелі мықты күшті жаһан алдымен қазына пенде 5-тапсырма. Тест жұмысы. 1. Синоним дегеніміз – А) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер; Ә) қарама-қарсы сөздер;Б) жазылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жуық сөздер.2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.А) мықты; Ә) атақ; Б) дәулет.3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары

қай сөз табына жатады?А) сын есім; Ә) зат есім; Б) үстеу.4. «Адам» сөзінің синонимін тап.А) шәкірт; Ә) дос; Б) кісі.5. Синонимдік қатардың дұрысын тап. А) күлу, сықылықтау, жылау;

Page 37: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

37

Ә) зат, мүлік, нәрсе, бұйым;Б) көне, жаңа, ескі.Бұл тапсырманы оқушылар тест түрінде орындап, жұп-

жұбымен тексеріп, бір-біріне баға қояды. Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма (жеке

жұмыс).«Кім болам?» тақырыбында шағын шығарма жазайық.

Шығарма жазған кезде синоним сөздерді пайдаланыңдар. Шығарма 5-6 сөйлемнен тұратын болсын.

Кейбір оқушылардың жазған шығармаларын оқимын. Қандай синоним сөздерді пайдаланғанын сұраймын.

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма (жеке оқушылармен жұмыс).

Оқушыларға зат есімнен болған синонимдер тобымен сөз тіркесін құрау ұсынылады.

ажары дидары түсіАдамның реңі Малдың келбеті түріБекіту. ВЕНН диаграммасы.

Омонимдер Өзіне тән белгілері: 1) айтылуы бірдей, мағыналары бөлек сөздер; 2) әр сөз табынан болады, соған орай атқаратын қызметтері де бөлек болады.

Синонимдер Өзіне тән белгілері: 1) айтылуы бөлек, мағына-лары жақын сөздер; 2) бір сөз табына қатысты болып, бір ғана сөйлем мүше-сінің қызметін атқарады.

Ортақ қасиеттері: 1) тіліміздегі сөз-дердің қолданылу аясының кең екенін көрсетеді; 2) сөз байлығын көрсетеді; 3) көркем әдебиетте, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең жолдарында көркемдік әдіс ретінде жұмсалады.

Page 38: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

38

Рефлексия. - Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?- Қандай әсер алдыңдар?- Өз әсерлеріңді мына жұлдызшалар арқылы білдіріңдер. Егер сабақ ұнаса, қызыл жұлдызды аспан әлеміне

іліңдер. Егер сәл түсінбеген жерлерің болса, сары жұлдыз іліңдер. Егер сабақ мүлдем ұнамаса, күлгін түсті жұлдызды таңдаңдар.

Оқушыны психологиялық тұрғыдан бағалау.

№ Оқушының аты-жөні

Ой өркендету

Қиялын дамыту

Есте сақтау қабілеті

1 «5» «4» «3

Үй тапсырмасы. Оқушылардың таңдаған мамаңдық-тары бойынша синоним сөздерді қатыстыра отырып, шағын мәтін құрастыру. 84-жаттығу.

Гүлжан САДЫҚОВА,Шәкір Жексенбаев атындағы

ОЖББМБ мұғалімі.Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей Ордасы ауданы,«Ұялы» ауылы.

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

(8-сынып)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы түсінігін қалыптастыру. Міндеттері: а) құрмалас сөйлемнің анықтамасын нақты

Page 39: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

39

мысалдар арқылы өздеріне тапқызып, оның ерекшеліктерін білу, тіл ұстартудағы мән-маңызына тоқталу; ә) құрмалас сөйлемнің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу, дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру; б) оқушыларды ойын ауызша, жазбаша түрде жеткізе білуге төселдіру, сауаттылыққа үйрету.

Түрі: жаңа білімді меңгерту. Әдісі: СТО стратегиялары, талдау, салыстыру, іздендіру. Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, халықтық педагогика.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру. «Сәлемдесу» тренингі. Үй тапсырмасы. Семантикалық карта.

Мысалдар

жақ

ты

жақ

сыз

жал

аң

жай

ылм

а

толы

мды

толы

мсы

з

атау

лы

Мен ерте келдім. +Баланы жаман үйретпеу керек. +

Сыныптастар жи-налды. +

Мәди қатты жүгірді. +Біз балалық бал дәуренді сағынышпен еске аламыз.

+

- Әсел, қашан келесің?- Ертең. +

Орман. Қараңғы. +

1-топ: «Салалас» тобы. 2-топ: «Сабақтас» тобы. 3-топ: «Аралас» тобы.

Жаңа сабақ. Ой қозғау кезеңі.- Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Адам өз ойын жеткізу

үшін құрмалас сөйлемнің түрлерін қолданады екен.

Page 40: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

40

- Адам өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Құрмалас сөйлем және оның түрлері.

Бүгінгі сабақта нені біліп, нені үйренуіміз керек?1. Құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері;2. Құрмалас сөйлемнің ережесі;3. Құрмаластың түрлері;4. Баяндауыштарының жасалу жолдары;5. Сөйлемдерге талдау жұмыстарын жүргізе білу.

Жай сөйлем Құрмалас сөйлем1. Қыс ызғары қатты.Көктем лебі сезіледі.Жер бусана бастаған. 2. Алуа төгілтіп шешен сөйлеген еді.Мадияр оған жаңа көргендей таңдана қарады.

1. Қыс ызғары қатты, деген-мен көктем лебі сезіліп, жер бусана бастаған.2. Алуа төгілтіп, шешен сөйлеген еді,Мадияр оған жаңа көргендей, таңдана қарады.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмаластың түрлері:

Салалас құрмалас Сабақтас құрмалас Аралас құрмалас1. Көктем шыға ауыл ерекше күйге бөленеді, бала-шағаға дейін шаруаның қамына кіріседі.2. Ол біресе күледі, біресе ызаланып жылайды.

Көктем шыға ауыл ерекше күйге бөленіп, бала-шағаға дейін шаруаның қамына кіріседі.

Көктем шыға ауыл ерекше күйге бөленіп, бала-шағаға дейін шаруаның қамына кіріседі, кешегі жас бала кәдімгідей көмекшіге айналады.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баян-дауыштары тиянақты болып келіп, бір-біріне тәуелсіз тең дәрежеде байланы-сады.

Алдыңғы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, кейінгі сөйлемге бағына байланы-сады.

Құрамындағы жай сөйлемдер салала-са да, сабақтаса да байланысады.

Page 41: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

41

1. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады.2. Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

Бағыныңқысының баяндауышының негізгі жасалу жол-дары:Шартты рай: -са, -се; Көсемше : -а,-е, -й; -ып, іп, -п; ғалы, -гелі, -қалы, -келі;Есімше: -ған, -ген, -қан, кен, +дықтан, -діктен, -мен, ша, -ше, -да, -де;Болымсыз етістік: -ма, -ме, -па,-пе, -ба, -бе,+й; -йынша, -йінше, -стан, -стен.

Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баян-дауышы тиянақсыз, қалған екеуінің баян-дауыштары тиянақты болып келеді.

Оқулықпен жұмыс.1-топ. 130-жаттығу. Жай және құрмалас сөйлемдерді

бөлек-бөлек көшіріп жазып, ерекшелігіне тоқталыңдар.2-топ. 132-жаттығу. Кестедегідей бағытта бірнеше

мысалдар келтіріңдер.3-топ. 134-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді пайдалана

отырып, салаласа және сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемдер жасаңдар.

«Кім жылдам?» ойыны. Көркем шығармадан құрмалас сөйлемдерді тауып оқып, түрін ажырату.

1-топ: Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» эпопеясы. 2-топ: Мұхтар Әуезов. «Қилы заман» романы. 3-топ: Оралхан Бөкей. «Таңдамалы шығармалар». 2-том.

Ойтолғау сатысы. «Шығармашылық – білімді адам жететін шың».

Әр топқа суреттер таратылады, осы суретті негізге ала отырып, құрмалас сөйлем етіп шағын мәтіндер құрастыру.

«Сен қалай ойлайсың?». Салалас пен сабақтас, аралас сөйлемдерді ажырату, сөйлем мүшесіне талдау.

«Салалас» тобына: 1. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады. 2. Мен үндемедім,

Page 42: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

42

бірақ өз пікірімде қалдым. 3. Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол – әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік. 4. Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді.

«Сабақтас» тобына: 1. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды. 2. Не ексең, соны орасың. 3. Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды. 4. Жаңбыр жауды, от та өшті.

«Аралас» тобына: 1. Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай. 2. Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес. 3. Олар бірде биік, бірде аласа, бірде шешен, бірде сараң сөзді еді. 4. Сейіт құр сараң жымиғаны болмаса, шырай берген жоқ.

Венн диаграммасыЖай сөйлем Құрмалас сөйлем

Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы1. Құрамы жағынан жеке сөздерден құралатыны;2. Мағыналық өзгешелігі: жеке, дербес ойды білдіреді.3. Дауыс ырғағы тиянақты, аяқталған ойды білдіреді, бүтін болып есептеледі.

1. Екеуі де ойды (жалаң не күрделі ) білдіреді.2. Пікірді жарыққа шығаруға, түсінуге қызмет етеді.3. Айтылар ой дауыс ырғағымен беріледі.

1. Құрамы жағынан жай сөйлемдерден құралатындығы.2. Мағыналық өзгешелігі – күрделі ойды білдіруінде.3. Құрамындағы жай сөйлемдерінің дауыс ырғағы тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі боп табылады.

Сабақты қорытындылау.Не білдік? Нені білуіміз керек?

Page 43: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

43

Балама тест:1. Құрмалас сөйлем кемінде екі жай сөйлемнен тұра ма?

2. Сабақтас құрмаластардың баяндауыштары тең дәрежеде байланыса ма? 3. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары бәрі бірдей тиянақты бола ма? 4. Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз бола ма? 5. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысының баяндауыштары шартты райдың -са, -се жұрнақтары арқылы жасала ма?

Ұлболсын ҮСЕНОВА,Шона Смаханұлы атындағы

№62 гимназия мұғалімі.Алматы қаласы.

БУЫН ҮНДЕСТІГІНЕ БАҒЫНБАЙТЫН ҚОСЫМШАЛАР

(5-сынып)

Сабақтың мақсаты: тақырыптың тың дүние екендігі, атқаратын рөлі мен анықтамасын санаға сіңіріп, нақты мысалдар арқылы оны еркін дәлелдеуге төселдіру. Міндеттері: білімділік – буын үндестігі туралы мағлұмат беру,буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ұғындыру; дамытушылық – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істей білуге баулу, тіл байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту; тәрбиелік – өз аналарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Page 44: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

44

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік төрт бағыт (теория, практика, сауаттылық, ізденіс). Көрнекілік: слайдтар, үлестірмелі ұпай сандары, интерактивті тақта. Күтілетін нәтиже: буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ажырата білу.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру: амандасу ,түгелдеу.Зейін аударту:- Бұл өмірдің сырын ұқпай әлі біз Келеміз-ау, көктей солып дәніміз... Бар қиындық атаулыға төзімдіАналарға қарыздармыз бәріміз,– деп ақын жырына

қосқандай, құрметті біздің аналарымызға қандай ізгі тілек тілейтінімізді сауаттылық бағыты арқылы білдірсек. Қане, баллар, сауаттылық дәптерлеріңді ашып жаза қойыңдар. Интерактивті тақта арқылы қателеріңді тексеріп, тиісті ұпай сандарыңды аласыңдар,

Сауаттылық бағыты. Зор денсаулық, ақылдылық, сұлулық, әдемілік, кішіпейілділік, шыдамдылық, адам-гершілік, рухани жан дүниесінің таза болуын тілейміз.

Үй тапсырмасы: 316-жаттығу, 133-бет. Сыныптағы әр оқушыға бір-бір сөйлемнен оқытып,үндестік заңының сақталған, сақталмағанын анықтату.

Теориялық бағыт. «Зымыран сұрақтар» арқылы теориялық білімдерін анықтау:

1.Үндестік заңы дегеніміз не? 2. Үндестік заңының қанша түрі бар? 3. Буын үндестігі дегеніміз не? 4. Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері қандай болып келеді? 5. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар қандай сөздермен араласып келеді? 6. Буын үндестігі бойынша қосымша қалай жалғанады? 7. Тасымалдау қалай жасалады? 8. Дауысты дыбыс дегеніміз не? 9. Дауысты дыбыстардың қандай

Page 45: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

45

түрлері бар? 10. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? 11. Дауыссыз дыбыстардың қандай түрлері бар? 12. Буын дегеніміз не? 13.Буынның қанша түрі бар? 14. Ашық буын дегеніміз не? 15.Тұйық буын дегеніміз не? 16.Бітеу буын дегеніміз не?

Сергіту жаттығуы. Біркелкі дауысты мен дауыссыздан басталатын дыбыстардан ауызша сөйлемдер құрау:

Тұңғатардың Таңаты таңнан тыным таппады. Алауыздық адамзатты ақылынан адастырады. Сүйкімділіктің сүйкімдісіне сүйсіну. Қаражат қиналған қауымға қанша-лықты қажет? Бойыңдағы барлық берекелі бағыңнан бой тасалама. Әкемнің әжесінің әңгімесі әлі әңгімеленуде. Өсек, өтірік өрге өркендемейді. Шыдамдылық, шымырлық шындықта шынығады. Өнегелік, өркениеттілік – өмірдің өзегі.

Жаңа сабақ.І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау. Интерактивті

тақтадағы қосымшаларға оқушылардың өздеріне мысалдар жаздыру:

-мен; -пен; (көмектес септік жалғауы);-нікі; -дікі: -тікі; -тай; -тал; -дар; -еке, -тар;-бей; -би; -кер; -қор; -паз; -қой; -кеш; -хана; -кес;-ев; -ева; -ов; -ова; -ин; -ина.Жазған мысалдарын оқыта отырып, бұл қосымшалар-

дың буын үндестігіне бағынбайтынын аңғарту.Қосымша түсінік. Үндестік заңы бойынша жалғанатын

қосымшалар мынадай жағдайларда бұл заңға бағынбай қолданылады.

1. Соңғы буында ә,я дыбыстары бар сөздерге және х дыбысына аяқталған сөздерге жуан қосымша жалғанады.

Мысалы: күмәндану, поляктар, цехта.2. Соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск,

нк, лк, нг, нкт сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік

Page 46: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

46

белгіге /ь/ аяқталған сөзге жіңішке қосымша жалғанады.Мысалы: полюске, парашютті, паркте, хирургке,

Томскіден, ансамбльден, бинокльден, рульді.ІІ. Мағынаны тану сатысы.Практикалық бағыт. Оқулықпен жұмыса) 317-жаттығу. «Пайдалы кеңес» жаттығуы (ауызша

орындау).ә) Он бір жолды өлең стратегиясы бойынша қалаған

төмендегі сөздерге сөйлемдер құрау. Фонетикалық талдау жасату (тақтаға).

1. Баламен 4. Балгер 7. Арухана 10. Зиянкес2. Әкетай 5. Жемқор 8. Әсемпаз 11. Сәнқой3. Діндар 6. Әсемпаз 9. Ауруханаб) 320-жаттығу. «Кім жылдам?» жаттығуы. Сөздерге

қосымша жалғап жазу.в) «Тапқыр болсаң тауып көр». Көп нүктенің орынына

тиісті мақалдан буын үндестігіне бағынбайтын қосым- шасы бар сөзді тауып жаз.

1. Адамның күні адам .... /мен/. 2. Сауда.../гер/ құнықса, сақалын күзеп сатар. 3. Өнер ...дың /паз/ он қолы бар. 4. Еңбек.../қор/ ұйқыдан ширап тұрады, Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 5. Қасық... /пен/ көлді құрта алмайсың, Қастық... /пен/ елді құрта алмайсың. 6. Жауын... /мен/ жер көгереді, Бата... /мен/ ел көгереді.

«Ұйқасын тап». Сергіту жаттығуы. Құрамындағы буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табу.

Көзі тоймас жемқор, Болмақ қалай ... /қамқор?/Құрметтейік ......./ әкетайды,/Ардақтайық ..... /апатайды./Көкетайды жақсы көремін,

Page 47: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

47

Үнемі оған көмек беремін.Төлегендей балгер ақынБалаларға, тіпті, жақын.Жеңіл мінезді әсемпазБолуы әбден жағымпаз.ІІІ. Ойтолғаныс сатысы. Ізденіс бағыты.Шағын шығарма жазу («Менің анам»). Құрамында буын

үндестігіне бағынбайтын қосымша сөздерді табу.Бостандық Марал деген оқушының ізденіс бағыты

бойынша жазған жазба жұмысы.Менің анам өте сымбатты, ақылды, тіпті, өте көрікті

деп жазсам да болады. Біз үшін бәріне дайын, анамның мейірімді жүзінен күн шуағын сеземін. Үнемі күлімдеп, әр нәрсені баппен, ақылмен түсіндіріп үйретуінің өзі мен үшін табылмас та таусылмас бақыт деп білемін. Барлық бала өз аналарын жақсы көреді деп ойлаймын. Өйткені ол бізге өмір сыйлады. Анаммен болған әр уақытым мен үшін қымбат. Әкетайымды да жақсы көремін. Себебі ол – біздің үйдің алтын діңгегі.

Сабақты қорытындылау.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -мен; -пен (көмек-тес септік жалғауы); -нікі; -дікі: -тікі; -тай; -тал; -дар; -еке, -тар, -бей; -би; -кер; -қор; -паз; -қой; -кеш; -хана; -кес, -ов, -ова.

Буын үндестігіне бағынатын қосымшалар:

Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы

буынының жуан-жіңіш-келігіне қарай үндесіп

жалғасады. Соңғы буын жуан болса – жуан

қосымша, жіңішке болса – жіңішке қосымша

жалғанады.

Ортақ қасиет-

тері:

Екеуі де үндестік заңында қарасты-рылады.

Page 48: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

48

Венн диаграммасы бойынша буын үндестігіне бағын-байтын қосымшалар мен буын үндестігіне бағынып жалғанатын қосымшаларды салыстыру.

Бағалау. Төрт бағыт бойынша алған ұпай сандарымен бағалау:

1. Теориялық бағыт /Ережені меңгеруі/. Көк түсті ұпай саны беріледі;

2. Сауаттылық бағыты /Орфографиялық заңдылықтар-дың орындалуы/. Қызыл түсті ұпай саны беріледі;

3. Практика/Меңгерген ережені іс жүзіне асыра білуі/. Сары ұпай саны беріледі;

4. Ізденіс /Шығармашылық тапсырмалардың орында-луы/. Жасыл түсті ұпай саны беріледі.

«5» деген баға 20-18 ұпай, «4» деген баға 17 -14 ұпай, «3» деген баға 13-9 ұпай жинаған оқушыларға қойылады.

Үйге тапсырма. 1-топ: 318-жаттығу. 2-топ: 322-жаттығу. 3-топ: 327-жаттығу.

Сабақтың рефлексиясы:1. Сабақтың өтілу барысы ұнады ма? 2. Нені үйрендің? Оқушылардың жауабы:- Маған ұнағаны – тізбекті ұйқасты табу... «Ұйқасын

тап»... Сергіту жаттығуы... «Тапқыр болсаң тауып көр» жаттығуы... Қайсардың теориялық білімі ұнады. Анамызға арналған тілек.. «Кім жылдам?» жаттығуы... Он бір жолды өлең стратегиясы... «Пайдалы кеңес»... Маралдың ізденісі. Өмірде ананың орыны қымбат екенін, төрт бағытты бірдей алып жүруді... Практикалық бағытымды күшейту керектігін үйрендім.

Page 49: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

49

Елемес ҚАРАТАЕВ,Ақтөбе облысыныңҚобда ауданындағы

«Қызылжар» орта мектебінің мұғалімі.

СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ

(7-сынып)

Мақсаты: оқушыларға осы тақырыптың мән-маңызын жете түсіндіріп, қандай тәсілдер бар екенін нақты деректермен, мысалдармен дәлелдеп беріп, берік түсінігін қалыптастыру. Міндеттері: білімділік – оқушылардың сөздердің байланысу тәсілдерінен алған білімдерін нығайту, жинақтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру; дамытушылық – жаттығу жұмыстары нәтижесінде білік дағдыларын қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу; тәрбиелік – оқушыларды ізеттілікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, кітапты сүюге баулу.

Түрі: бекіту сабағы. Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, мәтін талдау, СТО стратегиялары. Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, көркем әдебиет, тест сұрақтары, слайдтар. Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы.I. Ұйымдастыру. Оқушы назарын сабаққа аудару.II. Тренинг. Психологиялық дайындық.III. 1-слайд. Өткенді пысықтау:а/ Сөз тіркесі дегеніміз не?ә/ Сөз тіркесінің айырықша белгілері;б/ Сөйлемдегі сөздер неше тәсіл арқылы байланысады?2-слайд. Ой шақыру. «Топтастыру» стратегиясы.

Page 50: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

50

3-слайд. «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі». Қазір берілетін «Кітап туралы» даналық сөздерден сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін анықтау, мағынасын айқындау:

а/ «Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге». Абай.ә/ «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана

әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады». Мұхтар Әуезов.

б/ «Кітап – үйдің ашулы тұрған терезесі». Расул Ғамзатов.в/ «Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй.

Ол – сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де». М.Шолохов.

4-слайд. Сәйкестендір. Байланысу тәсілдерінің дұрыстығын анықта.

Түрлері МысалдарШылаулар арқылы Кітап – асыл досымыз.Жалғау арқылы Көкірекке тоқу.Орын тәртібі арқылы Оқыған абзал.Дауыс ырғағы арқылы Ой кемесі.

Жалғау арқылы Қасиеттерім үшін қарыздармын.Шылау арқылы Кітап қана жақсы дос.Орын тәртібі арқылы Көбірек ойлау.

Сөздердің байланысу тәсілдері

Page 51: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

51

5-слайд. Ойтолғау «Кітап – білім бұлағы».6-слайд. Өзіңді тексер. Тест сұрақтары.1. Шылау арқылы байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз:А) Орта мектеп; Ә) Қазыбектің жоспары; Б) Жиналыстан кейін; В) Дәл өзі; Г) Бекерге қиналу.2. Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсілін көрсетіңіз:А) Үйге келсем; Ә) Отыр екен; Б) Қызыл сиыр;В) Өзің үшін үйрен; Г) Үшінші сынып.3. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысқан түрін

табыңыз:А) Оның еркі; Ә) Ғибратты ғұмыр; Б)Уақыттан озған; В) Дүйсенбіде жолығу;Г) Өмір үшін талас.4. Орын тәртібі арқылы байланысты көрсетіңіз:А) Дәрі ішу; Ә) Қос құрбы; Б) Марат – оқушы;В) Тыныштық үшін күрес; Г) Бекерге қиналу.5. Сөздердің шылау арқылы байланысын көрсетіңіз:А) Бақытты сезіне; Ә) Өзің үшін күрес; Б) Қызықты кітап; В) Әулие адам; Г) Әр қилы.6. Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз:А) Арман үшін аттану; Ә) Көлдің жағасында; Б) Үш дәптер; В) Биік дәреже; Г) Ер-азамат.7. Шылау арқылы байланысқан сөздерді анықтаңыз:А) Итті қуды; Ә) Кешке таман жетті; Б) Алтын тіс;В) Жылтыраған сәуле; Г) Арқанмен түсті.8. Орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз:А) Өнегелі өмір; Ә) Біздің ауыл; Б) Неге көндім;В) Ойсыздарға қосылма; Г) Малыңды бақ.9. Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз:А) Ұзатқан қыз; Ә) Көршімен сырласу; Б) Әке-шешесіне көмектесу; В) Отаным үшін аттанам;Г) Достың пейілі.

Page 52: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

52

10. Дауыс ырғағы арқылы байланысқанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз:

А) Сызықша; Ә) Үтір; Б) Нүктелі үтір; В) Дефис; Г) Қос нүкте.IV. Қорытынды. Бүгінгі сабақтан не меңгергендігі

сұралады.V. Үйге тапсырма: 225-жаттығу.VI. Бағалау.

Дана ОРАЗАЛИНОВА,Астана қаласындағы

№63 орта мектептің мұғалімі.

ЕКПІН(5-сынып)

Сабақтың мақсаты: тіл білімінде екпіннің атқаратын рөлі туралы кеңірек түсінік беріп, оның ойды жеткізу ісінде ерекше маңызды орын алатындығын нақты мысал сөйлемдер арқылы дәлелдеп, анықтамасын тұжырымдап беру. Міндеттері: білімділік – оқушыларға екпін және оның түрлері туралы білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы тереңдету, екпіннің буынмен тығыз байланысты екенін ұғындыру, олардың үйлесуі, байланыстығының маңызын түсіндіру; дамытушылық – шығармашылық жұмыс істеуге ұмтылдыру, анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру, мағынаны ажырата білу қабілеттілігін арттыру; тәрбиелік – бір-бірінің пікірін құрметтей алатын, өз ойын тұжырымды жеткізе алатын, тілін құрметтейтін, ортаны сүйетін, шығармашылық қабілеті жоғары дамыған азаматтарды тәрбиелеу.

Page 53: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

53

Көрнекілігі: кесте, сызбалар, интерактивті тақта. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі. Түрі: кіріктірілген сабақ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды

түгелдеу .Үй тапсырмасын сұрау: а) Орфография мен орфоэпия

дегеніміз не? ә) Мысал келтіріңдер. Фонетикалық талдау жұмысы:І топ. ІІ топ. ІІІ топ.Кітап Көйлек Әдебиет Табиғат Мұғалім Жамбыл Жаңа сабақ. Дәптерлеріне бүгінгі күнді, айды жазғызу. Сабақ

тақырыбын жариялау. Жаңа сабақты түсіндіру. Оқулықтағы теориялық мәліметтер пайдаланылды.

Сөз Ой

Тіркес Дыбыс

жіктік жалғауы бар сөздер болымсыз етістік -тай, -дай деген жұрнақтар

Екпін түрлері

Екпін бола алмайтындар

Page 54: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

54

Орыс тілі пәнімен байланыстырамыз. Ударение выделение (слога, слова) слова голоса или

повышением тона. В русском языке ударение подвижное.Лес-леса, день-дни, вода-воды, дерево-деревья, доска-

доски, лист-листья, кольцо-кольца, окно-окна, стол-столы, вес-весы, дом-дома, мука-мука.

Ағылшын тілі пәнімен байланыстырамыз. The manner in which stresses are distributed on the

syllables of a word-called also word accent. book, pencil, table, holiday, monday, skyskabe, rabbit. Жинақтау стратегиясы бойынша оқушылардың

ойын жинақтау.

Қазақ тілі Ағылшын тілі Орыс тілі Оқулықпен жұмыс. 343-жаттығу. Екпін түспей тұрған

қосымшаларды бір бөлек, екпін түсетін сөздерді бір бөлек жазыңдар.

«Тіл – өнер» ойыны. Үш тілді білеміз бе? Оқушылар кез-келген сөздерді жазып, сол сөздерді ағылшын, орыс тілдерінде жазады, екпін түрлерін ажыратады.

Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі

Ойын. «Біліміңді байқап көр?» Әр топ конверттерді таңдап алады. Олар конверт ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

Сабақты бекіту. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінен екпін түспейтін буынды табу.

Үй тапсырмасы: 347-жаттығу, ережелерді жаттау.

Екпін

Page 55: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

55

Қазақ әдебиеті; озық тәжірибе, ортақ әдісГүлсара АҚБЕРДИЕВА,

Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектептің мұғалімі.

Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы.

ШӘКӘРІМ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

(10-сынып, модульдік технология бойынша 5 сағатқа негізделген)

Сабақ мақсаты: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы орнықты білім беріп, туындылары жөнінде айқын көзқарасын қалыптастыру. Міндеттері: білімдік – Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кеңірек мағлұмат беру, түсіндіру; дамытушылық – қосымша материалдармен, фактілермен таныстыру арқылы оқушының ой-өрісін дамыту; тәрбиелік – дұрыс сөйлей білуге, сауатты жаза білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: ақынның суреті, кітаптары, газет материалдары, магнитофон.

Кіріспе бөлім.1-сабақ. Теориялық білім.Негізгі тірек сызбаларды пайдалана отырып, Шәкәрім

Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мағлұмат беру. Қазақ халқы үшін жасаған еңбектерін қосымша материалдар арқылы толықтырып түсіндіру. Шәкәрімнің жеке бас ерекшеліктерін, өнерін дәріптеу. Ақынның өлеңдеріне шолу жасау, түсіндіру, мәнерлеп оқу. Өлеңдерінің ерекшелігін, идеясы мен мазмұнын түсіндіру, теориялық білім беру. «Еңлік-Кебек» поэмасына жоспар құру.

Page 56: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

56

Дәптермен жұмыс: 1. Сөздікпен жұмыс жүргізу; 2. «Еңлік-Кебек» поэмасына жоспар құру; 3. Тірек сызба-лармен жұмыс.

"Барша қырғыз-

қазақ білімділе-ріне ашық

хат", "Түрік, қырғыз,

қазақ һәм хандар

шежіресі", "Мұсылман-дық шарты".

Шәкәрім Құдайбердіұлы

аудармасы поэзиясы әндері прозасы

поэмалары өлеңдері роман мақала

Лев Толстой: "Асархадон патша", "Үш сауал". А..Пушкин: "Дубровский", "Боран". Фзули: "Ләйлі-Мәжнүн".

"Ажалсыз әскер", "Жастық", "Шын сырым", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек", "Анадан алғаш туғанымда".

"Жастық туралы", "Шын сырым", "Ашу мен ынсап", "Дүние мен өмір", "Сен ғылымға", "Мұтыл-ғанның өмірі", "Мақ-тау мен сөгіс", "Ақын-дарға", "Жастарға", "Анадан алғаш туғанымда", "Мал жимақ", "Бостандық туы жарқырап", "Жас өтті тынымсыз".

Page 57: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

57

2-сабақ. «Әдебиет лотосы» ойыны.Бұл ойынға барлық оқушы қатыса алады. Әр оқушының

қолына толтыруға арналған кесте парақшасы таратып беріледі. Бұл кестеде Шәкәрім ақынның өмірі мен шығармашылығындағы ерекшеліктері мен еңбектері толтырылады. Дайындауға және толтыруға 30 минут, тексеруге 10 минут, бағалауға 5 минут беріледі.

Авт

ор

Өле

ңдер

і

Әнд

ері

Дас

тан-

дары

Әңг

іме-

лері

Ауд

арма

-ла

ры

Мы

сал-

дары

Мақ

ала-

лары

Кіт

ап-

тары

Дәптермен жұмыс:1. Сөздіктерді жаздыру;2. Таблицаны сыздыру.

"Еңлік-Кебек" (1891),

"Қалқаман-Мамыр" (1888),

"Нартайлақ-Айсұлу", "Ләйлі-

Мәжнүн".

"Әділ-Мария"

Әңгімелері

"Бәйшешек бақшасы",

"Шын бақтың айнасы".

Кітаптары

Page 58: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

58

3-сабақ. «Мені түсін» ойыны(Үш қатардан бір-бір оқушы шығады):а) Автордың шығармасындағы бір кейіпкердің бейнесін

сомдау;ә) Кез келген шығарма үзіндісін оқушы қимылмен

көрсетуі керек. Оны қарсылас топтағы оқушылар шешуі қажет;

в) Ақын өлеңдерінен үзінді оқылып, тақырыбын табу. I кезең сұрақтары:1. «Еңлік-Кебек» дастанындағы Еңлік бейнесі;2. «Еңлік-Кебек» дастанындағы Кебек бейнесі;3. «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Қалқаман бейнесі; 4. «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Мамыр бейнесі. II кезең. Әр топ өзі дайындап, қарсыластарына береді.III кезең. Шәкәрімнің өлеңдерінен үзінді оқып,

тақырыбын табу.4-сабақ. «Өрмекші» ойыны. Сыныптағы оқушылар

төрт-төрттен топтарға бөлінеді. 1, 2, 3, 4 деген белгілерді омырауларына тағады. Әр түрлі деңгейлік тапсырмамен 4 үстел қойылған, әр үстелден 3 деңгейдегі сұраққа үлгерге-нінше жауап жазып қалдырады. 1-үстелдің тапсырмасын орындап болған соң келесі үстелдің тапсырмасын орын-дайды. Сабақ барысында оқушы 4 үстелдегі сұрақтарға жауап беруі тиіс. Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Соңынан парақшаларды жинап алып, мұғалім бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

I деңгей. 1. «Еріксіз жемтік шоқыдым» деген сөзінен нені түсінуге болады? Бұл қай жылдары еді? 2. «Бай мен кедей» өлеңін қазіргі заманмен байланыстыра суретте. 3. «Еңлік-Кебектегі» Кеңгірбай би мен «Қалқаман-Мамырдағы» Әнет бабаны салыстыр. 4. Өзі «Әділет жолы» деп ұққан Кеңес үкіметі Шәкәрімді неге қудалады? Дін өкілдері неге наразы

Page 59: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

59

болды? II деңгей. 1. Ақын Лев Толстойды оқи отырып, нені арман

етті? Ақынның «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» өлеңінің мазмұнын аш. 2. Қалқаман мен Кебекті салыстыр. 3. Еңлік пен Мамырды салыстыр. 4. Шәкәрім мен Абай өлеңдерінің ұқсастығын бірнеше мысалдармен дәлелде.

III деңгей. 1. «Дүние мен өмір» өлеңінің мазмұнын аш. 2. Табиғат лирикасына байланысты Шәкәрімнің қандай өлеңдерін білесің? 3. Шәкәрімнің әндерін ата. 4. Мысал-дарын ата.

5-сабақ. Қорытынды бөлім. Тест.1. Шәкәрімнің туған жылы:А) 1850; Ә) 1856; Б) 1858.2. Шәкәрім кімнің тәрбиесінде болды?А) Абай; Ә) Құнанбай; Б) Құдайберді.3. Ғұмырнамалық өлеңі қайсы?А) Өкінішті өмір; Ә) Жасымнан жетік білдім;Б) Мұтылғанның өмірі.4. Шәкәрім қай жылдары Меккеде болды?А) 1900-1901; Ә) 1905-1906; Б) 1907-1909.5. «Еңлік-Кебек» дастанындағы жастарға тілектес қария

кім? А) Әнет; Ә) Кеңгірбай; Б) Мәмбетей.6. Шәкәрім Фзулиден қандай дастан аударды?А) «Еңлік-Кебек»; Ә) «Қалқаман-Мамыр»; Б) «Ләйлі-Мәжнүн».7. Шәкәрімнің романы:А) «Әділ-Мария»; Ә) «Ләйлі-Мәжнүн»; Б) «Бәйшешек бақшасы».8. Тапқан іске таласпай, шын көнелік,Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік. Қай өлеңнен үзінді? А) «Жастарға»; Ә) «Дүние мен өмір»; Б) «Өмір».Сабақ «Топтастыру» стратегиясымен қорытамын.

Page 60: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

60

Жамиға СЕҢГІРБЕКОВА,«Жаңа шаруа» қазақ орта

мектебінің мұғалімі.Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,Қоныстану ауылы.

«ЖУСАН ИІСІ» ПОВЕСІНДЕГІ АяН БЕЙНЕСІ

(7-сынып)

Сабақтың мақсаты: Аян бейнесінің толық ашылуын оқушы санасына сіңіріп, «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат екенін таныту. Міндеттері: білімділік – өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, үзіндінің сюжетін меңгерту, үзінді мәтініне талдау жасау, шығарма тақырыбын ашу, идеясын анықтау; дамытушылық – оқушының та-нымдылығын арттыру, ойлау шеберлігін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамытуға, шығармашылық ізденістерін шыңдау-ға ықпал ету; тәрбиелік – шығарма мазмұны арқылы ата-ананы қадірлейтін, «Жетім көрсе жебеп жүретін», адал дос бола алатын, ұлттық рухы жоғары азаматтарды тәрбиелеу. Түрі: білімді жинақтау, қорыту. Әдісі: сатылай кешенді талдау, Блум кестесі, сұрақ-жауап, іздендіру. Көрнекілігі: жазушының портреті, интерактивті тақта, тірек сызбалар, жусан шөбі, бейнебаян, қосымша материалдар.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биология.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлу. (Берілген

буындардан мақал құрау арқылы топтың аты мен топ басшысын сайлайды).

Page 61: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

61

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, біз өткен сабақта 60-90 жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен таныстық. (Әңгімені Аянның атынан баяндау).

ІІІ.Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.1. Ой қозғау. Соғыс тақырыбына жазылған шығармалар

мазмұнын еске түсіру.2. Ой шақыру. «Соғыс» сөзіне топтастыру (ойларын жеке

жазады, жұпта, топта талқылайды)

Аян қандай бала? (жетім). Жетім болу себебін түсіндіру.Аянның ертегі айтатындығы жазушы Сайынның өзіне

аздап келеді. Бірақ Аянның прототипі бар. Ол – ауылда тобығы тайғандықтан аяғын қисаңдатып, сәл ішіне басатын Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры шығармаға арқау болған. Ал жусан шөбі неге тақырыпқа таңдалған?

Жусан туралы мәлімет беру, тақтадан суретін көрсету.Жусан (Artemіsіa) – күрделі гүлділер тұқымдасына

жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10–60 см, кейде 1,5–2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүл шоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі сирек

соғыс

Page 62: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

62

кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дермененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді. Жусанның иісін «қазақ-тың иісі» деп те айтамыз.

ІV. Әңгімені сатылай кешенді талдау 1. Авторы – Сайын Мұратбеков.2. Тақырып – автордың айтайын деген ойының негізгі

арқауы. Соғыс кезіндегі балалар өмірінің шындығы, олардың күнкөрісі, тағдыры.

3. Әдеби жанр (әдебиеттің тектері).Повесть – бұл өмір шындығын мол қамтып сурет-

тейтін, адам мінезін жан-жақты танытатын іргелі жанр.. Повестің жанрлық ерекшелігі – көлемінде емес, мазмұн

тереңдігінде. Повесть дегеніміз – баяндау түрінде қара- сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарма.

4. Негізгі идеясы – тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелеп, өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. Бұл үзіндінің идеясы – жетім баланың ата-анасын сағынуы, оның арманы мен үмітін көрсету арқылы басқа замандастарына ой салу.

5. Шығарманың композициялық құрылысы – шығарманың сюжеттік дамуының кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе. Шығарманың композициясы бес бөлімнен тұрады:

Оқиғаның басталуы – Аянның қоныс аударуы;Байланысы – Ауыл балаларымен достасуы;

Page 63: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

63

Шиеленісуі – Тобығын тайдыруы;Шарықтау шегі – Әжесінің қайтыс болуы;Шығарманың шешімі – Балалар үйіне кетуі.6. Шығармадағы кейіпкерлер: Аян, Есікбай, Бапай

шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала.7. Әдеби-теориялық ұғымдар:Портрет – Образ портретсіз болмайды. Ол адамның

бет-пішінін, кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, киім киісін бейнелеу (Кітаптан оқу).

Мінездеу – адамның ішкі жан дүниесін суреттеу. (Аянға мінездеме):

Аян – ақкөңіл, еңбекқор, қамқор, алғыр, білімге құштар, досқа адал, сауатты, көпшіл, сабырлы, жігерлі, төзімді бала.

Тұрақты тіркес (фразеологизм) – екі немесе бірнеше сөздердің тіркесіп келіп, бір мағына беруі. Қотыр тайға тіл бітеді, естімеген адамша міз бақпайды, қас пен көздің арасында қыбырлаған бала толып кетуші еді.

Антоним – мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер. (Ылди-өрге бірдей сырғанайтын шана, киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды).

Теңеу – зат не құбылысты екінші зат не құбылыспен салыстыра суреттеу. Шашы аппақ қудай, т.б.

8. Түсіндірме сөздік. Жетім – әкесі не шешесі (ата-анасы) қайтыс болған, кәмелетке толмаған бала. Әмеңгерлік – салт.

9. Тәрбиелік мәні: ата-ананы қадірлейтін, адал дос бола алатын ұлттық рухы жоғары азаматтарды тәрбиелеу.

V. Әңгімені Блумның сұрақ қою өлшемдері әдісі бойынша мазмұнына талдау жасата отырып, проблемалық сұрақтар туындату, ой бөлісу, пікір алмасу, шығармашы-лыққа жетелеу, әңгімеге сыни баға беру.

Page 64: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

64

Білім. Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?Түсінік. Аянның ертегілері қалай басталады? Онда

қандай мән бар?Қолдану. Аянның бейнесін сомдау (рөлдік ойын).Салыстыру. Бейнебаян «Болмыс». Соғыс кезіндегі және

қазіргі уақыттағы жетім балалардың суреттері көрсетіледі.Венн диаграммасы.Сол кездегі жетім балалар Қазіргі кездегі жетім балалар

1. Жоқшылықтан.2. Соғыстың салдарынан жетім қалды.

1. Тәрбиесіздіктен2. Ата-анасы құқығынан айырылған.3. Тастанды балалар.

Талдау. Аян сендерге қандай әсер қалдырды? Сендерде қандай сезім пайда болды? (аяушылық, риза болу, қорқыныш, өкініш, т.б.)

Сыни баға. Әңгімені «Автор ізімен» стратегиясы бойынша жалғастыру, аяқтау. Аян бұл күнде қайда, қандай болуы мүмкін? Шындығында, не болды, не ойлайсың?

VІ. Қорытындылау.Ресми ақпараттарға сүйенсек, республикамызда 75000 жетім бала бар екен. Мемлекет тарапынан жетім балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына, дарынды, қабілетті балаларға көмек көрсетіледі. Жалпыға бірдей міндетті білім алады. Алайда «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ». Өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Түрлі жағдайларға байланысты біреу әкеден, біреу анадан айырылуы мүмкін. Сол себептен «Болмасын жетім балалар, бақытты болсын адамдар» дейміз.

VІІ. Үйге тапсырма. «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын Аян ертегісін жалғастыру.

VІІІ. Оқушылар білімін білім пердесі бойынша бағалау.

Page 65: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

65

Бибігүл ҚУАНЫШҚҰЛҚЫЗЫ,Павлодар облысының

Шарбақты ауданындағы«Шегірен» орта

мектебінің мұғалімі.

«ӘПКЕ» ДРАМАСЫ. ШЫҒАРМАДАҒЫ ТӘРБИЕ

МӘСЕЛЕСІ(8-сынып)

Мақсаты: оқушыларға «Әпке» драмасы туралы жан-жақты, терең мағлұмат бере отырып, шығармадағы тәрбие мәселесінің мән-маңызы жайында орнықты көзқарасын қалыптастыру. Міндеттері: білімділік – шығарманың мазмұнын талдай, саралай білу, кейіпкерлер әрекетіне баға бере білуге жағдай туғызу; дамытушылық – ана қадірін бағалай білуге баулу арқылы оқушыларды шығармашылық жұмыстарға тарту, өзінің пікірін айтуға, ойын жеткізе білуге бағдар беру; тәрбиелік – анаға құрмет, балалық парыз, аманат, обал мен сауап деген ұғымдарды түсінуге жағдай туғызу арқылы адамгершілікке баулу. Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, кластер, РАФТ. Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер, ақпараттық парақ.

Сабақтың барысы.1. Ұйымдастыру: а) Сабаққа әзірлік; ә) Тақырыпқа

алғашқы қадам.2. Миға шабуыл. Сәкен Майғазиевтың орындауында

«Асыл ана» әні орындалады, сол кезде интербелсенді тақтада аналар слайд-шоуы жүргізіледі.

- Балалар, неліктен бүгінгі сабақты аналар туралы әнмен бастадық?..

- Балалар, өз баласына туған ана болмаса да туған анадай

Page 66: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

66

бола білген, бүкіл жастық шағын оларға арнап, қанаттары қайырылған бауырларына медеу болып, құлазыған көңіліне жұбаныш бола білу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. Осындай әрі ауыр, әрі құдіретті борышты арқалаған ана туралы шығарманы оқып, талдағалы отырмыз.

3. Тақырыппен тікелей жұмыс (слайд №1, 2, 3). Жазушы Дулат Исабековтің өмір жолына шолу жасау. Шығарманың композициялық құрылымы талданады.

Экспозиция. Әпкенің інілерінің, әсіресе, Тимурдың әрекетіне қайран қалуы.

Оқиғаның дамуы. Сұлтанның туған күнін Қамажайдың үйінде тойлауы; Қамажайдың Қабенмен соңғы кездесуі; Камила мен Тимурдың туған үйінен бөлек шығуы; Қамажайдың концертке бара алмауы.

Оқиғаның шарықтау шегі. Қамажайдың өз бауырлары үшін қуануы (Омар – кафедра меңгерушісі, Тимур – бригадир, Нәзила – мұғалім, Ермек – оқушы, өзі – кондуктор).

Оқиғаның шешілуі. «Ана» тойын Қамажайдың Ермекпен, көрші әйелмен өткізуі.

4. Сәйкестікпен жұмыс. 1-сәйкестікті тап.

Шығарма өлең

поэм

а

әңгі

ме

по-

вест

ь

пьес

а

қара

- сө

з

Қараш-Қараш оқиғасы +Күй аңызы +Аққулар ұйықтағанда +Ілімге толса көкірек +Әпке +Батыр Баян +Он жетінші сөз +

Тақырыпты бекітуШығарманың 1 және 3-бөлімдері бойынша сахналық

көрініс.

Page 67: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

67

Осы жерде бауырларына бәйек болып күтуі, Сұлтанның туған күнін тойлауы (үзінді) және Қабенмен соңғы кездесуі көрсетіледі.

Шығарманы талдау.Әпке кім болды? Не себепті ол өз бауырларына ана болу

жолын таңдады? Неліктен әпке өз жеке өміріне тыйым салды? Ананың туған күнінде жалғыз қалуында не себеп болды? Әпке өз бауырларына өкпелі ме?

Қатынасты талдау (топтық жұмыс). Шығарма кейіпкерлерін, олардың арақатынасына талдау жасау:

1. Әпке мен Тимур, Камила. 2. Әпке мен Қабен. 3. Әпке мен Нәзила. 4. Әпке мен Омар.

Кейбір оқушылардың жауабы.Жансая: «Менің ойымша, Темірбек пен Камила – адасқан

кейіпкерлер. Олардың сөйлеген сөздері, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарынан үйлесім табуға болады. Мысалы, аттарын «Тимур», «Кама» деп бұрмалауы. Сонымен бірге ана тілін шұбарлап, орысшаны қосып сөйлеуін де көреміз. Сондай-ақ ұлттық тәрбиеден ауытқушылықтарды да байқаймыз: дастарханға арақ-шарапты қоюы, Камиланың темекі тартуы, өзін-өзі бос ұстауы. Әпкеге дұрыс құрмет көрсетпеуі Камиланың басқа ортаның адамы екенін байқатса, ал Темірбектің әлсіздігі Камиланың сөзінен шыға алмауынан, аса алмауынан деп ойлаймын».

Ләйлә: «Әпке мен Қабен бір-бірін шын ұнатады, Қабен оған адал жан болып көрінеді. Бірақ өз жеке басының бағынан гөрі, Қамажай бауырларының бағын жоғары қояды, оларды аттап кете алмайды. Өз анасының аманатына қиянат жасай алмайды. Осы жерде Қамажай нағыз қазақ әйелінің жинақы бейнесі болып келеді. Қабен оны түсінеді, ол үшін қуанады».

Айболат: «Нәзила мен әпкеге келетін болсақ, Нәзила

Page 68: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

68

– өр мінезді, бауырмал, сезімтал, ойы терең бойжеткен. Ол қолындағы кішкентайды қанағат тұтады. Өз әпкесін ерекше құрметтейді, оған дегенде жаны бөлек. Ағаларына, бауырларына да жүрек жылуын беріп тұрады. Қамажайдың қамқорлығын, адамгершілігін қалай мақтан тұтса, Омар ағасының ұстамдылығын, ақылдылығын солай мақтан тұтады».

Ұғымдарды талдау.1-топ: «Балалық парыз». 2-топ: «Аманатқа қиянат

жасамау». 3-топ: «Обал мен сауап». 4-топ: «Аналық борыш».Кластермен жұмыс: Әпке қандай адам?РАФТ. Әпкеге хат.Сыныптағы балалардың жазған хаттарынан үзінді.Жансая: «Құрметті Қамажай әпке! Ең алдымен сіздей

қамқор әпкеге алғысымды білдіргім келеді. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша өзіңіздей ержүрек, ана орынына ана бола білген адамдар некен-саяқ екені – шындық. Мені бауырларыңызға деген сезіміңізді аяулы жар, асыл ана атану бақытынан биік қойғаныңыз таңғалдырды. Жеке басыңыздың мәселелерін ойламай, күн мен түн тынымсыз еңбек еткен, өзіңіздің қалауыңызды емес, өзгелердің қамын жей келе, соңында кішкентай Ермекпен жалғыз қалғаныңызды біліп көңілім жабырқап қалды. Бірақ сізге айтарым «Ешқашан түңілмеңіз. Себебі сіздей қиындыққа мойынсұнбай қарсы тұра білген адамдар өмірде міндетті түрде бақытты болады».

Ләйлә: «Құрметті Қамажай әпке! Сіздің бауырларыңызға деген аса бір мейірімділікті көріп, өзіңіздің өміріңізде қиындықтарға қарсы тұрып, мойынсұнба- уыңыз осы хатты жазуға түрткі болды. Сіз ана орынына ана болып, артыңыздан ерген бауырларыңызды жеткізу жолында еңбек еткен бейнеңіз көз алдыма келеді...»

Page 69: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

69

Жақсылық: «....Әпке деген мейірімді жан ғой! Оның айтқан ақылы мен жүрек жылуы мен үшін ерекше. Әпкенің орыны ананың орынымен пара-пар десем артық айтқаным емес. Менің барлық балаларға айтарым: аналарыңмен бірге әпкелеріңді сыйлап құрметтеңдер. Көңілдеріне кірбің түсірмеңдер...»

Айболат: «Әпкенің өмірі басқаларға нағыз үлгі бола алатын, алдында бас июге лайықты ғұмыр деп ойлаймын. Өз артынан ерген бауырларына ана бола білуі, жабырқау көңілдеріне медеу бола білуі – ерлікке тең әрекет. Бұл драма адамға терең ой салып, отбасындағы адамгершілік, қамқорлық мәселесін көтереді. Қамажай әпкенің алдында бүгін де бас иемін...».

Үйге тапсырма беру: «Асыл әпке» тақырыбында шығарма жазып келу.

Бағалау. Оқушылар өздерінің жауаптарын «Жауап парағы» бойынша бағалап қорытындылайды.

Гүлжан СӘДУАҚАСОВА,Сәрсен Аманжолов атындағы

орта мектептің мұғалімі.Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы, Ұлан ауылы.

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ. «БОРАНДЫ ТҮНДЕ»

(7-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер

Page 70: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

70

бейнесін ашады, өз пікірлерін қорғайды, салт-дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды; дамытушы-лық – мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасады, бірнеше ойды салыс-тырады, қарама-қарсы қояды; тәрбиелік – адамгершілікке, халықтық салт-дәстүрді білуге баулу.

Түрі: практикалық оқуға негізделген ізденіс. Типі: іскер-лік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру. Көрнекілігі: слайд. Пәнаралық байланыс: тарих, этнография. Құрал-жабдығы: парақшалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Ол үшін оқушыларға

геометриялық фигуралар үшбұрыш пен төртбұрыштар таратылады, сол бойынша топқа бөлінеді.

I. Қызығушылықты ояту. Еркін жазу стратегиясы.Мақсаты: шығармаға қызығушылықтарын арттыру.Боранды түнді суреттеп жазыңдар.Оқушылар жеке жазады, топта бір-біріне оқиды. Ең

жақсы жазылған жұмыс сыныпқа оқылады.- Бүгінгі танысқалы отырған шығармамыздың

тақырыбы қандай? Неліктен?Оқушылар жауабы тыңдалады.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.II. Мағынаны ажырату. Еркін жауап стратегиясы

қолданылады. Әңгіме кімнің атынан баяндалады? Әңгімеге арқау

болған қандай оқиға?Интерактивті тақтада жазылған шығарма жоспарын

Page 71: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

71

көрсету.Әңгіме жоспары. Сюжеттік жоспар (жай, қарапайым

түрі):1. Ашуға мінген Қайсар;2. Күреңтөбел;3. Қыз алып қашу;4. «Адассаң – атыңа сен»;5. Қызық жағдай;6. Алғашқы әсер;7. Жеңге.Оқушылар өз жоспарларын оқиды, салыстырады, өз

пікірлерін айтады, ұнаған жоспар түрін анықтайды.Түсіну стратегиясы. Мақсаты: шығарма мазмұнын

қандай деңгейде меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру.

Мысалдар:- Әлгі қайын атам болмай кеткір...Қайсардың сөзі, баланың үйіне келген кезде айтады.- Бала дегенде үлкенірегі кісі есігінде, Иміштің үйінде..Әке сөзі.- Ұйқың келсе, ащы құрт же, қарның ашса кәмпит же.Бәден апайдың сөзі. (Қайсардың шешесі).- Бір қыз алып қашуға шығып едік...Баланың сөзі, Қадырдың үйінде.- Інішегім, атың шабандау білем...Кәменнің сөзі. Ауылға келе жатқанда айтады.- Сен бе, ей! – дейді.Кәменді алып келгендегі Қайсардың сөзі.Ойландыру стратегиясыМақсаты: көтерілген мәселеге көзқарастарын білу.Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр

Page 72: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

72

болды? Мәселені басқаша шешуге болмас па еді?Тұжырым кестесі стратегиясы.Мақсаты: оқушылардың көзқарасын білу, мәтінмен

жұмыс жүргізу.Қайсар.

Оқиғалар Кейіпкердің көңіл күйі СебебіБаланың үйіне келгенде

Кәменді алып келгендеШай ішіп отырғанда

Бала.Оқиғалар Кейіпкердің көңіл күйі СебебіАдасқандаҚадырдың үйіндеКәменді алып келгенде

Түсініктеме күнделігі.Мақсаты: салт-дәстүрге байланысты ұғымдарды түсіну.Қайын ата.Қыз алып қашу.Ащы құрт.Маған бір алтын жиекті кесе келе жатыр. Тегі мен

әлдекімдерге ұнай бастаған болуым керек. Қандай салт көрсетілген?

Пәнаралық байланыс стратегиясы.Мақсаты: қазақ тілі бойынша теориялық білімдерін

пысықтау.І топ тапсырмасы.Мәтіннен дисфемизмдерді табыңыздар.ІІ топ тапсырмасы.Мәтіннен табуды, мақал-мәтелдерді табыңыздар.III. Ойтолғаныс.Кейіпкер мінезі стратегиясы.Мақсаты: кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.Қайсар.

Page 73: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

73

Іс-әрекеті Мінезі Кейіпкер мінезін толықтыру

Кәмен.Портреті Іс-әрекеті Мінезі

Ойтолғау жаздырту. «Дәстүрдің озығы бар да тозығы бар» атты тақырыпты негізге ала отырып ойтолғау жазады.

Жазғандарын топта талдайды, сыныпта оқиды.Автор орындығы стратегиясы. Оқушы «Автор

орындығына» келіп, өз жазғанын оқиды.Қорытындылау. «Адам бақыты – жаны қалаған

адаммен бірге болу» дегенді қалай түсінесіңдер? Бүгінгі талқылаған шығармаға сәйкес пе ?

Сұхбаттасу стратегиясы. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Үйге тапсырма. Үйлену салтына байланысты салт-дәстүрлер туралы мәлімет дайындау.

Ұлболсын БЕРДЕШОВА,Ақтөбе облысының

Байғанин ауданындағы“Жаңа таң” орта

мектебінің мұғалімі.

АхМЕТ БАЙТҮРСЫНҰЛЫ. «ӨГІЗ БЕН БАҚА»

(5-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – Ахмет еңбектеріне шолу жасау, Ахметтің халқы үшін жасағап еңбектерінің

Page 74: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

74

мәнінің жоғары екендігін ұғындыру, ақын мысалдарының негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру; тәрбиелік – оқушыларды білімділікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке баули отырып, көрсеқызарлықтан, көре алмаушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу; дамытушылық – ой-өрісін, таным қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: слайд сабақ. Әдісі: баяндау, салыстыру, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, жинақтау, топтастыру, талдау. Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлы суреті, ақын туралы дәйексөздер, кестелер, сызбалар, «Өгіз бен бақа» суреті. Пәнаралық байланыс: тарих, биология, қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы.I. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың

сабаққа дайындығын қадағалау.II. Үй тапсырмасын тексеру.1-слайд. “Ел үмітін ер ақтар” тақырыбында эссе жазу. III. Үй тапсырмасын қорытындылау.2-слайд.1. «Толағай» қандай ертегі түріне жатады? а) қиял-ғажайып ертегісіне; ә) шыншыл ертегіге;б) әдеби ертегіге.2. Әбділда Тәжібаевтың өмір сүрген жылдары

қайсысы? а) 1865-1932; ә) 1909-1995; б)1904-1990.3. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған? а) қуаңшылық; ә) топан су; б) қатты дауыл.4.Толағайға сай сипаттама:а) қорқақ, ез, қайырымсыз;ә) ержүрек, қайырымды, елі үшін туған ер;б) қатігез, өркөкірек, жігерсіз.5. «Толағай» шығармасының басты тақырыбы не? а) ерлік туралы; ә) жақсылық пен жамандық туралы;

Page 75: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

75

б) қатыгездік туралы.IV. Жаңа сабақ3- слайд. Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын

тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды.

Бұлай көрсетуді аллегория дейміз.4-слайд. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938).Бұрынғы Торғай облысында орта дәулетті шаруа

отбасында дүниеге келген. Жазықсыз жалаға ұшырап, 1938 жылы атылған. Ахмет – қоғам қайраткері, тамаша оқулықтар жазған педагог, дарынды ақын, шебер аудармашы, ірі ғалым болды. Орыс ақыны И.А.Крыловтың мысалдарын Абайдан соң аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте кітап етіп шығарды.

5-слайд. Өгіз бен бақа (Ертегі суретін слайдтан көрсету).

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.6-слайд. қоғам қайраткері ағартушы мысал жанрының шебері

дарынды ақын педагог

аудармашы ірі ғалым

7-слайд. Композициялық құрылымына талдау:9 шумақ, 36 тармақ, 3 бунақ, 11 буынды қара өлең

ұйқасы (а, а б, а)8-слайд. (Өлеңді мәнерлеп оқыту, мысал өлеңге жоспар

құрғызу):

Ахмет кім?

Page 76: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

76

1. Өгіздің шөлдеп келіп су ішуі;2. Көрсеқызар бақа;3. Бақаның өз қарынын керуі;4. Бақаның жарылып өлуі;5. Әлін білмеген әлек.9-слайд.

10-слайд. Семантикалық кесте.

Шығарма тақырыбы

Мысалдыц негізгітақырыбы, идеясы

Мысал туралы сенің пікірің

11-слайд. Үйге тапсырма: 1. Көрсеқызарлық, күншілдік, мақтаншақтық

туралы мақал-мәтелдер жазып келу. 2. Мәтінді мәнерлеп бөліп оқуға дайындалып келу;3. «Екі бетті күнделік» стратегиясы бойынша кесте

толтыру.Әңгімеден алғап әсерім Пікірім

Бақа қандай?

көрсеқызар

мақтаншақ әлін білмеген

күншіл

Page 77: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

77

Сәуле МЫРЗАБЕКОВА,Шығыс Қазақстан облысының

Қатонқарағай ауданындағы«Берел» орта

мектебінің мұғалімі.

ҚОЖА БЕЙНЕСІ(6-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – повесть бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарасын жүйелі талдауға үйрету; дамытушылық – оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып ой қорытқызу; тәрбиелік – қарсылыққа құрметпен қарап, сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу және дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдісі: пікірталас (ой бөлісу элементтері), ізденту, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс, сызбамен жұмыс, әр түрлі технологиялардың стратегиялары. Түрі: жаңа сабақты оқыту. Көрнекілігі: рәсімсурет, жазушы өмірін танытатын суреттер, деректер, сурет-альбом, автор шығармалары, газет материалдары, кинофильм көріністерінен слайдтар.

Сабақтың барысы.I. Ұйымдастыру.Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Мақсаттарымен

таныстыру.

Page 78: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

78

II. Үй тапсырмасын сұрау.- Біз көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің

атым – Қожа» повесін оқып шықтық. Автордың бұл хикаясы тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Өздерің ойлап қараңдаршы, біз бұл повесті қанша рет оқысақ та, теледидардан көрсек те мүлде жалықпаймыз. Оқи береміз, фильмді көре бергіміз келеді.

Бұл ненің құдіреті деп ойлайсыңдар, балалар?(Оқушылар жауабы).– Бұл – көркем сөздің қуаты. Бұл – жазушының шеберлігі. Барлық оқиға желісі Қожа атынан баяндалады. Кейіпкер

мықты. Кейіпкер бейнесі өте шеберлікпен, суреткерлікпен сомдалған, сондықтан повесть қызықты, тартымды.

Қожа қылықтары, әрекеттері еріксіз күлкі ұялатады. Оқулықта жазушы аталарыңның өмірі туралы өте аз

деректер беріліпті. «Кітапханамен байланысып, автордың өмірі, шығармашылығы туралы терең танысыңдар, «Шығарма кейіпкерлерін оқулықта жоқ материалдар арқылы танытыңдар» деп сендерге үйге тапсырма бергем.

Кәне, кім не іздеп тапты екен? Тыңдап көрейік:1. Жазушының өмірі туралы екі оқушы айтады.

(«Балдырған» журналынан);2. Ақын ретінде танытты. «Шалғынбай» өлеңін жатқа

оқыды;3. Қандай жазушы екенін Бейсебай Кірісбайұлының

«Бәйтерек» өлеңі арқылы танытпақпын.- Жарайсыңдар, балалар. Бердібек аталарыңды бізге

белгісіз, әр қырынан таныттыңдар. Енді «Топтастыру» стратегиясын қолданып, сызба арқылы жазушы тұлғасын танып көрелік.

Page 79: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

79

Сызбаны әр оқушы оқиды.«Суреттер сыр шертеді»- Енді суреттер арқылы жазушы аталарыңды таныт-

пақпын (слайдтар көрстіледі).Өткен сабақта повестегі суреттелген оқиғаны әңгімелеп,

талдап айтқанбыз. Бүгінгі сабақта повестің мазмұнын қалай меңгергендеріңді, кейіпкерлер бейнесін қаншалықты танып білгендеріңді әр түрлі сұрақтар қойып, білгім келеді.

«Мынау кім?» (таниық):- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ

үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш (Жантас).- Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар?

Қоя беріңіз (Қожа).- Біз екеуіміз таныс шығармыз деймін (Майқанова).- Мүмкін, орыныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса

Михайловна).- Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойынымда

«Жекпе-жек»

Бердібек

Соқпақбаев

«Балалық шаққа саяхат»

«Өлгендер қайтып келмейді»

Жазушы

Ақын «Балауса» атты

жыр кітабы.

1924ж. 15 қазан

1967ж. Канн қаласында

халықаралық фестивальда бас жүлдені иеленді.

«Қайдасың, Гауһар»

Балалар әдебиетінің атасы

Page 80: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

80

оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр (Сәйбек қарт).

- Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер? (Оспанов).

«Қай сәт бейнеленген?» деген сұраққа жауап берейік.Оқушылар оқып, жауап береді:1) «Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не

істерімді білмеген қалпымда орынымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!». (Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұраған кезі).

2) «Есікті аша бергенімде тынысым мүлдем бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін». (Бақа оқиғасынан кейін анасына кездескен сәті).

3) «Маңдайдан буым бұрқырап есік алдына шықтым. Сәйбек қарт көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?»

(Педагогикалық кеңес болып жатқан кез).III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.«Білген сайын келеді біле бергім» - Балалар, нені, кімді білгілерің келеді? (Шығарма

кейіпкері Қожа туралы білгіміз келеді). Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Қожа бейнесі. Қожаның іс-әрекеттері, мінез-құлқы арқылы оның бойындағы қасиеттерді анықтап, жинақтап, «Қожа қандай бала?» деген сұрақ төңірегінде ой бөлісіп, Қожа жақсы бала ма, жаман бала ма, бір шешімге келмекпіз. Бұл – бүгінгі өтпек сабағымыздың ең негізгі мақсаты. Дәптерлеріңді ашып,

Page 81: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

81

бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазайық.Ақпанның төрті.Қожа бейнесі.- Жаңа сабағымыздың ерекшелігі: менің бағыт-бағдарым

арқылы өздерің әр түрлі тапсырмалар орындайсыңдар.Жазушы аталарың Қожаның портретін қалай суреттеп

берген еді. Қане, Дәулет, Қожаны көз алдымызға елестетіп, портретін беріп көрші. (Дәулет жатқа айтады).

«Мынау – менің мұрыным. Әжем кейде атымды атамай, «Тәмпіш неме» дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың ауызындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман барсашы, сонда әдемі көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер «Орта бойлы» дейді. Әжем болса «Әкең тәрізді сұңғақ болатынсың» дейді».

- Міне, Қожа бейнесі көз алдарыңда. Дәулет өте жақсы суреттеп айтып берді. Енді «Қожа қандай бала?» деген сұрақ төңірегінде ой бөлісейік.

Сегіз оқушыға үлестірме кеспе таратып беремін. Кеспедегі сұраққа жауап беріп, Қожа қандай бала екенін өз сөздерімен дәлелдейді:

№1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?

№2. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?№3. «Бір секундқа кідіріп, мұрынымды көкке шүйіріп,

маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді. Қожа қандай бала?

Page 82: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

82

№4. «Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

№5. «Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау» деген ойынан Қожаның қандай екені көрінеді?

№6. - Бұл кім?- Мен ғой, ата. Мен – Қожамын.- Мұнда неғып отырсың?- Педсоветке келдім.- Онда сенің не шаруаң бар?- Мен жөнінде мәселе қаралып жатыр.- Сені мұғалім етеміз дей ме?- Директор етеміз дейді».№7.- Мама! Сен жылап отырмысың?...- Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін!–

деп Қожа мамасының тізесін құшақтай, тығылған қалпында жылап жіберді.

Қожа қандай?№8. Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп

өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екенін көрсетеді?- Пікірлеріңді тыңдап, Қожа туралы көзқарастарың,

ниеттерің дұрыс екенін көріп отырмыз.«Ой тастау» стратегиясы.- Қалай ойлайсыңдар, әдепті жолға түсуіне, өз қателігін

түсіне білуіне не себепкер болды? Анасын аяу ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың пед-кеңестен шығып бара жатқандағы айтқан сөзі ме?

IV. Бекіту кезеңі. «Теріп алу» стратегиясы.-Интерактивті тақтаға жағымды, жағымсыз қасиеттерді

тізбелеп жазып қойдым. Қожа бойында қай қасиеттер кездеседі, тақтаға шығып белгілейік.

* алғыр, пысық. * әділетті.

Page 83: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

83

* өтірікші. * мақтаншақ.* ақылды. * әзілқой.* сотқар. * тапқыр.* мейірімді. * арамза.* қу, зымиян. * қателіктерін түсіне біледі.* тиянақсыз. * жағымпаз.* шыдамсыз. * есті тентек.* ақкөңіл.- Повесті қалай меңгергендеріңді байқау мақсатымен

тестік сұрақтарға жауап берейік. V. Түсінігін тексеру.Шығарманың тақырыбы не?А) соғыстан бүлінген елді қалпына келтіру;Ә) ауылдағы ауыр еңбек;Б) соғыстан кейінгі кеңес оқушыларының өмірі.2. Қожаның арманындағы өз бейнесі:А) Қожа – үлкен ғалым;Ә) Қожа – мектеп директоры;Б) Қожа – Кеңес Одағының Батыры.3. Қожаның сыныптасы кім?А) Дәулет; Ә) Сұлтан; Б) Жантас.4. Әкесі майданға кеткенде Қожа нешеде еді?А) 6; Ә) 12; Б) 2.5. Сынып жиналысында Қожаны мектептен шығару

туралы ұсыныс айтқан кім?А) Темір; Ә) Жанар; Б) Жантас.6. Қожаны ұната қоймайтын қарт кісі:А) Тәуіп шал; Ә) күзетші шал; Б) Жанардың әкесі.7. Дойбы ойыны қалай аяқталады?А) Тең аяқталады;

Page 84: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

84

Ә) Жанардың жеңісімен; Б) Қожа жеңісімен.8. Қожа ұрлығы ашылып, қай жерде масқара болады?А) Сыныпта; Ә) Тойда; Б) Лагерьде.9. Қожа күресіп, сыйлыққа не алады?А) Ақша; Ә) Кітап; Б) Доп.10. Қожаның әкесіне борышты адам кім?А) Қаратай; Ә) Сәйбек қарт; Б) Ахметов.11. Сұлтанның әкесі кім?А) Сүгір; Ә) Жұмағүл; Б) Оспанов.12. хикаятта неше тарау бар?А) 15; Ә) 27; Б) 20.VI. Қорытындылау. Өткен сабақта жазушының

өмірімен, повестің мазмұнымен толық таныстық. Бүгінгі сабақта басты кейіпкер Қожа бейнесін толық таныдық деп ойлаймын.

VII. Үйге тапсырма (Шығармашылық жұмыс):1-топ: «Мен қандаймын?»2-топ: «Менің теріс қылықтарым» (ойтолғау жаз).VIII. Бағалау. Оқушылардың бағасын тыңдайық. Тіл маманы Б.Әлібекқызына сөз беремін.Естеліктер айту.- Қожа туралы естеліктер өте көп. (Жазушы Әділ

Балтаның естелігі).«Бекеңнің шапағаты» мақаласынан.«Кинофильмнен деректер айту». Нұрлан Сегізбаев

Қожа рөлін қалай ойнады? Слайдтар көрсетіледі.

Page 85: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

85

Ерлан НҰҒЫМАНОВ,Ақтөбе қаласындағы

№19 орта мектептің мұғалімі.

МАҒЖАННЫҢ «ТҮРКІСТАН» ӨЛЕҢІ(8-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, Түркістан қаласының тарихы мен қазақ елінің бастан кешкен тарихы-ның өзара байланысы, тарихи тұлғаларға шолу жасау, түркі-лер тарихынан түсінік беру; дамытушылық – «Түркістан» сөзінің мағынасын ашу, сөз мағынасын тереңнен түсіну; тәрбиелік – оқушыларға Түркістан қаласының тарихи орынын ұғындыру, елжандылыққа тәрбиелеу, жалпы жан-жақты білім бере отырып, оқушылардың әлеуетін көтеру.

Түрі: интеграл сабақ. Әдісі: зерттеу әдісі, эвристикалық тәсіл. Пайдаланылатын технология: ақпараттық технология. Көрнекілік: интербелсенді тақта, тарихи мәліметтер, сөздіктер, бейнетаспа. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру. Оқушылар түгелделеді.Жаңа сабақ.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында

«Түркістан» бейнетаспасы көрсетіледі.«Бұл қай қала, қай ел?» деген сұрақтар арқылы

тақырыпты ашамыз. «Түркі қағанаты», «Түркістан әфсанасы» атты бейнетаспа көрсетіледі. Бейнетаспадан

Page 86: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

86

алған білімдері мен өз түсініктерін ұштастыра отырып, «Түркілер кімдер?» деген сауалға жауап береді.

«Түркістан» сөзінің мағынасын ашамыз.«Түркістан» өлеңін кезектесе оқи отырып, өлеңнің

тегі мен тақырыбы және мазмұнын ашамыз.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет

береміз.Әр шумағының мазмұнына талдау жасаймыз.Ондағы тарихи тұлғаларға тарих пәнінің мұғалімі

түсінік береді.«Түрік даналары кімдер?» деген сұрақ негізінде

жұмыс жүргізеді.Сөздік жұмыс:Несібі – байлығы. Тұран – түркі елі. Ұсап – ұқсап.

Енші алысу – ата-аналарының материалдық байлығынан балаларының алатын үлесі.

Біз білеміз бе? (Теориялық білімді пысықтауда оқушылар өздері жазады):

1.Табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейіпінде суреттеу – ... 2. Жауап талап етпейтін сөйлем – ... 3. Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау – ... 4. Алдыңғы ойдан соңғы ойды асқақтата суреттеу – ... 5. Танымдық белгі, таңба – ... 6. Кереғар екі затты қатар қоя тұрып, келесі затты суреттеу – ... 7. Екі құбылысты жұптап суреттеу – ... .

Оқушылар кесте бойынша жеке жұмыс жүргізеді.«Тұранның тарихи бар отты желдей, Заулаған қалың

өрттей аспанға өрлей.Тұранның жері мен суы да жат, Теңіздей терең ауыр ой

бергендей» дегендегі от сөзі Мағжанның өлеңдеріндегі бір ерекшелік десек те болады, зор символға ие.

Тілдік талдау“Екі дүние” – полисемия дүние – зат, мүлік,өмір, бұл

Page 87: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

87

өмір, о дүние (оқушылар өз түсініктерін айтады). ғылым мен өнердің, жаңа мен ескінің арасы.“Екі дүние” сөзі фәни мен бақилық кешегі өмір мен бүгінгі тіршіліктің нысаны болар.Оқушылармен әдеби- теориялық білімді пысықтауда

өзара кері сұрақтар ұйымдастырамыз:1. Түркістанға назар аударту үшін, өлеңге бірден ену

үшін «түрік» сөзін қайталау амалын қолданады. Бұл қандай ереже?

Бұл шумақ дауыссыз «т» әріпінен құралған, ол қай бейнелеуге жатады?

2. «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деген өлең жолындағы «түрік» сөзінің этимологиясына тоқталсақ, ол «ер жүрек, батыл» деген мағына береді. Бүгінде «түрік» атауы жалпылама мағынада қолданылады. Ал «бесік» сөзі кіндік қаны тамған, туған жер деген мағына үстейді. «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деген жолдардан қандай әдісті көруге болады?

Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!Бесінші шумақта осы суретті жалғастырып, аспаннан

асқан тауларын, оның басын мәңгіге жапқан қарды аппақ шаш деу арқылы тамаша үлгіде суреттейді. Келесі жолдары сондай әдемі. Ол жердегі ерке бұлақ – айқындау, таудан аққан салқын жас – бұлақтың бастау алар көзі. Бұл жолдардан жай ғана бұлақты балаша ойнатып, бастауды тірі жандай жылатып, жандандырып адам қылығымен ауыстыра суреттеген. Бұл бізде не деп аталады?

Абай «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» десе, Мағжан «кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял» деген тың тіркесті Тұранның ерлеріне байланысты қолданған. Бұл

Page 88: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

88

қандай әдіс?Қорытындылау:1.“Түркістан” өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған?2. Бүкіл түркі елі Түркістанды киелі жер деп түсінеді.

Себебі неде?3. Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа, Түріктен басқа от болып жан туып па? Көп түрік енші алып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?Ақынның айтайын деген ойын анықта?Өлеңде «түрік» деп келе соңында жекелеп қазақ жерін

атап көрсетеді.Осыдан не аңғардық?Қазақ халқында “Көк” деген сөздің мағынасы не? Қасиетті қазақ жері –түркілердің басын қосатын

киелі мекен.Үйге тапсырма. Өлеңнің ұнаған жерін жаттап алу.

Мағжан Жұмабаев өмірі туралы қосымша оқу.

Жанар ҚАРАЙДАРОВА,Ақтөбе облысыныңТемір ауданындағы

«Саркөл» орта мектебінің мұғалімі.

«БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ»Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға романның

оқиға желісін меңгерту, тақырыбын ашу, Міржақыптың негізгі айтайын деген ойын аңғарту; дамытушылық – әр түрлі сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау қабілетін шыңдау; тәрбиелік – шығарманы талдау арқылы әдет-

Page 89: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

89

ғұрыптарды сақтау, өз бас бостандықтары үшін күресе білуге, ұлттық салт-дәстүрді биік ұстауға, тәрбиелі ұл-қыз болып өсулеріне ықпал жасау.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту. Әдісі: Венн диаграммасы арқылы образдарды талдату, ұжымдық жұмыс, логикалық модель арқылы шығарма қорытындысын жасау. Көрнекілік: газет беттеріндегі деректер, «Бақытсыз Жамал» романы, хрестоматия, оқулық, интерактивті тақта, кесте, қағаздар, хат.

Сабақ барысы.Ұйымдастыру. Амандасу, түгелдеу. Назарларын сабаққа

аудару. Тақтаға жаңа сабақтың эпиграфы ілінеді.«Махаббатсыз дүние бос....» ( Абай).Жаңа сабақ.- Міржақып Дулатовтың өз дәуірі үшін маңызды, айтулы

ірі еңбегі – «Бақытсыз Жамал» романы. Ол ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылып, 1910 жылы Қазанда басылып шықты. Қазақтың ұлттық әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі болып саналады. Шығармаға арқау болған оқиғалар: ХХ ғасыр басындағы қазақ өлкесінде жиі кездескен жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамға ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес мәселелері. Автор қоғам тартысының қайшылықты жақтарын шынайы, нақты әрекет, тартыс арқылы көрсете білген.

Романның оқиға желісін төмендегі сызба бойынша әңгімелеймін.

«Бақытсыз Жамал» романы:Басталуы: Сәрсенбайдың қуанышы.Байланысуы: Жамалдың зеректігімен, ақыл-көркімен көзге түсуі.Дамуы: Жамалдың Жұманға атастырылуы.Шиеленісуі: Жамал мен Ғалидың бірін-бірі ұнатуы.

Page 90: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

90

Шарықтау шегі: Ғалидың қызды алып қашуы.Шешімі: Ғалидың қазасы.Қорытынды: Жамалдың хаты.Оқушыларды қатыстыра отырып, романның он үш

бөліміне ат қойғызамын. Шығарманың композициялық құрылымы: І бөлім. Сәрсенбайдан «Сүйінші» сұрау немесе Сәрсенбайдың қуанышы.ІІ бөлім. Сәрсенбайдың қызы болуы.ІІІ бөлім. Жамалдың ер балаша киінуі, әке алданышы.ІV бөлім. Жамалдың сауат ашуы.V бөлім. Сәрсенбайдың сайлауда жеңілуі.VІ бөлім. Жамалдың Жұманға атастырылуы.VІІ бөлім. Жамалдың уайымы.VІІІ бөлім. Ғали мен Жамалдың кездесуі.ІХ бөлім. Жамал мен Ғалидың сүйіспеншілігі.Х бөлім. Ғалидың қызды алып қашуы.ХІ бөлім. Сәрсенбай ауылындағы дау.ХІІ бөлім. Ғалидың қазасы.ХІІІ бөлім. Жамалдың қазасы.Оқушыларға конверттен Жамалдың хаты алынып

оқылады. Мұғалім тағы да романның құрылысы мен ерекшеліктері туралы түсінік береді.

І тапсырма. Венн диаграммасы. Ғали: Жұман: кедей жігіт. бай баласы. Жамалдың құрдастары: оқыған, өнерлі. оқымаған. (Оқушылар диаграмманы толтырады).ІІ тапсырма. Ойқозғау: «Міржақып туралы не

білемін?»

Page 91: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

91

ІІІ тапсырма. Топпен жұмыс.«Ойшақыру» (Деңгейлік сұрақтар):1. Шығарма неге «Бақытсыз Жамал « деп аталған?2. Романның ерекшелігі неде? (Өз бақыты үшін күрескен

қазақ қызының іс-әрекеті).3. Жамалдың Жұман үйіндегі әрі қарай өмірі қалай

жалғасар еді? Тағдыры не болар еді?4. Романдағы қай кейіпкерден үлгі алар едің?5. Романдағы ұнамды кейіпкерлер кімдер?6. Романдағы ұнамсыз кейіпкерлер кімдер?7. Роман оқиғасы қалай басталып, немен аяқталды?8. «Бақытсыз Жамал» романындағы салт-дәстүр қазіргі

таңда сақталған ба?9. Романда кездесетін қарама-қайшылықтар осы өмірде

кездесе ме?10. Жамалдың бойынан қазақ қызына тән қандай

қасиеттерді көреміз?11. Жамалдың орынында сендер болсаңдар қиын-

дықты қалай жеңер едіңдер?ІV тапсырма. Сабақтың қорытындысы: «Не білдік?»(Сабақ соңында қорытынды логикалық модель беріледі,

балалар бір-бірден білетіндерін толықтырып, тақтадағы кестеден белгілейді).

Оқушыларға Тұрсынхан Әбдірахманқызының «Өкініш – ақын ерте көз жұмғаны» өлеңін оқып беремін.

- Өз мезгілінің күрделі әлеуметтік, қоғамдық мәселесін көтерген, махаббат бостандығын жыр еткен, жанрлық тұрғыдан қазақ әдебиеті үшін жаңалық болған «Бақытсыз Жамал» арқылы 25 жастағы Міржақып Дулатов ұлттық әдебиетімізде тұңғыш романшы болды. Романда ар-намысын аяққа таптатпаған батыр мінезді қазақ қызының бейнесі шынайы сомдалды. Бақытсыз қазақ қызының өсиеті болашақ күндерге арналған.

Page 92: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

92

Сыныптан тыс сабақМирамгүл ҚУАНЖАНОВА,

Құдайберген Жұбанов атындағы орта мектептің мұғалімі.

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы.

СӨЗ – МЕРГЕНМақсаты: 1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінен білімдерін тексеру; 2) оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тұрақты сөз тіркес-тері мен мақал-мәтелдерді ажырата білуге, олардың мәнін дұрыс ұғынуға баулу, өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау; 3) тіл шеберлігін арттыру, адамгершілік тәрбиесін беру, өз Отанымызды құрмет тұтуға, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрімізді қалыпқа келтіруге үлес қосуға тәрбиелеу. Түрі: білімді тексеру. Көрнекілік: сабақ кезеңдеріне жаз- баша сөздер, тұрақты сөз тіркестері, шарлар, интерактивті тақта.

Сабақ барысы.Сыныпты үш топқа бөлемін.Үш топтың ішінен қайсы топ

ойыншылары ойынды бастайтындарын мақалдың жалғасын таптырту арқылы белгілеп алу (слайд арқылы ұсыну).

Тау мен тасты су бұзар (Адамзатты сөз бұзар). Денің сау болса жарлымын деме (Жолдасын көп болса жалғыз- бын деме). Жалғыз ағаш – орман болмас (Жалғыз кірпіш қорған болмас).

I кезең: «Мықты болсаң тауып көр». Мына берілген сызбалар бойынша зат есімдер мен етістіктерді қатыс-тырып, тұрақты сөз тіркестерін құру, мағынасын түсіндіру.

Бала Сиыр Күшік

Page 93: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

93

Әйел Ат Ит Қыз жиған Түйе салмау Тауық өлгенАдам Қой ҚазЖауабы: Қыздың жиған жүгіндей, ат ізін салмау, ит

өлген жер.Ат Күшік КүнТай Мысық АйСиыр ала қашты Тауық қаптады Жұлдыз туды Ешкі Ит ЖерЖауабы: Ат тонын ала қашты, ит терісін басына

қаптады, айы оңынан туды.Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде

мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді көп қолдана білген. Осы кезеңде берілген сын есімдер мен етістіктерден мақал- мәтелдер құру.

II кезең: «Жүйрік болсаң шауып көр» Жас Балғын ТарКәрі түспес Үлкен керіспес Кең болмайсың Бойшаң Жас ҰзынҰзын Кәрі Қысқа Жауабы: Кәрі түлкі қақпанға түспес. Кіші үлкенмен

керіспес. Кең болсаң кем болмайсың.Тіл Би БатырТіс өткір Сезім қызыл Азамат айласызЕрін Өнер БалаЕзу Достық ЖігітЖауабы: Тіл қылыштан да өткір. Өнер алды – қызыл

тіл. Айласыз батыр алдырар.Шешендік өнер – тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің

шыңы. Жұрт алдында қағазға қарамай сөйлейтін кісілер айтатын ойын да, айтар сөздерін де табан астында «суырып салып» сөйлейді. Осы кезеңнің шарты бойынша сұрақтарға жауап беру. Әр топ басшысы өзінің дайындап келген

Page 94: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

94

шешендік сөздерін басқа топқа ұсынады. ІІІ кезең: «Шешен болсаң тауып көр».IV кезең: «Көнерген сөз құпиясы». Әр топ сөздердің

мағынасын ашады.1. Сұну – оқталу, кезену. Қошқы – ауыл басы

2. Сабау – жүнге арналған шыбық ағаш. Бұрт – қырғыз-дарды кемсітетін атау. 3. Ғибрат – үлгі. Орда – асық ойынының бір түрі.

Көрермендермен ойын. Үш топтың да жанкүйерлеріне арнап үш әріп беріледі. Сол әріптен басталатындай етіп, төмендегі сұрақтарға жауап береді:

1. Сенің атың кім? 2. Сен қайда тұрасың? 3. Сенің досың кім? 4. Қандай гүлді жақсы көресің? 5. Қандай тағам ұнатасың? 6. Қандай қалаға баруды армандайсың? 7. Сенің анаңның аты кім?

Ата-бабаларымыздың сан ғасыр ұлы арманы болған, ұл-қыздарымыздың киелі қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыздың бірі – тіл. Сондықтын туған тілімізді шұбарламай, әркез көзіміздің қарашығындай сақтай білу – бүгінгі ұрпақ парызы.

Гүлзада САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ,Cолтүстік Қазақстан облысының

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданыныңҚырымбет ауылындағы

Қырымбет негізгі мектебінің мұғалімі.

«БІЛІМНІҢ ЖАҒЫП ШЫРАҒЫН»Мақсаты: әдебиет сабағы барысында алған білімдерін

саралау, әдебиеттегі ірі ғұламалар шығармаларын оқу

Page 95: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

95

арқылы оқушыны өмірді терең түсіне білуге үйрету, өз пікірлерін дәлелдей білуге, өнерді өз пайдасы үшін пайдалануға үйрету, отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: кестелер, плакаттар.

Әдебиет – өнер атаулының құдіреттісі. «Өлең – сөздің патшасы» деген Абай. Сөз өнері – адамзаттың тәрбиешісі.

Қазақ әдебиеті – қазақ тарихының көркем шежіресі. Сонау замандардан бері ұлтының үміт-арманы мен рухын бейнелеп,адамгершілік пен ізгілікті, өрлік пен ерлікті арқау еткен асыл мұраларымыздың орыны бөлек. Олай болса, бүгінгі біздін сайысымыздың мақсаты да осы болмақ.

Сайысқа 8-сынып оқушылары қатысқалы отыр:1-топ: «Тапқырлар», 2-топ: «Алғырлар», 3-топ:

«Білгіштер».Сайыс кезеңдері: I. Зулайды жылдар;II. Бұл қай тұлға?;III. Нақтырақ ойлан;IV. Ақындарша жырлаймын;V. Ойлан,тап!;VI. Тығырыққа тірелгенде.

I. Зулайды жылдар.Бұл кезеңде 3 топқа 5 сұрақтан оқылады. Қолдарыңды

көтеріп қана жауап бересіңдер. Әр сұрақтың жауабы – 10 ұпай.

«Тапқырлар» тобына:1. Махамбет қай жылы дүниеге келген? (1806).2. Шәкәрім қай жылы туған? (1857).3. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын кім жазды? (Шәкәрім).4. Бір-бірлеп мың болар,Тама-тама көл болар. Кімнің мақал-мәтелдерінен

үзінді? (Махмұт Қашқари).

Page 96: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

96

5. «Зар заман» толғауын кім жазды? (Шортанбай Қанайұлы).

«Алғырлар» тобына:1. Мұхтар Әуезов қай жылы дүниеге келді? (1897). 2.

«Қаздар қайтып барады?» әңгімесін кім жазды? (Қабдеш Жұмаділов). 3. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас» кімнің кітабындағы мақал-мәтел? (Махмұт Қашқари). 4. Шортанбай қай жылы дүние салды? (1881). 5. «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының басты кейіпкерлері кімдер? (Бақтығұл, Тектіғұл, Жарасбай, Сәлмен).

«Білгіштер» тобына:1. Таһауи Ахтанов қай жылы дүниеге келді? (1923).2. «Әпке» драммалық шығармасының басты кейіпкерлерін

ата? (Қамажай, Тимур).3. Алгебра туралы трактаттарды жазған кім? (Омар Хаям).4. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін кім

жазған? (Абай).5. Ахмет Иассауи қай ғасырда өмір сүрген? (XII)II. Бұл қай тұлға?

10Міржақып Дулат

30Әбілхасан Рудаки

20Шәкәрім

20Омар Һайям

10Мұқағали Мақатаев

30Мағжан Жұмабаев

1. Кім сендерді, балалар, сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.- Тұн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. (Міржақып Дулат. 10 ұпай).2. Адамның жас кезінде атқарған істерінің бәрі де мәнді,

көркем, ал жасың ұлғайған сайын оның мәні де, сәні де азая бермек. Кәрілік кезеңі адамның қартайып тозуы ғана емес, сонымен қатар ақыл-ойының да тоқырайтын, ортаятын кезі

Page 97: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

97

дегенді өлеңінде тұспалдайды. Ол кім? (Шәкәрім. 20 ұпай).3. Бала жатыр төсекте албыраған, Әке жатыр еденде қалжыраған. Түн күзетіп ана отыр, көз жанары Шарасыздан шаршаған, жаудыраған. Кімнің поэмасы?

(Мұқағали Мақатаев. 10 ұпай).4. Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі, Қарап тұрсаң, өмір – ақыл теңізі. Өмір айтты: «Бақытты деп өзгелер, Күйінбесең саған рахат тез келер». Кімнің өлеңінен

үзінді? (Әбілхасан Рудаки. 30 ұпай).5. Оның 300-ден астам рубайлары бар. Онда ақын

өмірдің мәнін уақыттың тез өтетінін, жақсылық пен ізгілік, надандық пен ғылым іздеу, о дүние жайлы толғаныстарын жазған. Бұл кім? (Омар Һайям. 20 ұпай).

6. Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібі ғой. Кімнің өлеңі? (Мағжан

Жұмабаев. 30 ұпай).III. Нақтырақ ойлан. Ұяшық астында жасырынған

өлеңнің авторын, тақырыбын табады. 10 ұпай аралығындағы көрсеткішті таңдайды.

Тапсырма:1. Әуелгі қорлар зор болды, Сондай зорлар қор болды. Әуелгі барлар жоқ болды, Сондай жоқтар тоқ болды.2. Ілімге толса көкірек , Ашылар көзі сананың ... Жігіттің көркі – өнері...3. Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Page 98: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

98

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:«Бұрынғы атамызға сыйға бергенБіздерде мынадай бар,мынадай бар!...» Кімнің өлеңінен

алынған үзінді? (Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға»).4. «Атымды айта бастасам,тілім таңдайыма жабысып

қалғандай болады да тұрады.Адамның атының сүйкімді болуы зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, «Бұлар жоғары идеялы есімдер». Кімнің, қандай шығармасындағы кейіпкердің сөзі (Б.Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа»).

5. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы – ақ қырау, түсі – суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. /Абай. «Қыс».6. Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр,салқын төске алмай /Махамбет. «Ереуіл атқа ер

салмай».IV.Ақындарша жырлаймын.«Күпі киген қазақтың қара өлеңінШекпен жауып өзіне қайтарамын» дегендей (Мұқағали),

өздері қалаған ұяшық астындағы тақырыпқа сай өлең, мақал-мәтел құрастырды.

1. Көктем туралы. 2. Ана туралы. 3. Туған жер. 4. Еңбек туралы. 5. «Махаббатсыз дүние бос». 6. Нағыз дос. 7. Білім туралы. 8. Жаз туралы.

V. Ойлан, тап. Мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

Page 99: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

99

«Тапқырлар» тобына1. Ағаш тамырымен мықты, ... 2. Денің сау болса

жарлымын деме. ... 3. Досы көппен сыйлас, ... . 4. Досы көптің жаны семіреді, ...

(Досы азбен сырлас. Асы көптің тәні семіреді. Жолдасың көп болса – жалғызбын деме. Адам дос-жаранымен мықты).

«Алғырлар» тобына:Мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын

түсіндіріңіз:1. Дос көтерер көңілді, ... 2. Оқусыз күнің жоқ, ... 3. Оқу –

білім бұлағы, ... 4. Тіл тас жарады, ...(Тас жармаса бас жарады. Білім – өмір шырағы. Мал

көтерер өлімді. Білімсіз күнің жоқ).«Білгіштер» тобына1. Білекті бірді жығар, ... мыңды жығар. 2. Қына тасқа

бітеді, ... ... ... . 3. Туған елдей ел болмас, ... ... ... . 4. ... ..., қағазда аты қалар; ұста өлсе істеген заты қалар.

(Білімді өлсе. Білім басқа бітеді. Туған жердей жер болмас. Білімді).

VI. Тығырыққа тірелгенде.Түрлі жағдаяттан шығу (10 ұпай беріледі).1. Сынып жетекшіңіз «Тез келсін» деп шақырды.

Жүгіріп келсеңіз ашуланып тұрған сынып жетекшіңіз сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрса жөнелді. Сіз не істейсіз?

2. Үзілістен соң сыныпқа кірсең сөмкеңдегі ұялы телефоның жоғалған. Өз сыныбың. Үзілісте тастап кеткен өзіңіз. Сіз сыныпқа кіргенде ешкім жоқ. Не істейсіз?

3. Сіз жайбарақат сабақ жазып отырсыз. Сабаққа сирек келетін оқушының бірі әй-шәй жоқ ентелеп келіп, үшінші партада отырған сізге келіп жағаңыздан алып жанжалдаса бастады. Сіздің әрекетіңіз?

Page 100: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

100

Сайыс қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

Топтар 1 2 3 4 5 6 Қорытынды1-топ «Тапқырлар»2-топ «Алғырлар»3-топ «Білгіштер»

Жанар ҚАЙНАЗАР,Алматы қаласындағы

«Жаңа ғасыр» №175 гимназиясының мұғалімі.

«СӨЗ МЕРГЕНІ» ТІЛ САЙЫСЫ(7-сыныптар)

Бұл – көне сөз, астарлы ұғым, мақал мен мәтелді бір кісідей білетін сенімді жандар сайысқа түсетін сайыс. Сайыстан жеңіп шыққан топ тілге жүйрік, сөзге шешен, қазақ тілінің қадір-қасиетін танытқан, нағыз «Сөз мергені» деген атаққа ие болады.

Мақсаты: а) оқушылардың сөз тапқырлығын, тіл шеберлігін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, ойларын тез, ұтымды жеткізе білуге дағдыландыру; ә) өз тілімізді жандандыруға, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрімізді қалыпқа келтіруге үлес қоса білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайдтар, интерактивті тақта, шарлар мен қанатты сөздер.

Сабақ барысы:Оқушыларды топқа бөлу.

Page 101: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

101

Олардың өз топтарына қойған аттарына тоқталу.Мақал-мәтел – бабадан қалған мұрамыз,Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз. Кезекті мақал-

мәтелге береміз.Төрт топтың ішінен қайсысы ойынды бірінші

бастайтындарын анықтау үшін берілген мақал-мәтелдердің жалғасын таптыру арқылы белгілеу.

Мектеп – білім ордасы, ..... (Ұстаз – мектеп тұлғасы).Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, ..... (Еменнің иілгені –

сынғаны).І кезең. Тұрақты сөз тіркестері:Әр ұяшықта сөз тіркестері берілген. Сол сөз тіркестерін

дұрыс тапса, әр топ өз ұпай сандарына ие болады. Әр ұяшықта берілетін ұпай саны – 10.

1. Бармағын шайнау – өкіну.2. Ит арқасы қиянда – алыс.3. Қас қағымда – лезде.4. Отты көз – жанарлы, өткір көз.5. Сүттей ұйыды – шын иланды, қалтқысыз сенді.6. Ит тұмсығы батпайтын – өтпейтін.7. Сүттен ақ, судан таза – кіршіксіз таза, кінәдан аулақ.8. Ат ізін салмау – хабарласпау.9. Жұлдызы қарсы – араз.10. Қолды болу – ұрлану.11. Жабулы қазан жабулы күйінде – сырды жасыру.12. Сіркесі су көтермейді – ештеңені көңілі жақтырмайды.ІІ кезең. Сөз тапқанға қолқа жоқ.Әр топ берілген уақыт ішінде сөз құрап үлгеру қажет. Берілетін ұпай саны құрастырған сөз санына қарай

беріледі.І топ – «Әсемпаз». ІІ топ – «Келіншек». ІІІ топ –

«Қарындас». IV топ – «Саналы».

Page 102: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

102

ІІІ кезең. Мықты болсаң тауып көр.Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу:Жара ОйТұмау қадалды Қуаныш сыймадыЖөтел ЖұбанышШаншу Сезім(Шаншу қадалды) (Қуанышы қойынына сыймады)

Бір СырОн құбылды Иман ұшырдыМың ҚуанышЕлу Мұң(Мың құбылды) (Иманын ұшырды)

Шипа ҚуысКөңіл қонымды Тар кеудеСезім КеңДерт Доғал(Көңілге қонымды) (Қуыс кеуде)ҰршықЖіп көзінен өткендейОймақИне(Ине көзінен өткендей)ІV кезең. Жүйрік болсаң шауып көр.Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу:Ине ҰстаТебен қазғандай Ұстаз ұстамЖуалдыз ӘншіҚұдық Тігінші(Оқу инемен құдық қазғандай). (Ұстазы жақсының ұстамы жақсы).

Page 103: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

103

Аты БілекЕсімі хат Алақан білімНыспы СаусақТегі Шынтақ(Жақсының аты өлмейді, (Білекті бірді, Ғалымның хаты өлмейді). білімді мыңды жығады).

Алпыс СызғышЖетпіс түйін Қарындаш алтынСексен КітапТоқсан Қаламсап (Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні). (Кітап – алтын қазына).V кезең. Ойлы болсаң озып көр. Көнерген сөздердің мағынасын ашу. Берілген сөздердің

барлығы интерактивті тақтада ұяшықта көрсетіліп тұрады.

1. «Шатұқ». Шатұқ – теңіз балығынын мүйізі. Одан пышаққа сап жасалады.

2. Ұста сайманы.Аңшы құралы. қож.Тігінші құралы.Ұста сайманы. Сүйектен жасалған құрал.3. «Дамолла». Дамолла – діни медреседегі мұғалім.4. «Инелік». Инелік – ау тоқитын ағаш құралы.Сонымен сайысымыз өз мәресіне жетті. «Сөзмерген»

ойыны тапқырлық пен ұшқырлықты талап етеді. Сондықтан әрі тапқыр, әрі ұшқыр тобымызды анықтап, оларды жеңіске жетулерімен құттықтайық.

Сайыс бойында жинаған ұпай сандары есептелініп, жеңіске жеткен топ марапатталады.

Page 104: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

104

Қызықты грамматика

Мәдина ДҮТБАЕВА,Шығыс Қазақстан облысының

Үржар ауданының«Қарақол» ауылындағы

мектептің мұғалімі.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДАН ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ

Е дыбысынан басталатын бірнеше жер-су және адам аттарын тауып жазу.

«Басқатырғы» стратегиясыНе азбайды? Не тозбайды? Қандай үй базар? Не

сүйектен өтеді? Не тас жарады? Кім майданда шынығады? Не көлін аңсайды? Не жауса жер ырысы?

“Көсемдікке ұмтылу” стратегиясы Көп нүктенің орынына тиісті дауысты дыбысты

қойыңыз.

Осы мектепОс... сен...ң алт...н ұя мектебің,Б..лім деген шу...қ сепкен көкт... Күн.Дәм..н татып тәттілігін с...зініп,Бер...р батам: «Бүрш..к жарып көктегін!».Тал...йларғ... сепкен , б..лам, бұл мект...пБілім дәні кеуд..сінде ж...р көктеп.

Page 105: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

105

Сонд...қтан да осы алтын ...яңдыҚай к...зде де жүргенің ж...н құрм...ттеп!

«Салыстыр» стратегиясы. Осы мектепОсы сенің – алтын ұя мектебің,Білім деген шуақ сепкен көкте Күн.Дәмін татып тәттілігін сезініп,Берер батам: «Бүршік жарып көктегін!».

Талайларға сепкен, балам, бұл мектепБілім дәні кеудесінде жүр көктеп.Сондықтан да осы алтын ұяңдыҚай кезде де жүргенің жөн құрметтеп! Құрман Малдыбаев, жергілікті ақын.Тек қана бір дыбыстан басталатын сөйлем құрау:А... а... а... а.... .Ө... ө... ө... .Ә... ә... ә... ә... .Мысалы: Анар ағаштан алма алды.

Үйге тапсырма: дауысты дыбыстарға жұмбақ құрау:Көлде бар,Бұлақта жоқ.Шөлде бар,Құрақта жоқ. (Ө).

Page 106: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

106

Оқырман ой тастайдыРыскелді САБЫРБАЙ,

Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

«МЕРЕЙТОЙ - 55 ЖӘНЕ 50» АЙДАРЛАРЫ

Тұрақты оқырманымыздың бірі, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы №4 орта мектептің мұғалімі Сайран Бәкенұлының «Тоқсаныншы жылдардағы журналдарда «1991 жылдың наурыз айынан бастап шығады» делінген. Ал бертін келе «1958 жылдың наурыз айынан бастап шығады» деп жазылып жүр. Егер журнал 1958 жылдан шықса сол кезде жарияланған мақалалардың электронды нұсқасын архивтеріңізден көріп оқуға бола ма?» деген сауалы бар екен.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы ССРО-ның ұлт үшін бір жылымық сәті – 1958 жылы жарық көрген-ді. Коммунизмге «орыстанғанда ғана жететін» қоғам үшін мұнысы оң болмай, екі жылдан кейін қайта жабылған ғой. Ұлттық еңсеміз едәуір көтерілген 1990 жылы Қазақ ССР-ы Білім министрінің арнайы бұйрығымен жұрналды қайта шығару туралы қаулысы қабылданды, ал оның нақты жарыққа шығуы 1991 жылға орайласты. Сондықтан бастапқы кезде қайта жарық көрген мерзімі көрсетіліп (1991), кейін тарихи датасы қалпына келтірілді. Ал енді, Сәке, сіз айтқан электронды нұсқасы емес, сол 1958, 1959 жылдардағы жұрнал топтамасы редакцияда толықтай сақталынған. Оқып көруіңізге болады.

Иә, биыл жұрналдың 55 жасқа келуі ғой. Кісі жасын істеген ісімен, жұмысымен үйлесімде орайластырғанның еш әбестігі бола қоймас. Жұрнал жасы екі бес (55) болып көзге көрінсе, сол 1958-ден бір 5-тен кейін дүние есігін біз

Page 107: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

107

де ашқан екенбіз.2011 жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 20

жылдығы және «Қазақ тілі мен әдебиетіндегі» еңбек жолымыздың 20 жылдығы құрметіне осы жылдар ішінде осы жұрналда жарияланған мақалаларымызды жинақтап бір нөмірін арнаған едік. Мақалада сөз болған мәселелер, айтпақ уәжімізге жұрт назарын жүйелей аударту ойымызда бар болатын. Ауызша хабарласулар аз болған жоқ, хат жазған майталман мұғалім оқырмандар да болды. Мәселен, соның бірі – Алматы облысы Балқаш ауданындағы Кәмшат Жұмабайқызы: «Сәлеметсіз бе, аса құрметті Рыскелді аға! Жұмысы бастан асатын, таусылмайтын қағазы көп оқу ісі жөніндегі орынбасар бола тұра, жұрналға жариялан-ған әрбір дүниелеріңізді екшеп, мән беріп, қажеттерін қолданатынымды несіне жасырайын. Сырттай оқыған маған сіздердің басылымдарыңыздың көмегі көп тиді. Алайда ... ... сіздің осы жұрналда үзіліссіз 20 жыл еңбек еткеніңізді күнделікті күйбеңмен ұмытып кетіппін. Қолым қалт еткенде сіз туралы қайта оқып, есіме түсіп, қатты ыңғайсыздандым. «Ештен кеш жақсы» демекші, мен сізге шығармашылықтың шыңын тілеймін! Әрдайым дәл осындай жігеріңізбен, қажыр-қайратыңызбен шаршамай, талмай көпшіліктің құрметіне бөленіп, табыстан табысқа жетуіңізге шын жүректен тілектеспін! Мейірімі шексіз Алланың өзі қолдап, денсаулығыңыз болаттай берік болсын!».

Айтқаның келсін, Кәмшат қарындасым, елгезек әрі кішіпейіл қасиетіңе көптен-көп рахмет! Жарқылдай жүріп шәкірттеріңнің, ата-аналардың алғысына бөлене бергін!

Иә, біздің де қол қысқа! Жазып жүйелеп, талдап таразы-лап жөнге салынуы тиіс істер қаншама?! Уақыт керек, күш керек.

Page 108: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

108

Бұрындары мұғалімнің айтқан мәселесін немесе соған қатыстыны індете зерттеп мақала жазушы едік... Қазір келіп түскенді жинақтаушы, іріктеуші, дайындаушымыз, «педагог-журналист» дегеннен гөрі «педагог-редактор» дегенге нақты сай келеді. Педагогикалық басылымдар көбейді, педагог-журналистер де көбеюі керек еді, бірақ азайды. Тіпті, олар бар ма қазір?! Бар болса кім-кімдер?

Егер біздің қол ұзын болса, мәселен, Мәди ауылында-ғы (Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) Мейрамгүл Күзембаеваның хатындағы сауалдарының себебін қамтып мақала жазар едік: «Мені қынжылтатыны – ауыл мектебіндегі жыл сайын бала санының азаюы. Кейбір сыныптар қысқарып, бірігіп кетіп жатыр. Шағын мектеп болу қаупі бар, соған қынжыламын. Қайда барамыз...?! Алдымызда – 5 бала, кейбір сыныпта – 7 бала... Сіздерден өтінерім: шағын мектепте қалай сабақ өткізуге болады?..»

Сонда жыл сайын бала саны азая берсе, мектептің де жабылу қауіпі бар емес пе? Мектепсіз ауыл болмайды. Сонда бұл арада ел ардақтысы – «Мәди жоқ болмақ... Алтын бесік – ауыл» жойылады.

«Тас түскен жеріне ауыр» демекші, жалпы мұндай мәселені кең-молынан сөз ете, мұғалімнің өзінің жазғаны да дұрыс екенін естеріңізге сала кетейік.

Жұрнал сапасы авторларының еңбегіне байланысты. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы мұғалімдерінің сабақ үлгілері, ғылыми-әдістемелік, танымдық мақалаларының құндылығы аңғарылып-ақ тұрады: Төлеуова Сая Дәулет-қызы, Ниеталина Әлия Ниеталықызы, т.б. Қызылорда қаласы, облысы ұстаздары енді-енді суырылып алға шығып келе жатқандай. Батыс Қазақстан облысы мұғалімдері мақала жолдау белсенділігімен көзге түседі.

Page 109: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

109

Сондай-ақ басылымның тұрақты авторлары қатарында тараздық Меңдібай Әбілұлы, жармалық Рахметова Жұмабақыт Толышқызы, жаңақорғандық Байдүйсенова Гүлнара Сейітханқызы, аралдық Жанзақова Рахия Тәңірбергенқызы, т.б. бар. Осы орайда жуырда зейнет жасына сан қырлы, тәлімдік қызметімен келіп жеткен Жұмабақыт Рахметоваға «Бейнетіңіздің зейнетін ғұмыр жасыңыз көрсете беруге жазсын» деп бірауыз тілек айта кеткен орынды болар.

Нені, қай тақырыпты жазу керектігі, жұрналға, әсіресе, қандай мақала керектігі жөнінде хабарласқан оқырманымыз-ға бағыт-бағдар беруге қашанда жалықпаймыз. Келіп түскен мақаласының болмысынан кісінің жұрналды мән беріп оқитыны, оқымайтыны аңғарылып-ақ тұрады. Сарашы ретінде өткір дүниенің жүзін майырылтқан жеріміз жоқ.

Мектепте, білім беру саласында ер адамдар аз дейміз. Барын бағалай білейік. Қайта жарық көргенінен бастап басылымның әр нөмірі мазмұнында кем дегенде үш ер адам еңбегі тіркелуін заңдылық ретінде ұстанудамыз.

«Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс», «Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс» айдарында талай жылдан бері негізінен жаңа сабақ үлгілері орын алуда. Қайталау сабағыңызды ол арадан іздеп әуре болмаңыз. Мұғалімнің кәсіби нақты шеберлігі, іскерлігі жаңа тақырыпты оқушыларға игертуі кезінде анық, айқын көрінеді.

Мағжан Жұмабаев 1923 жылы шығарған «Пидагогика» еңбегінде (А., «Рауан», 1993) «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» депті (109-бет). Мектебімізді «өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге» келтіре алдық

Page 110: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

110

па?! Қарайған-зорайғанды қалқа тұтып, соңынан ереміз деп жүріп далақтап айдалада ұлтсызданып қалмаймыз ба?.. Иә, айтуға – оңай, жазуға – қиын.

Алла бұйыртып жарты ғасыр ғұмыр кешіппіз. Бағалай-тын жандар үшін – білімдіміз, өсіппіз. Алқын-жұлқын көзбояушы-пысықай (халтурщик) жазғаныңды, сызғаныңды неғылсын, олар үшін керексізбіз, құр бос сөзді бөсіппіз...

Ширек ғасырдай тіршілігіміз осы басылыммен байланысты болды. Жұрналдағы жұмысымыздың бағасын ұстаздар дұрыс берген болар, шындығы сол шығар. Бәлкім, көңілжықпастық, т.б. орын алды ма екен?..

Қалай болғанмен де ұстаздардың үш жыл көлеміндегі (2010, 2011, 2012) пікірлерімен сөзімізді түйіндегенді жөн көрдік.

2010 жыл есебінде:Мен төл жұрналымыздың 1997 жылдан бергі тұрақты

оқырманымын. Өзім Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімімін... Мұғалім болып жұмыс жасағаныма 13 жыл болады.

Мұғалім шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауына сіздердің жұрналдарыңыздың жәрдемі мол. Осы жылдар ішінде сабақ не сыныптан тыс сабақ өткізу барысында көмек керек болған жағдайда «Қазақ тілі мен әдебиетіне», әріптестерімнің осында жарияланған әдістемелік мақалаларына сүйеніп келемін...

Сәлеммен: Есенқазақова Ақмарал Еркебайқызы.Менің білім ошағында қызмет атқарғаныма 7 жыл

болды. Осы жылдар ішінде тіл мамандарының төл жұрна-лы болып саналатын «Қазақ тілі мен әдебиетіне» үзбей жазылып келе жатырмын. Сіздердің басылымдарыңыздан көп нәрсе үйренуге болады. Ғалымдардың, зерттеушілердің, тәжірибелі ұстаздардың мақалалары, сабақтары да біз

Page 111: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

111

сияқты жаңа бастаушы мұғалімдерге ауадай қажет екені сөзсіз. Алдағы жылдарда да өзімнің сүйікті басылымыма жазылуды жалғастыру арқылы халыққа беделі бар, жас мамандарға тигізер пайдасы мол жұрналдың өмір сүруіне аз болса да өз үлесімді қосармын деп ойлаймын.

Құрмангүл Баяхметова, Алматы облысы, Алакөл ауданының «Үшбұлақ» ауылындағы орта мектептің мұғалімі.

Төл жұрналыма 1993 жылдан бері үзбей жазылып, ұстаздық қызметім мен педагогикалық тәжірибеме алтын арқау етіп келемін. Сол үшін де сіздерге шексіз ризамын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

Темірболатова Айнагүл Қарымсақызы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінің мұғалімі.

Сіздердің жұрналдарыңыздың өз өмірін ұрпақ тәрбие-сіне арнаған, қазақ тілінің қыр-сырын меңгертіп, кестелі сөздермен өрілген ана тіліміздің қадірін ұғындыратын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін берері мол екені сөзсіз. Бұл жұрнал, әсіресе, еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандардың өз тәжірибесін жетілдіруші шеберханасы, бағыт сілтер бағдаршамы...

Айнаш Ілиясова, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданын-дағы «Жаңа таң» орта мектебінің мұғалімі.

Сіздердің жұрналдарыңызға 1992 жылдан бері үзбей жазылып келемін... Кез келген мұғалімге жұрналдағы жазылған еңбектердің тигізер пайдасы мол деп түсінемін...

Ахмадиева Алмагүл Сәдуақасқызы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Н.Нұрмақов ауылы №29 орта мектептің мұғалімі.

Сіздермен таныстығымды студенттік күндерімде бастаған едім. ЖОО-ға түскен күнімнен бастап анам

Page 112: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

112

жұрналға жазылыпты. Бұл мен күтпеген сый еді. Міне, он жылдан астам уақыт өтті. Сіздер сол күннен бастап менің айнымас серігіме айналдыңыздар. Әр сабағыма қажетті материалдарды жұрналдан тауып, өзіме медет тұтып келемін. Мейлінше сабақтарымды түрлендіріп, қызықты өткізуге барымды салып жүрмін. Алдыңда отырған әр оқушының қызығушылығын арттыра білсең, өз пәніңе деген құрметін де арттыра бересің деп ойлаймын...

Еламанова Райхан Мақсотқызы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылы, «Кеңсуат» ЖООБМ мұғалімі.

2011 жыл есебінде:Төл жұрналымызды 1993 жылдан үзбей жазып алып

оқып, пайдаланып келемін. Мұғалім болып қалыптасуыма, жаңа педтехнологияларды меңгеріп, жетістіктерге жетуіме сіздердің жұрналдарыңыздың көп көмегі тиді...

Сіздерге деген ыстық ілтипатпен, Роза Бекмолдина.Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Айыртас ауылы.Сіздерге хат жолдаушы Қызылорда облысы, Жаңақорған

ауданы, Өзгент ауылының №245 орта мектебіндегі... Алтын Сахиева деп білерсіздер.

Мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналының 1994 жылынан бергі тұрақты оқырмандарының бірімін. «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы – бағыт-бағдар беріп, сілтеу-ші, кеңесші, көшбасшы құрал. Бұл жұрналдан тіліміздің сан алуан өзіндік қыры мен сырын іздеген жанға өзінің есігін айқара ашып, көкейде жүрген көптеген сүбелі сұрақтардың жауабын алып, көп нәрсені біліп-түйіп келеміз.

Кімнен нені сұрасам демей, әрбір жүйелі ісіміздің құрылымдық жолдарын нақты табуымызға жол көрсе-тетін бірден-бір құрал екені сөзсіз...

Page 113: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

113

Сіздерге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жасап жатқан көмектеріңіз үшін Ақжар ауданының мұғалімдерінің атынан зор алғысымды білдіремін. Мен, Мұстафина Қарлығаш Серікқызы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданындағы шалғайдағы «Талшық» орта мектебінің мұғалімімін. 2003 жылдан еңбек жолын бастағалы бері сіздердің жұрналдарыңызға үзбей жазылудамын. Сіздерге тілейтінім: алмастай таза денсаулық, шығармашылық белестер...

«Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы,Бола бер баспасөздің жанары!Сіздердің жұрналдарыңыздың әр санын мүлт жібер-

мей оқып отырамын. Ұстаздардың қорегі болып табыла-тын әдістемелік материалыңыз жоғары талғаммен бері-леді, күнделікті сабаққа пайдаланамын...

Игі тілекпен: Орал қаласы, №25 ОЖББМ мұғалімі Өтепова Айсұлу хасанқызы.

...Республика көлемінде мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасатын және өзіндік білім көтеруге септігі мол ғалымдардың ғылыми еңбектері жарияланатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналының мен үшін орыны бөлек, жұмыс үстелімнің үстінен кетпейтін әдістемелік құралдардың бірі. Қаншама қиындық болып, қаржы тапшылығы болса да, сүйікті жұрналымнан айырылып көрген емеспін...

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі Аюпова Лиза хамидоллақызы.

Мен Атырау облысы, Индер ауданы, «Жарсуат» ауылының Махамбет атындағы орта мектебінде 21 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Осы еңбек еткен жылдарымда

Page 114: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

114

«Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми-әдістемелік жұрналын өзіме серік етіп келемін. Алғашқы еңбек жолдарымда жұрналдың маған көмегі зор болды. Өзім секілді әріптестерімнің үлгі сабақтарынан көп нәрсені үйреніп, кейін мол тәжірибе жинақтап, жас мұғалімдерге де үлгі болдым десе де болады (бұл, әрине, мақтанғандық емес).

Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болатыны белгілі.2008 жылдан бері сіздерге жолдаған сабақтарым

жұрнал беттерінде жарияланып келеді...Ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін!

Нәтижелі еңбектің биік шыңынан көріне беріңіздер!Жұрнал жанашыры: Қайырлиева Ардақ Төлеуқызы.Мен Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты

«Томар» ауылындағы №22 орта мектепте 19 жылға таман уақыт бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін.

Өзімнің сүйікті жанашырым, ақылшым – әдістемелік қазақ тілі мен әдебиеті жұрналына осы еңбек еткен жылдарымда қол үзбей жыл сайын жазылып келемін...

Әсемгүл Әбенова.Мен сіздердің тұрақты оқырмандарыңыздың бірімін.

Жұрналды 1992 жылдан үзбей жаздырып келемін. Гүлсім Жұмағазина, «Дөң» орта мектебінің мұғалімі.

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы.Оқушыларға ана тіліміз бен әдебиетімізден сабақ беріп

жүрген әрбір мұғалімнің осы жұрнал арқылы пән бойынша ғылыми-педагогикалық әдістемелік көмек, пән тарихы, оның теориясы, т.б. мағлұматтар алып қана қоймай, пікір алмасып, жан-жақты талқылауына, өздерінің пікірлері мен ғылыми ізденістерін жариялауына көп мүмкіндік сыйлап жүрген бірден-бір басылым ретінде сіздерге

Page 115: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

115

айтар алғысым шексіз. Осы жұрналды 1997 жылдан бері жаздырып алып оқып, өзіме қажетті мәліметтер арқылы тәжірибе жинақтап келемін...

Сандуғаш Сыздықова, Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы «Зерде» дарынды балалар мектебінің мұғалімі.

2012 жыл есебінде:Мен де сіздердің мыңдаған оқырмандарыңыздың

бірімін. Оқу бітіріп, еңбек жолымды бастағаннан бері төл жұрналымыз сенімді серігіме айналды. Жұрнал арқылы көптеген тәжірибелі ұстаздардың сабақтарынан үлгі алып, жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін үйреніп, өз сабағымда пайдаланып келемін. Және өзім де қазіргі таңда тәжірибелі ұстаздардың қатарынан көрініп, әрбір сабағымды оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып өткіземін...

Сіздерге осы хатымды жаза отырып, үлкен рахмет айтқым келеді. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін! Оқырмандарыңыз күннен-күнге көбейіп, мерейлеріңіз үстем болсын!

Сәлемнен: тұрақты оқырмандарыңыздың бірі – Ұлболсын Бердешова. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, «Жаңа таң» орта мектебі.

...Біз шағын ауылда үш әдебиетші бармыз. Үш әдебиетші де 1 жылға жазыламыз. Өйткені біздің басты құралымыз, әдістемелік нұсқаушымыз – осы жұрнал. Сүйікті жұрналымды ай сайын сағына, асыға күтемін. Бастауыш сынып мұғалімдеріне насихаттаймын...

Сәлеммен, шалғай ауылдағы әріптестеріңіз – Мейрамгүл Күзембаева. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Мәди ауылы.

Page 116: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

116

«Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналын үнемі асығыстықпен күтіп, өзімізге қажетті материалдарды қызыға оқимыз. Республикамызда осындай қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына арналған осындай қазіргі кездегі өскелең ұрпақтың бойына тіл білімі мен әдебиет нәрін төгер жұрналдың барлығына Аллаға мың алғысымызды айтамыз. Жұрнал бетіндегі сапалы мақалаларды қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы болғандықтан үздіксіз сабақ әдістемесіне пайдалана отырып, оқушыларымызды үнемі жаңа тақырыптардың қыр-сырын үйретуде тиімді пайдалана отырып, сапалы білім беруге асығамыз...

Қарекенова Ақмарал Айдынғалиқызы, Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, «Сарықұдық» негізгі жалпы білім беретін мектептің мұғалімі.

Мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-педагогикалық, әдістемелік жұрналының тұрақты оқырманының бірімін. Жұрналдан алатын құнды жаңалықтарым өте көп. Оқушыларға оқытудың озық технологияларын меңгерту, білім беру сапасын әлемдік деңгейге көтеру, осы арқылы бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру міндеті қойылып отырған бүгінгі таңда «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналында жарияланып жатқан мақалалар мен үлгілі сабақтардың маңызы зор...

Баржаубаева Гүлмира Қожахметқызы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, №21 жалпы орта мектептің мұғалімі.

Қазақ елінің өсіп-өніп көркеюіне, қазақ тілінің нығаюына, қазақ тілі әдебиетіміздің құдіреті мен маңызын, оқыту әдіс-тәсілдерін жетілдіруде қолға алып жатқан еңбектеріңіз-дің ұшан-теңізіне көзім жетіп отырады. Әр жұрналды алып, оқып танысқан сайын үнемі жаңалықтармен қоса өз білімімді жетілдіріп отырамын. Редакция ұжымына зор

Page 117: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

117

алғысымды білдіріп, үлкен шығармашылық табыстарға жете берулеріңізді, зор денсаулық, қажымас қанат тілеймін...

Айгүл Төңкерқызы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №21 Софиевка орта мектебінің мұғалімі.

Осы жұрналды мектеп кітапханасына жаздырылған «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» атты жұрнал-дан бөлек өзіме 2007 жылдан бері арнайы жаздырып алып оқып, қажетті мәліметтер арқылы тәжірибе жинақтап келемін. Өзім орыс тілді мектебіндегі қазақ тілі мұғалімі болсам да, осы жұрналға көп сүйенемін. Сіздердің мұғалім қауымы үшін әр түрлі тақырыптағы ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар, ғылыми мақалалар жариялап, таптырмас көмек беретін кәсіби жұрнал екендіктеріңізге көзім жетті...

Күлбану Досымбаева, Палодар облысы, Екібастұз қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандан-дырылған №1 лицей мектебінің мұғалімі.

Алғаш еңбек жолымды бастағанда жазылған жұрнал мен үшін қатты ыстық. Әкемнің айтуы бойынша жазылған болатынмын. Әкем «Бірінші көмекшің осы жұрнал болады» деп 1991 жылғы алтыншы басылымын қолыма ұстатқан-тын. Менің әкем де – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып 37 жыл қызмет атқарған адам. Содан 2000 жылдан бері бірде-бір жыл арасын үзбей жазылып келемін.

Ізгі ниетпен: Сайран Бәкенұлы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы №4 орта мектептің мұғалімі.

Ұстаздар қауымының сүйікті жұрналы барша мұғалімдердің кәсіби өсуіне мол мүмкіндік беретін тағылымды дүние екендігіне ешкім күмән келтірмеуі керек. Себебі мен секілді жас мамандарға төл жұрналымыздың

Page 118: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

118

берері мол. Сондықтан да мен намысқа тырысып, үнемі бір жылға жазылып, Төл жұрналымыздың тағдыры үшін жұмыстанамын.

Гүлнұр Әлденова, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Кенбай орта мектебінің мұғалімі.

Мен өзіміздің төл жұрналымызға жыл сайын жазыламын...

хуралай Алданыш, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия мұғалімі. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы.

Сіздердің жұрналдарыңыз болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде көмекші құрал болып отыр. Жұрналды бірнеше жылдан бері іс-тәжірибемде пайдаланып келемін.

Нұрила Омарова, Қызылорда қаласындағы Темірбек Жүргенов мектебінің мұғалімі.

2007 жылы институтты бітіріп, алғаш еңбек жолымды бастағаннан әлі күнге дейін өзіме әдістемелік көмекші құрал ретінде серік етіп келемін. Жұрнал сандарында жарияланатын әріптестерімнің іс-тәжірибелерінің өзіме қажеттісін алып, сабақтарыма пайдаланып отырамын. Алдағы уақытта сіздерге толағай табыстар тілей отырып, жанашыр оқырмандарыңыздың төл басылымын әрдайым жандандыра беріңіздер демекпін!

Хат жолдаушы – Шатаева Айнагүл Оралбайқызы, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі.

Сіздерге Көкшетау қаласынан хат жолдап отырмын. Көкшетау қаласындағы жалпы білім беретін №8 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Осы салада алты жыл қызмет етіп келемін. Кітапхана қорындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналында әріптестерімнің жарияланған материалдарынан өз

Page 119: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

119

тәжірибеме көп мәлімет алдым. Енді осы жылдан бастап жеке жазылдым... Саят Болатқызы.

Бүгінгі таңда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі – өздеріңіз ғана. Жұрнал уақытынан кешігіп келіп жатса да асыға күтемін. Себебі заман талабына сай жаңа технологияларды, білім саласындағы соңғы жаңалықтарды, тіл мен әдебиетке байланысты зерттеу жұмыстарын жұрналдан оқып білеміз. Бұл – ауыл мұғалімдері үшін қомақты көмек.

Мен жұрналдың 1991 жылдан бергі оқырманымын. Осы уақыт ішінде жұрналдан алған мағлұматым білімімді көтеруге көп көмек тигізді...

Әлия Шаймерденова, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, «Қарақұдық» ЖООБМ мұғалімі.

...Биылғы жылда да мол жақсылықтарға кенеліп, жағымды жаңалықтардың жаршысы болып, оқырмандарыңыздың көзайымына айнала беріңіздер...

Игі тілекпен хат жолдаушы: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, «Қарашоқат» орта мектебінің мұғалімі, тұрақты оқырмандарыңыз Ахет Гүлден Ермекбайқызы.

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі тіл жанашыры болып отырған қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі сіздердің басылымдарыңызды ай сайын асыға күтеді, мәртебесінің биік болуын тілейді. Сондай мұғалімдердің бірі – менмін. Педагогика саласында 1998 жылдан бері еңбек етемін. Осы жылға дейін қиындығы мол ұстаздық салада жаныма серік, тәжірибеме үлгі болған сіздердің басылымдарыңызды 13 жыл қатарынан жаздырып оқимын...

Ізгі тілекпен: Битаева Ләззат Есенгелдіқызы. Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көксай орта мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі.

Page 120: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

120

Мен Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты «Шабдаржап» ауылындағы Харькин жалпы орта білім беретін мектебінде 20 жылдан бері еңбек етіп келемін. Өзіме білім негізін қалаған ұстаздарымның жолын қуып, бүгінде шәкірт тәрбиелеп келемін.

Жеке тұлғаның сапалы білім мен саналы тәрбие алу жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы сіздердің әр шығарылымдарыңызды асыға күтеді. Қажет еткен материалдардың керек жерін басшылыққа ала отырып, өз тәжірибемізде қолданып келеміз. Осы мамандықты қалап алған күннен бері Сіздер менің ең жақын көмекшіме айналдыңыздар. Жылма-жыл үздіксіз жазылып, өзім сияқты әріптестерімнің іс-тәжірибесімен танысып отырамын.

Саламатова Рашида Сымғалиқызы.Осы жұрналдың тұрақты мүшесі болғаныма да он жыл

толыпты. Ізденіс пен шығармашылығымның ұшталуына көмегің көп, сүйікті жұрналым...

Соңғы кезде жұрналдағы материалдар күннен-күнге сапалы боп шығып жатыр...

Сәлеммен: Бибігүл Базарбайқызы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы.

Мен, Қанатқалиева Тілекші Қапарғалиқызы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, «Бірлік» ауылындағы С.Имашев орта мектебінің мұғалімімін. 1980 жылдан алғаш еңбек жолымды бастағаннан кейін кәсіби жұрналыма жазылып, үздірмей алып келемін. Сағынышпен асыға күтетін жұрналымыз үшін қиын кезеңдер болды. Әсіресе, 90-жылдары жұрнал жұп-жұқа болып шығып жүрді. Қазір құдайға шүкір, қомақты, материалдары мол. Озат мұғалімдердің ашық сабақтары, ғылыми мақалалары жариялануда...

Page 121: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

121

Білім бұлағы – бастауыш мектеп

Бибажар ӨМІРБЕКҚЫЗЫ,Алматы қаласындағы

№148 мектеп-гимназияның мұғалімі.

САН ЕСІМ(4-сынып)

Сабақтың мақсаты: сан есім туралы бұрынғы сыныптарда алған білімдерін қайталау, еске түсіру және осы тақырып бойынша алған білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері: білімдік – сан есімнің есептік, реттік түрлерін ажырата білу, сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге, жан-жақты талдауға, өз ой-өрістерін жеткізе білуге үйрету; дамытушылық – есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыра білу, реттік сан есімнің жалғауларын ажырата білу дағдыларын жетілдіру; тәрбиелік – сандардың ерекше қасиеттеріне байланысты тәлімдік ойларға жетелеу.

Түрі: саяхат сабағы. Әдісі: қайталау, ойқозғау, мағынаны таныту, мағынаны ажырату, топтастыру, ойын, ойтолғау. Көрнекілігі: киіз үйдің макеті, слайд, кеспе қағаздар, асықтар, сандық, рефлексия, т.б. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, математика, дүниетану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру (№1-3-слайдтар).«Қазақ тілі – ана тілі шешемнің,Дана тілі Бөлтіріктей шешеннің.Бай мұрасы Абай, Ахмет, Мұхтардың,Алдаспаны Әлихандай көсемнің»,- деп жырлаған

Page 122: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

122

ақын айтпақшы, міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын-жазушылардың тілі, туған тіліміз – қазақ тілі сабағын бастаймыз.

2. Психологиялық сәт. «Шаттық шеңбер» (№4-слайд).Армысың, асыл күн!Армысың, көк аспан!Армысың, жан досым!Міне, менің қолым,Жылуыма жылу қос,Көтерілді көңіл хош!3. Үш топқа бөлу.1-топ: 3 би – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.2-топ: 5 арыс – Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Ахмет, Міржақып.3-топ: әлемнің 7 кереметі (Алғашқы жеті керемет:

1. Мысыр пирамидалары. 2. Вавилонның аспалы бағы. 3. Эфес артемидасының ғибадатханасы. 4. Галикарнас мавзолейі. 5. Родос алыбы. 6. Александрия маягі. 7. Олимпиядағы Зева мүсіні (Игорь Можейко. Әлемнің 7 және 37 кереметі. Орыс тілінен аударғандар: Жомарт Әбдіхалықов пен Ақселеу Сейдімбеков. А., «Өнер», 1988).

Кейін бұл жеті керемет 37 кереметке жетеді. Соның ішінде дүние жүзіне мәлім, ең үлкен керемет – Ұлы Қытай қорғаны, ақ дидарлы керемет – Тәж-Махал (Индия) бар).

- Балалар, байқасаңдар, санда да бір сиқыр, бір үлкен мән бар екені сезіледі. Қазақ халқының тұрмыстық тарихына көз жіберсек, қасиетті сандар сырына қанығамыз. Мысалы, үш арсыз – ұйқы, тамақ, күлкі.

Жеті қазына: 1.Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Құмай тазы (ит).

Жеті жұт: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Page 123: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

123

4. Қызығушылықты ояту.Жеті атасын білген ерЖеті жұрттың қамын жер.- Қане, балалар, кім жеті атасын айтып береді? (Бұл жерде

мұғалім жеті атаны тарату мәселесі әлі де даулы екенін, шешімін таппағанын айтып, «әке, бала, немере, шөбере, немене, туажат» түріне тоқталып өтеді). Ендеше, бүгін жеті атаның ауылына саяхатқа шығайық. Ол үшін ауылға тән тапсырмаларды орындап отырамыз. Жеті атамыз: ата, бергі ата, арғы ата, баба, ұлы ата, түп ата, тек ата.

Әр атаның өз үйі және өз тапсырмалары бар дедік, олай болса үй жұмысын пысықтау «Ата» үйінен басталады.

А) «Сен – маған, мен – саған» ойыны арқылы үй жұмысы тексеріледі.

5. Көркем жазу (5-слайд).Қолға қалам алайық,Кітапты ашып қарайық.«Жж» әріпін дұрыстап,Әдемілеп жазайық.Ә) Ойқозғау. «Бергі ата» үйі.Жаңа сабаққа ребус құрау.Сан есімді қайталауға арналған сұрақтар: 1. Сан есім

дегеніміз не? 2. Сан есімге қандай сұрақтар қойылады? 3. Сан есім қандай сөз табымен байланысады? 4. Сан есімнің қандай түрлерін білесің? 5. Есептік, реттік сан есімдер нені білдіреді? 6. Реттік сан есімдердің жұрнақтарын ата.

1-жаттығу. Өлеңді оқып, сұраққа жауап беру. Сан есімді тауып, сұрақ қойғызу. Егіз, жалқы деген сөздерді қандай санмен ауыстырып айтуға болады?

Б) «Арғы ата» үйі. 2-жаттығу. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айландырып жаз. Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтардың астын сыздыру. Жұрнақтардың

Page 124: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

124

жалғану ережесін айтқызу.В) «Баба» үйі. Жұмбақ шешу:Бес ін, Бес іннің ауызында – бір ін (қолғап).Елу тісті, екі қолды (ара).Тоғыз белбеу, қос жібек,Екі мұрын, бір шүмек (домбыра).Бір ағашта – 12 ұя, Әр ұяда – 30 жұмыртқа (12 ай, 30 күн).Отыз екі батыр, КіргендердіОтап, турап жатыр (32 тіс).Г) «Ұлы ата» үйі. 3-жаттығу.Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жаз.Д) «Түп ата» үйі. Көңілді шумақтар.Же1 екен 1қазан ............... Жебір екен бірқазан:Кей1 жемді 1қазан .......... Кейбір жемді бірқазан1-ақ сәтте қойды жеп ........Бір-ақ сәтте қойды жеп,Кү1 етті .............. Күбір етті «Тойдым» деп.Е) «Тек ата» үйі. 5-жаттығу.Өлеңді оқып, сұраққа жауап бер.Он саулықтың ақпанда Тағы да бір тұсақ бар,Егіз туды жетеуі. Қысыр қалды ол бірақ та.Қырға көшіп жатқанда Біздің үйде ұсақ малЖалқы туды екеуі. Жетті қанша тұяққа? (С.Қалиұлы). Жауабы: 26 тұяқ бар.Ж) Пысықтау. Балалардың білген мақал-мәтелдерін

айтқызу. Мысалдары: 1. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені. 2. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. 3. Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл. 4. Ел құлағы – елу. 6. Білгенің – бір тоғыз, Білмегенің – тоқсан тоғыз.

- Ал, балалар, өмірдегі қиындықтардан ешқашан қорықпай, алға қойған мақсатқа жетіп отыру керек. Бір-бірімізді сыйлайық, ақылды, білімді, әдепті болайық.

Page 125: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

125

Сондықтан та:Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін.Екі құлағың не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін.Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін.Екі аяғың не үшін керек? Туған жерде жүру үшін!Үй тапсырмасы: 136-бет, 4-жаттығу, ережелерді жаттау,

жылқы малын жасына қарай қалай атайтынын сұрап біл (құлын – бір жасқа дейінгі жабағысы әлі көтерілмеген кезі, жабағы – бір жасқа толған, құлын жүні түспеген кезі, тай – екі жастағы, құнан – үш жастағысы, дөнен – төрт жастағысы, бесті – бестегі жылқы).

Бағалау: жақсы жауап берген балаларды мадақтау.З) Сергіту сәті.Рефлексия.Ән: «Ақ тілек» әнін хормен айту.Қорытынды. Тест жұмысы.1. Заттың санын білдіретін сөз табы:а) сын есім; ә) сан есім; б) зат есім.2. Мына сөздер қай сөз табына жатады: алты, бес, он

жеті.а) сан есім; ә) етістік; б) сын есім.3. Кітап сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?а) -лар; ә) -тар; б) -тер.3. -ыншы, -ншы, -нші реттік сан есімнің жұрнақтары.

Дұрыс па?а) иә; ә) жоқ; б) білмеймін.5. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап:а) бес; ә) отыз екі; б) алтыншы.6. Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет:а) бесеу ешкі; ә) жеті түйе; б) сегізді алма.

Page 126: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

126

Залияш КЕНЖАЛИНА,Оңтүстік Қазақстан облысының

Отырар ауданындағы«Қоғам жалпы орта мектеп»

мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.

«АЛҒАДАЙ ТУРАЛЫ ӘРБІР ОЙ»(7-сынып)

Сабақ мақсаты: білімділік – айтыскер ақын Жамбыл-дың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушы- ларға жан-жақты білім беру үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білу; дамытушы-лық – оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу қабілетін, өз бетінше ізденуін дағдыландыру; тәрбиелік – адамгершілік, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, әдебиетті, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Типі: жаңа білім беру. Әдісі: сұрақ-жауап.Сабақ барысы:А) Ұйымдастыру;Ә) Үй тапсырмасын сұрау;Б) Жаңа сабақ өту.Ойшақыру.«Жүз жасаған бәйтерек» кітабынан:1. Жамбыл аталуы;2. Қобызшы бала;3. «Бөлтірік ақын осы екен».Сұрақ-жауап:1. Жамбыл кім? Қай жылы туып, қай жылы қайтыс

болған?2. Жамбыл туралы не білеміз?

Page 127: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

127

3. Жамбылдың әкесі мен шешесінің аты4. Жамбылдың пір тұтқан ұстазы кім?1938 жылғы «Күн» толғауынан үзінді айтылады.Көнтей түс Отанымның шаттық бағы,Кел ұшып, сайрай түсші, бұлбұл, тағы.Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,Отжүрек еркіндіктің адамдары.Сұрақ-жауап:1. Соғыс қашан басталды? Қашан аяқталды?2. Соғысқа қатысқан ардагерлерді білеміз бе?3. Соғыс туралы қандай кинолар бар?Жамбылдың Отан туралы өлеңдері: «Ленинградтық

өренім», «Мәскеу», «Отан әмірі».Осы өлеңдер ұран болды, ауыздан ауызға тарап жатты.

Жамбыл өлеңдерін кезекке тұрып алды.Жамбыл өлеңін оқытамын.Алғадай – Жамбылдың баласы. Майданға әке әмірімен

аттанады. Ауыл баласының ерлігін естіп, қуана хат жазады. Алғадай – Жамбылдың ССРО-Германия соғысында қаза тапқан ұлы.

1943 жылы баласының қазасын жазушы Ғали Орманов (сол кездегі хатшы), Әбділда Тәжібаев естіртеді.

Қорытынды сұрақ:1. Алғадай кім?2. Ақын неліктен күңіреніп өлең шығарды?3. Ақын кімді жоқтайды?4. Соғыс туралы қандай өлеңдерін білеміз?5. Биыл Жеңістің неше жылдығын атап өттік?Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу, жоқтау туралы еске

түсіру, мазмұнын айту.

Page 128: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

128

Қайтбек ҚАДЫРБАЙҰЛЫ,Алматы облысыныңҰйғыр ауданындағы

«Қалжат» орта мектебінің мұғалімі.

АБАЙДЫҢ ҒЫЛЫМ-БІЛІМ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӨЛЕҢДЕРІ

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,Мен – бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деп ақынның

өзі айтқандай, бүгінгі сабағымызда Абайдың ғылым-білім тақырыбына арналған өлеңдері туралы сөз етпекшіміз.

Бірінші оқушы сөз алады.- Абайды танып білу үшін, оның шығармаларын тереңірек

түсіну үшін ол өмір сүрген ортаны, оның «мыңмен жалғыз алысқан», күрес-тартысқа толы өмірін жақсы білуіміз керек.

Абай Семей облысының Шыңғыс тауы бөктерінде 1845 жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі – Құнанбай, атасы – Өскенбай, арғы атасы – Ырғызбай.

Екінші оқушы: - Абай 10 жастан 12 жасқа дейін қырда мұсылманша оқыған. Семейде Ахмедризаның медресесінде де оқыған. Медреседе жүрген уақытында үш айдай орыстың «Приходский школынан» сабақ алған.

Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алып ел билеу ісіне ертерек араластыруды мақсат етеді.

Үшінші оқушы: - Абай мұрасы – өте бай , асыл мұра. Сол мұраның бір саласы – ғылым-білім тақырыбына байла-нысты өлеңдері.

Page 129: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

129

Абай 1884-1885 жылдар шамасында бірқатар өлеңдер жазған. Соның бірі – «Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Абай бұл өлеңінде өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндейді.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Пайдасын көре тұра тексермедім.Ер жеткен соң түспеді уысыма,Қолымды мезгілінен кеш сермедім.Баламды медресеге біл деп бердім,Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.Бұл өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың

өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуін жөн сілтеу.

Төртінші оқушы: 1886 жылы Абай « Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдерін жазды.

«Ғылым таппай мақтанба»:...Ғалым болмай немене,Балалықты қисаңыз.Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.«Ондай болмақ қайда?» депАйтпа ғылым сүйсеңіз.Сізге ғылым кім берерЖанбай жатып сөнсеңіз.Дүние де өзі, мал да өзіҒылымға көңіл бөлсеңіз.«Интернатта оқып жүр» өлеңінде сыншылдық басым.

Ақын патшалық ел билеу жүйесіне, оқыту тәртібіне сын айтады.

Қорытындылау. Абай қазақ өлеңін биікке көтерді. Қазақ ақын-жазушыларының кейінгі ұрпағында Абайға соқпай өткен ақын жоқ десе болады.

Page 130: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

130

Сөзімді Р.Шынжырбайұлының 1990 жылдары жарық көрген «Әр заманға Абайы керек екен» өлеңімен аяқтаймын.

Ай, қазақ, ұлың аз-ау Абайдайын,«Қайран жұрт...» деп танытқан жан айқайын.«Аз емес, шүкір» деу де керек шығар,Айтқызбай жүр ме оны хал-жағдайың?!.

Абай, Абай, заманың сірә бөтен,Арасы қазіргіден жырақ екен.Шоғыры білімдінің батырады,Оқу-білім ол кезде шырақ екен.

Оқу-білім жоқ әлде басқада ма,Алып сату, майпалау асханада.«Бет бұрып солай қарай барады-ау» деп Көп оқыған жалтақтап жасқана ма,Жасқанбаса, кім білсін, аш қала ма?!

Ғылым, білім қалталыға қарап қалды,Ғұмырының күндерін санап қалды.Ебімен екі асаған парақордың Жағдайы жақсы болды, жарақталды,Жұртынан осылайша жырақталды.

Жоғарғылар төменді көре ме екен,Жегішті жөнге салып бере ме екен?Ащы күйін қоғамның толғап тартарӘр заманға Абайы керек екен.

Page 131: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

131

Көмекші құрал

Гүлден РАМАЗАНОВА,Батыс Қазақстан облысының

Теректі ауданындағы «Ақсуат» жалпы орта білім

беретін мектебінің мұғалімі.

5-СЫНЫП «ӘДЕБИЕТІНЕ» АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

(Бастапқы бөлігі өткен санда)

4-тақырып. Аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер

1. Анықтамасын жаз.Аңыз әңгіме – бұл ................................................................

......................................................................................................Шешендік сөздер дегеніміз – ..............................................

......................................................................................................Айырмашылықтары: 1/ ........................................................ 2/ ........................................................ 3/ ........................................................2. Кестені толтыр.

Аңыз әңгіме кейіпкерлері Шешен-билер

1. Тарихи тұлғалар: -------------------------------------------------------------------------------------------2. Қарапайым адамдар: -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Page 132: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

132

3. Би-шешендерге тән қасиеттер қандай болу керек? Атап көрсет.

1. -----------------------------------------------2. -----------------------------------------------3. -----------------------------------------------4. -----------------------------------------------5. -----------------------------------------------4. Сызба нұсқаны жаз. Кім?

Несімен әйгілі? Сырым Датұлы Қандай?

Не істеді?

5. Мәтіннен Сырымның тапқырлығын, ақылдылығын, ділмарлығын байқататын сөздерін тауып жаз.

Тапқырлығы: ........................................................................................................................................................

Ақылдылығы: ........................................................................................................................................................

Ділмарлығы: ........................................................................................................................................................

6. Кетбұғаның алғашқы тартқан күйінен соңғы тартқан күйінің қандай айырмасы бар. Соңғысы неліктен соншалық әсерлі болды? Қалай ойлайсың? ..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Page 133: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

133

Діни әңгімелер.5-тақырып.

Қасиетті Құран Кәрім жайында1. Дүние жүзіндегі діндер туралы не білесің? Қосымша

материалдардан іздеп, тауып жаз.------------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2. Құран Кәрім туралы не білесің?Құран ................ дінінің ең негізгі, басты ............ . Ол

діннің ғана емес, ............... әдебиетінің классикалық үлгісі. Онда ..................., .........................., ............................., ...................................., ............................, ............................. секілді бай мазмұн қамтылған. Құранда ................. сүре бар. Құранды толық меңгерген адам ................ атанады.

3. Сызбаны толықтыр.Күллі әлемді жаратушы сайтан әзәзіл

адамды азғырушы Адам ЖолДұрыс жол Теріс соқпақИман Сатқындық.............................. ..................................................................... ..................................................................... ......................................Жеңіс Жеңіліс

Алла

Ібіліс

Page 134: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

134

4. Берілген діни ұғымдардың мағыналарын анықта.Пайғамбар – Рахым – Сахаба – Әспенсу – Үмбет – Шек келтіру – Сәжда – Нәлет қамыты – Уаһи – Қиямет-қайым – Тағат ғибадаты – Уасуаса – Мақұрым – Дарақ – Мархамат – Тәуба – Пәни дүние – Ұлықтау –

5. Кейіпкерлерге мінездеме бер.Ибраһим Сара Ажар

6. Зәмзәм суы дегенді өзің қалай түсінесің?------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

7. Зәмзәм суы қалай пайда болған?------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6-тақырып. Әдеби ертегілер1. Венн диаграммасын пайдаланып, ертегі мен әдеби

ертегі туралы жаз.

Page 135: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

135

2. Кестені толтыр. Ақын Әбділда Тәжібаев туралы.1 Өмір сүрген жылдары:2 Өскен ортасы:3 Шығармалары:

3. Берілген үлгі бойынша ертегіге жоспар құр.1. Ата-ананың қуанышы:а/ .........................................ә/ .........................................б/ .........................................2. Саржанның өлімі:а/ .........................................ә/ .........................................б/ .........................................3. Толағай – ел мақтанышы:а/ .........................................ә/ .........................................б/ .........................................4. Кейіпкерлерге мінездеме бер.

Саржан Айсұлу Толағай

Ертегі Әдеби

ертегі

Ортақ қасиет-

тері

Page 136: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

136

5. Ертегіден автор қолданған көркемдік құралдарды тауып жаз.

Теңеулер: ..........................................................................................................................................................................................................................................................................................

Эпитет.: ............................................................................................................................................................................................................................................................................................

6. «Толағайтау» тақырыбына сурет сал және өлең құрастыр.

ІІ бөлім. хІх-хх ғасыр әдебиеті7-тақырып.

Махамбет Өтемісұлы1. Махамбеттің «Соғыс» өлеңінде қандай тарихи жағдай

суреттеледі?------------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2. Өлеңнен ақынның Исатай батырды суреттеген тұсын тауып жаз.

------------------------------------------------------------------------

Сурет

Өлең

Page 137: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

137

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Өлеңнен теңеулерді теріп жаз.------------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4. Берілген тіркестер қандай теориялық ұғымға жатады, анықта.

Зығырданы қайнау – Түнімен түйіну – Таң атқанша тарану – Он екі тұтам жай тартқан – Қабырғасын қақыратқан – Тебінгісін тесе атқан – Тізгінінен кесе атқан – Жүрегін оятқан –

8-тақырып. Ыбырай Алтынсарин

1. Сызба нұсқаны жаз. Кім?

Несімен Ы.Алтынсаринәйгілі? Қандай?

Не істеді?2. Берілген сөздердің мағыналарын анықта.Өксіген – Қынарда – Жай – Жанабында –

Page 138: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

138

3. Өлеңді қара сөзге айналдырып, өзенге сипаттама бер.------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4. Өзен, көл, бұлақ атауларының өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары жөнінде не білесің?

Ерекшеліктері: -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ұқсастықтары: ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

5. Өлең құрылысына талдау жаса.------------------------- тармақты------------------------- бунақты------------------------- буынды------------------------- ұйқасты4. «Өзен жағасында» тақырыбына ойтолғау жаз.------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

7. Қазақстан Конституциясының 38-бабында не айтылған? Көшіріп жазып, жаттап ал.

38-бап. -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

9-тақырып. Абай Құнанбайұлы

1. Кестені толтыр.

Page 139: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

139

Абайдың отбасы

Абайдың өлеңдері Әндері Аудар-

малары

Абайдың орыс

достары

2. «Қыс» өлеңі бойынша кестені толтыр.

Теңеу Эпитет Метафора

10-тақырып. Сәкен Сейфуллин

1. Сәкен Сейфуллиннің өзің білетін шығармаларын жанр бойынша топтап жаз.

Өлеңдері: -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Поэмалары: ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Хикаяттары: ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Романдары: -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Page 140: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

140

2. Бетпақдала туралы қара сөзбен сипаттама жаз.------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Ақбөкенді ақын қалай суреттейді? Сен өзің қалай суреттейсің?

Ақынның суреттеуі Менің суреттеуім

4. Жаралы киіктің аянышты халін ақын қалай суреттейді? Мәтіннен тауып жаз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

5. Шығарманың идеясы не? --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6. Мергеннің қорғансыз киікті атуына не себеп болды екен? Қалай ойлайсың? Өз ойыңды жүйелей отырып, киікті атқан мергенге хат жаз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

7. Адам баласының табиғат пен ондағы тіршілік иелеріне қарым-қатынасы, адамның іс-әрекеттері қандай? Осыған орай киік пен табиғат, экология ұғымдарын байланыстыра отырып, «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен» деген тақы-рыпта үндеу жаз.

Page 141: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

141

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

11-тақырып. Мұхтар Әуезов

1. Белгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов Мұхтар Әуезов жөніндегі естелігінде былай деп жазған: «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – «Манас», бірі – М.Әуезовтің «Абай жолы»...»

Жазушы неге Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» ұлттық асыл деп бағалап, бірге ала жүреді. Сен қалай ойлайсың?

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2. Мәтіннен Абай мен Барлас ақынның портреттерін теріп жаз.

Абай Барлас---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Абайдың анасы мен әжесіне салыстырмалы мінез- деме бер.

Ұлжан Зере Ортақ қасиет-

тері

Page 142: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

142

4. Жас Абайға Барлас ақынның берген батасын жатқа жаз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

12-тақырып.Сәбит Мұқанов

1. Ахметтің портретін жаз.2. Мәтін бойынша лашынның құстарды қалай ілетініне

қысқаша сипаттама бер.1. Үйрек алу лашынға сөз емес.

2. Қазды алу үйректен әлдеқайда қиын екен.

3. Лашынға алдырмайтын құс –дуадақ.

3. Берілген сөздердің түсіндірме сөздіктен мағына- ларын анықта.

Қадім молда – араб оқуымен оқытатын молда.Қушық бет – Төстектеу – Томаға – Жарау ат – Түлек құс – Саят – 5. Мәтін бойынша кестені толтыр.

Теңеу Эпитет

Page 143: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

143

6. Төмендегі тапсырмаларды орында.1) Салыстыр. Лашын мен дуадақты салыстыр. ................................................................................................

.......................................................................................................

......................................................................................................

......................................................................................................

2) Суретін сал. Мәтінде берілген сипаттамаға сүйене отырып, лашынның суретін сал.

3) Лашынның тұрқы туралы сипаттама бер. .................................................................................................

.......................................................................................................

......................................................................................................

.......................................................................................................

4) Зертте. Құсбегілік туралы зерттеу жұмысын жүргіз.................................................................................................

.....................................................................................................

.....................................................................................................

.......................................................................................................

5) Талда. Лашынның құстарды қалай ілетініне талдау жаса.

......................................................................................................................................................................................................

(Жалғасы бар).

Page 144: 8/2013 ТАМЫЗkazhu.kz/uploads/magazine/pdf/88b68ae3df221ec17b03323f...«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі

144

Бас редакторы – Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.

Қазақ тілі мен әдебиеті» – ай сайын шығатын республикалық ғылыми-

педагогикалық және әдістемелік жұрнал.

Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Жауапты редакторы – Рыскелді САБЫРБАЙ.Корректоры – Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.Басуға 06.08.2013 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.Шартты басылым табағы – 8.0.Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 3920.Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,Гайдар көшесі, 123-үй. Бас редактордың қабылдау бөлмесі және бөлімдер...............268-32-48.Факс..............................................243-15-53. Электрондық пошта: [email protected].Басылатын жері – «Према» ЖШС.

ЕЖЕМЕСяЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ

ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН

ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»

© «Қазақ тілі мен әдебиеті», №8, 2013 ж., 144 бет, Алматы.