56 (3113) 2014-05-24

12
ǮǧdzǧǴǧ ǮǵǨǧDzǧˁȂ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 56 ÒÆμ 24 ÍÁÍÜÑ ÇÜÌ 6+$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +24°..+22° +18°.. +16° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü Âáóüò íò ËġîîĄĦ ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì ¸¼À¸°É ĜÃ°Ç Ą ĜÈ°Ã Á¼Æ°Â° ʶ˟˾˟ ˾ ˪ˮ˛˟ ˳˯ˣˬ೦˘ˮ s// ʤ˳˵˘ˮ˘ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˹˯˲˶˭ˮ೮ ˘˳ˮ˞˘ ˵˪˟ˮ ˞˘೦˞˘˲˳೪˘ ೪˘˲˳ ˞ˮˤ˟ˢˣ˧ˬ˧˪ ˪˯ˮ˹˟˲˟ˮ˻ˤ೦˘ ˀ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ೪˘˵˳˱ ˙˘ˮ˞˘˭˘ ˢ˘˳˘˞ ˁ˯೮೦ ˵˥˟ˮ˧೮ ˢ˛˧ ˘˶˲ ˞˟˭˟˪˾˧ ˾ ˪ˮ˞˧˪ ˢˤˮˮ೮ ʫˬ- ˙˘˳ ೪˘˵˳೪˘ˮ ˮ˟˛˧ˣ˛˧ ˙˘˳೪˯˳˶ˮ˘ ʥ˯ˬ˛˘˲ˤˮ೮ ϭϵϵϳͲ ϮϬϬϮ ˢˬ˞˘˲˞˘೦ ˙˘˳˾˳ ˘ˬ˘˭˞೪ ˞ˤ˘ˬ˯˛ ˢഉˮ˟ ˮ˵˭˘೪˵˘˳˵೪ ˯˲˵˘ˬ೦ˮ೮ ;'Ϳ ˱˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ ʿ˟˵˲ ˁ˵˯ˮ˯˚ ˢ˟˵˟˪˾˧ˬ˧˪ ˢ˘˳˘˞ ʶ˯ˮ˹˟˲˟ˮ˻ˤˮ೮ ˙˘˳ˮ˞˘ ˯ˬ ˟ˬ˯˲˞˘˞˘ ˵˧˱ ˢ˘˵೪˘ˮ ˹˯˲˶˭ˮ೮ ೦˘ˬ˘˭˞೪ ˱˲˯- ˙ˬ˟˭˘ˬ˘˲˞ ˾˟˾˶ ˢ˯ˬˮ˞˘ ˯೮ ೪˱˘ˬ ˵˘ˮ˵˘˵ˮˮ˘ ˳˟ˮ˧˭˞˧ ˟˪˟ˮ˧ˮ ˘˥˵˵ «Алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді. Ол осы шараның өтуіне қолдау көрсетіп, дүние жүзіндегі адамзат тағдырына бей- жай қарамайтынын дәлелдеді. Осы жеті жыл ішінде форумға әлемнің көптеген елдерінен 40 мыңға жуық адам қатысты. Олардың бәрі бірдей ортақ мекеніміз болып табыла- Áĝě°Ç¼Äº¼Ä ÁĝĽ·Ã·Â тын жер шарындағы жаһандық мәселелердің шешілуіне бір адам- дай атсалысты. Экономикалық және саяси шиеленістер туралы пікірлер алмасып, қиындықтарға қарсы тұра білді. Дегенмен, ба- сымыз қанша рет қосылса да, әлі де жауабы жұмбақ күйінде қалып отырған мәселелердің бары анық. Солардың бірі – экономикалық дағдарыс. Ол бүгінгі күні күллі адамзаттың бас ауруына айналған. Соңғы кездері тұрмыс жағдайы қарқынды түрде дамыған елдердің өзінен кері кетушілікті байқауға болады. Шикізат өндірісі бәсеңдеп, жұмыссыздық белең алды. Осының бәрі экономика саласын дұрыс реттемеудің әсерінен болып отыр. (Жалғасы 4-бетте) ǩǡǨǡǭǡ ƽƼnjLJǗɅ LjǁdžǎǁNj ƽƲǎƲnjǏǔƲLJǁnjǀƲɍ Ǘ 88,7% ƼǍǎƼljƼǀƼ ɛƽǎ ǎƼNjǍǗnjƼǎǗlj NJɅǏǔǗLJƼnj ǍƼljǗ 3588 1777 ǪɆǯǴǷ ɆǜǣǜɆ ǮȂǧȂǩǠǡ 1811 ǪɆǯǴǷ ǪǬǷǭ ǮȂǧȂǩǠǡ ɛƽǎ ǮǜǫǭǷǬǯ ǦɚǩǠǡǬȂ ǨǜǯǭǷǨ ǝǜǧǧ ƽǜǭǮǜǧǯǷ Ǡǡ ƽǡǬȂǧǡǮȂǩ ǯǜɆǷǮ ǭǜȾǜǮ ƼǫǫǡǧǻDzǤǻȾǜ ǝǡǬǯ ǦɚǩǠǡǬȂ ǨǜǯǭǷǨ ǁɎ ǮʔǨǡǩǟȂ ǨǡǢǡ ɛǧǮǮǷɆ ǢǪȾǜǬǷ ǪɆǯ ǪǬǷǩǠǜǬǷǩǜ ɆɜǢǜǮ ǮǜǫǭǷǬǯ ɚǴȂǩ ǡɎ ǮʔǨǡǩǟȂ ǨǡǢǡ ǝǜǧǧ ɛƽǎ ǢǪȾǜǬǷ ǪɆǯ ǪǬǩǷǩǠǜ ǪǬǩǜǧǜǭɆǜǩ ǫǯǩǦǮǮǡǬǠǡ ʔǮǡǠȂ LJƿǯǨǤǧǡǞ ǜǮǷǩǠǜȾǷ ǁǯǬǜǣǤǻ ɜǧǮǮǷɆ ǯǩǤǞǡǬǭǤǮǡǮȂǩǠǡ ǧǡǦ ǪɆǯǴǷ ɆǜǮǷǭǜǠǷ Ǎ ǍǡǥǰǯǧǧǤǩ ǜǮǷǩǠǜȾǷ ɅǜǣƼǎǏ ǧǡǦ ǪɆǯǴǷ ɆǜǮǷǭǜǠǷ ɅǜǣLjǃǏ ǧǡǦ ǪɆǯǴǷ ɆǜǮǷǭǜǠǷ ÞÜÞöĈâĈâÙ)Þ)ÿ f Þ×Ĉ×þÿßÚ ǀʃljǁdžǁnj ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ʺ˘ˬ˘˥- ˣˤ ʿ˲˟˭˟˲Ͳʺˤˮˤ˳˵˲˧ ʻ˘˞- ˢˤ˙ ˃˶ˮ ˀ˘ˣ˘˪˱˟ˮ ˪˟ˣ˞˟˳˧˱ ˳˘˶˞˘Ͳ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˤˮ˚˟˳˵ˤ˻ˤˬ೪ ˤˮ˞˶˳˵˲ˤˬ೪Ͳ ˤˮˮ˯˚˘˻ˤˬ೪ ˢഉˮ˟ ˭ഉ˞˟ˮˤͲ ˛˶˭˘ˮˤ˵˘˲ˬ೪ ˳˘ˬ˘ˬ˘˲˞˘೦ ˟˪˧ˢ˘೪˵ ˮ˵˭˘೪˵˘˳˵೪ ˘˳ˮ ˪˟೮˟˥˵˶˞˧೮ ˮ˟˛˧ˣ˛˧ ˙˘೦˵˵˘˲ˮ ˵˘ˬ೪ˬ˘˞ ˞˟˱ ˺˘˙˘˲ˬ˘˞ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˵˧೮ ˙˘˳˱˘˳ˣ ೪ˣ˭˟˵˧ 6-7 2
  • Upload

    -
  • Category

    Documents

  • view

    239
  • download

    15

description

АСТАНА АҚШАМЫ №56 (3113) 24 мамыр 2014

Transcript of 56 (3113) 2014-05-24

Page 1: 56 (3113) 2014-05-24

56 24

+24°..+22°+18°.. +16°

-

-

«Алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді. Ол осы шараның өтуіне қолдау көрсетіп, дүние жүзіндегі адамзат тағдырына бей-жай қарамайтынын дәлелдеді. Осы жеті жыл ішінде форумға әлемнің көптеген елдерінен 40 мыңға жуық адам қатысты. Олардың бәрі бірдей ортақ мекеніміз болып табыла-

тын жер шарындағы жаһандық мәселелердің шешілуіне бір адам-дай атсалысты. Экономикалық және саяси шиеленістер туралы пікірлер алмасып, қиындықтарға қарсы тұра білді. Дегенмен, ба-сымыз қанша рет қосылса да, әлі де жауабы жұмбақ күйінде қалып отырған мәселелердің бары анық. Солардың бірі – экономикалық дағдарыс. Ол бүгінгі күні күллі адамзаттың бас ауруына айналған. Соңғы кездері тұрмыс жағдайы қарқынды түрде дамыған елдердің өзінен кері кетушілікті байқауға болады. Шикізат өндірісі бәсеңдеп, жұмыссыздық белең алды. Осының бәрі экономика саласын дұрыс реттемеудің әсерінен болып отыр.

(Жалғасы 4-бетте)

88,7%

3588 17771811

--

6-7

2

Page 2: 56 (3113) 2014-05-24
Page 3: 56 (3113) 2014-05-24
Page 4: 56 (3113) 2014-05-24

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Аталған келісім аясында «Қаланың тұрақты дамуына арналған 3D ынта-ландырушы» жобасы жүзеге асыры-лады. Оның көмегімен Астанада элек-тронды карталар қолданысқа енгізіледі. 3D жүйесінде жұмыс істейтін карта-ны қала инфрақұрылымы, жол, сәулет өнері мен құрылыста, кәріз желісінде кеңінен пайдалануға болады. Мұндай тәжірибемен француз компаниялары бөліспек.

Елшінің айтуынша, екі ел түрлі салалар-да тығыз ынтымақтастық орнатты, алда бірлесіп жүзеге асыратын жобалар да көп.

«21 ғасырда заманауи құрал-жабдықтың болғаны дұрыс. Қалада бо-лып жатқан оқиғалардың толық көрінісін бақылау да маңызды. Қазіргі уақытта элек-тронды картаны пайдалану таптырмас мүмкіндік деп білемін. Бұл жобаға дейін де Астанамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегенбіз. Достығымыздың одан

ары жалғасатынына сенемін» деп атап өтті қол қою рәсімінен кейін Франсис Этьен.

Жобаны толықтай қаржыландыруды француздар өз міндеттеріне алған. Жүзеге асыру үшін шамамен 3 млн еуро жұмсалады деген болжам бар. Ал, елорда әкімдігі жобаның кедергісіз жүзеге асып, толықтай орындалуын қадағалайтын болады.

(Жалғасы. Басы 1-бетте)Соның кесірінен түрлі елдерде

әлеуметтік қақтығыстар орын алып, тұрақтылыққа зиян келтіруде. Сондықтан, әр мемлекет жеке-дара емес, басқалармен де санасу арқылы экономикалық реттеулерді жүзеге асыру керек» деген Петр Стоянов Нұрсұлтан Назарбаевтың Санкт-Петербург қаласында өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінде «G-Global» жобасын ұсынғанын, қазіргі уақытта оның дұрыс бағыт екенін алға тарт-ты. Бұдан бөлек, Болгарияның экс-президенті форумның әлемдік деңгейдегі диалог өткізіп тұрудың таптырмас алаңына айналғанына қуанатынын білдірді.

Бұдан кейін мінбеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтеріліп, форумның негізгі мақсаты мен

қауіпті азайту бағытындағы соңғы он жылдағы жетістіктерді жоққа шығаруы мүмкін. Бізді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Украинадағы қақтығысты шешудегі дәрменсіздігі алаңдатпай қоймайды. Мұның бір себебі – 2010 жылғы Астана саммитінен кейін де ЕҚЫҰ-ын рефор-малау жөніндегі әңгімеге ұйымның басшылығы көрсетіп отырған саяси немқұрайлылық» деді.

С о н ы м е н қ а т а р , Қ а з а қ с т а н Президенті бүгінде кейбір елдер өткен ғасырлардан мұраға қалған, дау-жан-жалды шешуде күш қолдану әдістерін теріс көрмейтініне алаңдаушылық білдірді.

«Бұл басқалар үшін де қауіпті құбылыс болып табылады, мемлекетаралық дау-ларды шешу мәселесінде әділетсіздік формаларына жол бергендерді байқап жүрміз. Қазақстан санкциялық саясат-ты қолданудың іс жүзінде жаһандық ауқымда еркін сауда және нарық қағидаттарын жоққа шығаратынына алаңдаушылық білдіреді. Мұндай тәжірибе халықаралық қарым-қатынастарда ешқашан ұтымды болмағанын айта кетейін. Ол жаһандық экономикалық өсімді анық шектейді, жаһандық әділетті энергетикалық жүйені қалыптастыруға кедергілер туғызады» деген Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік құрылымның жақсаруына деген үміттерге қарамастан, ХХІ ғасырдың

басы қауіптер мен жаңа сын-қатерлерге толы болып шыққанына жіті назар аударды.

«Қазіргі уақытта алты жыл бұрын басталған қаржы дағдарысы жойылып біткен жоқ. Керісінше, жылдар өткен сайын ауқымы ұлғайып, зияны артып келеді. Ал адамзат әлемдік дамудың мүлде жаңа жобасын күтуде. Осы ту-ралы мен 2009 жылы-ақ «Дағдарыстың кілті» және «Бесінші жол» деген мақалаларымда ашық айтқан едім. Бұл соңынан жаңа әлем пайда болуы тиіс, әлемдік өсудің ескі үлгісінің дағдарысы

екенін уақыттың өзі-ақ көрсетіп отыр. Біз соның қарсаңында тұрмыз» деді Елбасы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбае в бұл форум әлемдегі инклюзивтік өсуді дамыту мен оған жағдай жа-сау турасындағы халықаралық пікірталасқа өз үлесін қосатынына сенім білдіретінін жеткізді. Сонымен қатар, экономикалық форумның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі.

Қазақстан Президентінен кейін Малайзия мемлекетінің премьер-министрі Наджип Абдул Разак фо-

рум қатысушыларына арнап сөз сөйлеп, «Соңғы 30 жылдың ішінде жаһандану қарқыны барынша үдей түскені белгілі. Жұмыссыздық деңгейі төмендеп, кедейшілікпен күрес шара-лары күшейтіле түсті. Мұнымен қатар, жаһандық экономика бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орната білді. Бірақ жаһандық деңгейдегі қауіп-қатерлердің алдын орап, оларға қарсы күрес жүргізуіміз қажет. Экономиканың негізгі тетіктері бірлесе отырып, әлемге ортақ нарықтың шамадан тыс былыққа батуына жол бермеуі тиіс. Яғни, болуы мүмкін жағымсыз жағдайлардың алдын алуымыз керек. Бұл ретте жаһандық экономиканың Азия тәжірибесінен мол үлгі алуына мүмкіндігі бар екенін баса айтқым келеді» деді. Оның айтуынша, жаһанданудың теріс ықпалы мол болды. Сол себепті, экономикалық мәселелерді шұғыл арада бірлесе отырып шешу керек.

Алқалы жиын барысында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун форумға қатысушыларға арнап бейнежолдау арқылы сөз арнады. Ол өз сөзінде «Әлемдік экономика алты жыл бұрынғы жылғы қаржылық дағдарыстан кейін ақырындап қалпына келуде. БҰҰ-ның экономикалық болжамына сенсек, бәрі жақсы. Дегенмен, әлі күнге дейін көптеген күрделі мәселелер бар. Әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық бәрімізді алаңдатады. Осы ретте, мен үкіметтерді тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған іс-шараларды қабылдауға шақырамын» деп бүгінгі таңда БҰҰ өзара байланыс-ты негізгі үш басымдықты айқындап отырғанын жеткізді.

«Біріншісі – кедейлікпен күрес және өмірді сақтап қалу мақсатын жүзеге асыру болса, екіншісі – 2015 жылдан кейінгі дамудың жаһандық күн тәртібін қалыптастыру. Ал, үшінші басымдық климаттық өзгеріс саласын-да келісім қабылдауға бағытталған. 23 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында климат мәселелеріне арналған саммит өткізуді жоспарлап отырмыз» деді БҰҰ Бас хатшысы.

Бұдан бөлек, жалпы отырыс бары-сында әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ауанындағы өзекті қауіп-қатерлерге қарсы тұру тетіктеріне қатысты өз көзқарастарын БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің президенті Мартин Сайдик және Нобель сыйлығының лауреаты Мухаммад Юнус ортаға салды.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Қазақстанның даму бағытына байланы-сты әңгіме қозғап және Қазақстанның жаһандық проблемаларға көз жұма қарамайтыны туралы баяндады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы форумның өңірлік пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық деңгейдегі айтулы оқиғаға айналғанын атап өтті.

«Форумның ұсыныстары мен иде-ялары Қазақстанның 2013 жылғы қыркүйекте өткен «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысуы кезінде айтылды. 4 миллионнан астам пайдаланушы қатысатын «G-GLOBAL» жаһандық диалогы жөніндегі виртуалды алаң табысты жұмыс істеуде. Бүгінгі форум ауқымы кеңдігімен ерекшеленеді, ол 150 елден келген 10 мың қатысушының басын қосты. БҰҰ қолдауымен Астана форумы аясында Дағдарысқа қарсы Екінші дүниежүзілік конференция өтті» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы тағы бір сөзінде жаһандық ең ауыр қаржы-экономикалық дағдарысты жаңа ғана басынан өткерген әлем тағы да қайта құлдырауға ұшырауы мүмкін екенін айтты.

Мемлекет басшысы әлемнің кейбір елдерінде болып жатқан саяси қақтығыстарға оң қабақ танытпай-тынын айта келе, «Қазақстан әсіресе жетекші державалардың жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі диалогының тоқтап қалу ықтималдығына алаңдаулы. Ол ядролық

Page 5: 56 (3113) 2014-05-24

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Сессия жұмысының мақсаты – э к о н о м и к а л ы қ и н т е г р а -ция жағдайындағы бизнестің белсенділігін арттыру, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері арасындағы өзара сауда, инвестициялық және индустриялық байланыстарды дамыту.

Жиынды ашқан ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ра-х ы м О ш а қ б а е в Е у р а з и я л ы қ э коно микалық одақ құр ылса , о т а н д ы қ к ә с і п к е р л е р д і ң экономикалық кеңістік аясындағы мемлекеттердегі әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндіктер туатынын жеткізді. «Бүгінде Еуразиялық экономикалық комиссия және оған мүше болуға ниет тенген мемлекет тараптары Одақ туралы келісімі жобасын әзірлеп жатыр. Бұл келісімге 29 ма-мыр күні қол қойылады деп күтілуде. Осы құжаттың әзірленуіне Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айтарлықтай үлес қосты және біздің тараптан айтылған бизнес ұсыныстар ресми ұстаным ретінде қабылданды да» деді ол. Рахым Ошақбаев сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі де әзірленіп жатқанына тоқталды. Бұл да – басты құжаттың бірі. Оның қабылдануы да Қазақстанға үлкен жауапкершілік жүктемек. Кедендік кодексті әзірлеуге еліміздің бизнес өкілдері атынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен олардың ресейлік әріптестері

де белсене ат салысып жатқан көрінеді. Рахым Ошақбаевтың айтуынша, бұл ынтымақтастық Кедендік одақ аясындағы биз-нес қауымдастықтардың өзара тиімді жұмыс істеуіне жол ашып, кәсіпкерлік саласындағы ортақ мәселелерді бірлесе шешуге септігін тигізбек.

Жиында сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссиясының кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісім тауар тасымал-дау, көлік, құрылыс сынды қызмет көрсету саласында капитал және еңбек ресурстарындағы шектеулерді ж о й ы п , е л д е р а р а с ы н д а ғ ы тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыратынын айтты. Мысалы, қазір әлі күнге дейін дәрі-дәрмек, медициналық, мұнай өнімдерін тасымалдауда кедергілер бар. Ал, Одаққа кіру туралы келісім жасалса, бұл мәселелер біржақты шешімін табады. Айталық, Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылғалы бері Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы тауар айна-лымы күрт өскен. Кедендік одақ жұмыс істей бастаған алғашқы үш жылда мемлекеттер арасындағы тауар айналымы сол кезеңдегі ішкі тауар айналымының жалпы өсімімен салыстырғанда, 45 пайызға артқан екен. Енді Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылса, үш ел арасындағы сауда ай-

налымы тіптен артып, кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптаспақ.

Бұдан кейін баяндама жасаған Е у р а з и я л ы қ э к о н о м и к а л ы қ к о м и с с и я н ы ң к е д е н д і к ынтамақтастық жөніндегі алқа мүшесі Владимир Гошин Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексін әзірлеу барысына тоқталып, оның қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Жұмыс комиссиясының алқа мәжілісі айына бір рет өтіп тұр. Бүгінге дейін 5 мәрте мәжіліс құрдық. Ал, сараптама тобының алқалы жиыны ай сайын бір-екі апта бойы ұйымдастырылады. Мұнда барлық мәселелер қамтылады. Біз жұмысымызды осы қарқынмен жүргізе отырып, Одақтың жаңа Кедендік Кодексі жобасын биыл шілде айында сараптамашылар тобына талқылауға жібереміз. Олар жобаны кешенді сараптама-дан өткізгеннен кейін қыркүйек айының соңында ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, кем-кетіктерін толықтыратын боламыз» дейді ол.

Жалпы бұл Кедендік кодекс жо-басында үш ел арасындағы кедендік ресімдеу мәселелерін жеңілдетудің барлық жағдайы қарастырылыпты. Атап айтқанда, электрондық кедендік ресімдеуге басымдық беріліп, жазба-ша ресімдеу тек белгілі бір заңдық нормалар шеңберінде ғана жүзеге асырылмақ. Кедендік деклараци-яны тіркеуге байланысты болатын барлық кедендік операцияларды жасау, тауарларды өткізу кедендік органдардағы автоматты ақпараттық жүйе арқылы жасалатын болады және бұл жұмыстарды жүргізу «бір терезе» бойынша іске асырылмақ. Кедендік одақ аумағына тасымал-данатын тауарлар туралы кедендік органдар алдын-ала құлақтанатын болады. Бұл кедендік ресімдеуді жеңілдетіп қана қоймай, тауарларды тасымалдау, оларды алып келу-әкету уақытын да қысқартатын көрінеді.

Жалпы үш елдің интеграциялық қадамы Қазақстан, Ресей, Бела-русь мемлекеттерінің экономи-касын серпінді дамытып қана қоймай, сауда-саттық, индустрия, кәсіпкерлік, кеден салаларындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады дейді сарапшы-ғалымдар.

-

Акцияға қатысушылар Ресей, Финляндия, Швеция, Норвегия, Франция, Италия, Түркия сын-ды 20-дан аса елдерді аралап, Астананың туған күні – 2014 жылдың 6 шілдесі күні елге ора-лады

М о т о ш е р у д і ң м а қ с а т ы – «EXPO-2017» халықаралық

к ө р м е с і м е н Қ а з а қ с т а н Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы-мен жүзеге асырылып жатқан «G-Global» диалогтық бірегей алаңын әлемге насихаттау. Мотошерушілерді аттандыра оты-рып, ҚР Парламенті Сенатының д е п у т а т ы , « Ғ а л ы м д а р д ы ң

Еуразиялық экономикалық клу-бы» Қауымдастығының Үйлестіру комитетінің тең төрағасы Серік Нөгербеков бұл күн біздің еліміз үшін өте маңызды екендігін айта келіп, күллі әлем Қазақстандағы бастамаларды осы акция арқылы да танитынына сенім білдірді.

С е с с и я ғ а қ а т ы с у ш ы л а р и н в е с т и ц и я л ы қ ж ә н е и н н о в а ц и я л ы қ д а м у д а ғ ы жаңа трендтер және замана-уи интеграциялық үдерістер барысындағы мемлекеттердің өзара қимыл-әрекеті жөніндегі мәселелерді талқыға салды.

Биыл жылдың аяғына дейін Қазақ елі Дүниежүзілік са-уда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді аяқтауды жоспар-лап отырғаны белгілі. Жиын-да осыған байланысты әңгіме өрбіткен Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас директорының о р ы н б а с а р ы Д э в и д Ш а р к елімізді ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздері нәтижелі болып жатқанын атап өтті. Осы кезеңде еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуға да ниеттеніп отыр. Дэвид Шарк мырза одаққа кіру Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына ешқандай кедергі келтірмейтінін баса айтты. Оның пікірінше, ДСҰ құрамындағы мемлекеттердің қ а т а р ы н д а и н т е г р а ц и я л ы қ бірлестіктерге қосылғандары

ж е т е р л і к . Б ұ л Д С Ұ - н ы ң мақсаттары мен міндеттеріне қарсы келмейді. Бірақ екі үлкен ұйымға қатар қабылданған кезде мемлекетімізге артыла-тын жауапкершілік жүгі екі еселенбек. Қазақстан екеуін де абыроймен алып шығатынына сенім білдірген Дэвид Шарк кез келген мәселенің шешімін табуға болатынын жеткізді.

Жиында сөз сөйлеген ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ер-болат Досаев еліміз осы жылдың соңына дейін ДСҰ-ға кіретініне үлкен үміт артып отырғанын айта келе, оған кіруге Үкімет бар күш-жігерін салатынына екпін түсірді.

Министрдің айтуынша, Еуразиялық экономикалық о д а қ Д ү н и е ж ү з і л і к с а -уда ұйымы талаптары мен халықаралық сауда ережелерін ұстанатын болады. Себебі, бұл – өзара қатысушы мемле-кеттер тікелей экономикалық ынтымақтастық мүдделері б а з а с ы н д а қ ұ р ы л а т ы н халықаралық экономикалық ұйым болғандықтан оның талаптары ДСҰ-ға қайшы келмейді. Ал, екі халықаралық ұ й ы м н ы ң д а т а л а п т а р үдесінен шығып, жоғары ж а у а п к е р ш і л і к т і м о й н ы-на алуға еліміз жан-жақты әзірленіп отыр.

Бетт

і дай

ынд

аған

:Қы

мбат

ТО

ҚТА

МҰР

АТ

Page 6: 56 (3113) 2014-05-24

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

й д е т е к б а л а л а р ы ғана еді. Алып кетуге

келгендердің айбат шегіп, өктем сөйлегендерінен

шошынған балалардың бірі қыстығып, бірі боздап жы-

лай беріпті. НКВД адамдары «тінту жасауға рұқсатымыз бар» деп үйдің астан-кестенін шығарады. Бейімбеттің жұмыс бөлмесінен сөрелердегі, жазу үстеліндегі кітаптарды, қолжазбаларды үйіп жинағаннан кейін, олар екінші мәшине шақыртады.

Ә к е с і н а л ы п к е т і с і м е н , қорыққанынан пәтерден қашып шыққан балаларының үлкені Әукен (16 жаста) көршілердің есіктерін соғып, жылап тұрып көмек сұраған. Бірақ, пәлесі жұғар деп тоғышарлық істеген олардың ешқайсысы есіктерін де ашпаған, кейбірі «кет, неге келдің?» деп, баланы қуып жіберген. Ересек Әукен салы суға кете үйіне қайтып, алғаш рет маңдайына тас тигендей сезінді, қатты қапаланды. Үйге кіріп, оның ыбырсып, шашы-лып жатқанын көрді, қолжазбалар тұрмақ, кітаптарына дейін НКВД қызметкерлері тиеп алып кетіпті. Қызы Рәзияның айтуына қарағанда, Бейімбетті әкетіп бара жатқанда жылап, сұңқылдаған балаларға «Не бойтесь, дети. Мы его не трогаем. Ваш отец через два дня придет» деп алдарқатқан.

Үйден шығар кезде Бейімбет бәрінің бетінен сүйіпті де, Әукенге:

- Әукен, сен баланың үлкенісің ғой. Мына бауырларыңа қамқор бол. Кітаптарымды сақтап жүр, -дейді. Далаға шығып, «қара құзғынға» жақындай бере Бейімбет жалт бұрылып, екінші қабаттағы балконда жылап тұрған балаларынан көз алмай тұрып қалады. Қасындағы жендеттер ырық берсін бе, екі жақтан жұлқып, дедектетіп алып кете берген.

Ертеңіне, 7 қазан күні, ертемен кеткен Әукен шешесін әкеледі. Шұрқырап жылап, бір түннің ішінде жетімсіреп қалған Мереке, Рәзия, Еділ алдынан шыққанда Күнжамал өзеурей құшағына алғанмен, бір сұмдықтың болғанын жүрегі сезеді. Қайтып келе жатқанда Әукен де жа-рытып ештеңе айта қоймайды. «Әкем командировкаға кететін болды, сізді шұғыл алып келуге жіберді» деп жал-

тара сөйлеген...- Әкелерің қайда? – дейді салған

жерден Күнжамал. Өзі секем алып, сезіктенген күйде. Балаларда үн жоқ, мектепке де бармаған. Күнжамал үй-ішін шолып, Бейімбеттің жұмыс бөлмесіне келсе, есігі жабық тұр. НКВД адамдары кілттеп, кілтін алып кеткен екен. Күнжамал өзіндегі екінші кілтпен ашқанда шошынып, өңі боп-боз болып кетеді. Сорлағанын түсініп, еңіреп, көз жасын ағызып, буын-буыны дірілдеп отыра кетеді. Сол күні бұлар аза тұтады. Бордай егіліп, ботадай боздайды. Көл боп аққан көз жасы. Киім шешусіз, тамақ ішусіз қалды. Көрер таңды көзімен атырды. Бозала таңнан тұрған Күнжамал Фатимаға барады. Оның да басы қатып, қам көңілде жүрген кезі. Ілиястың тұтқындалғанына бір жарым айдан асып кеткен. Бейімбетті іздеуге шыққанын айтып, балаларына көз қырын салуын өтінеді.

Түрменің қайда екенін білмейтін Күнжамал көп іздейді. Сұрастыра жүріп еңселі сұр үйге келеді. «Сұрқайы түрі ызғар шашып тұр ғой. Адам шошырлық екен» деп ішінен ойлай-ды. Мұның қай есігінен кіреді екен деп төрт көшенің бұрыш-бұрышын қымтап алған зәулім үйді айнала жүреді. Бір қақпаның алдында бір топ адамдар тұр екен. Байқаса, көбісі – әйелдер. Сұрастырса, өзі сияқты арыстарынан айырылған жандар. Түрме қақпасын торуылдап, қайтсек бір хабар білеміз деп үміт етіп жүргендер. Бірақ, биік қақпа тарс жабылған, ешкім кіре де алмайды, шыға да алмайды, ешкіммен тілдесу де мүмкін емес. Қарауылдың өзі де сұрағанға жауап беруге ерінеді, құқы жоқ немесе үн қатуға тыйым салынған. Күнжамал анамен бір, мынамен бір шүйіркелесіп, Бейімбетті сұрастырады, хабарын білетін бір жан болсашы. Екі иығы салбырап, көзі жәудіреп, «енді не істеймін, Құдай» деп санасы сарсылып тұрғанда сары ала киімді бір офицер шығады.

Бәрі жапырлап онымен тілдесуге лап қояды. Ол асығыс-үсігіс сөйлеседі,

жарытып ештеңе айтпайды. Күнжамал да ілгері ұмтылады. Офицермен тіл қатысып еді, анау күңк етті де кетіп қалды, бірақ Бейімбеттің осы абақтыға әкелінгенін сезді. Оған да шүкіршілік етті, сөйтіп, кешке қарай дымы құрып, дел-сал күйде үйіне келді. Ертемен шыққанда, Бейімбетті көремін, түрме бастығына оның еш жазығы жоқ деп айтамын деп ойлап еді, енді, міне, дәрменсіз әрең қайтты. Осылай тағы бір күн өтті.

Ү ш і н ш і к ү н і т ө б е д е н ж а й түскендей тағы бір қасірет қосылды. Күнжамалдың отбасы тұрып жатқан төрт бөлмелі үйден қуып шығарылды. Кешке қарай Ыстықкөл көшесіндегі екі бөлмелі үйдің бір бөлмесіне бес баламен келіп Күнжамал кіреді. Бір бөлмесіне төрт баласымен Фати-ма жайғасыпты. Әрі аласа, әрі тар үй олардың еңсесін басып, уайым-қайғыларын онан сайын қалыңдатты. Фатима мен Күнжамал балаларын бір-біріне кезек-кезек қалдырып, күндіз-түні төрт көшенің қиылысын торып аңдиды. Шығара қалса, әлде қалай бір жаққа апара жатса, тым құрыса көріп қалармыз, амандығын біліп, тіл қатысармыз деген есек дәмемен қазіргі Наурызбай батыр – Ыстықкөл, Желтоқсан – Қабанбай батыр көшелерінде сабылып тору-ылдайтынды шығарды. Абақтыға күн сайын барады, кеш бата мұңға батып, аяғын сүйретіп оралады. Бейімбетті көре алмайды, бір сәт тілдесе де ал-майды. Кездестіруді қанша өтінсе де, түрме басшылары рұқсат бермеді, әні-міне деп сағыздай созып, адамның титығына жетті. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалды Күнжамал. Іштей күңірену, сырттай сарылу. Күнжамал сан барып сандалып, та-банын тоздырып жүргенде тек бір айдан кейін ғана Бейімбетпен жолыға алды. Бұл – тергеудің аяқталып қалған кезі. Кездестіргенін қайтсін, көп сөйлестірмеді. Шешіліп әңгімелеспек болған Күнжамал үсті-басын, бет-жүзін көріп шошып кетеді. Бірақ,

Бейімбеттің әлі тірі екенін көріп шүкір етеді. Өзін сабырлы ұстаса да, шашын тақырлап алып тастағанын көріп:

- Саусағыңмен шиырып отыратын шашыңа дейін қалдырмапты-ау, енді неңді бұрайсың? –деп көз жасына ерік беріп алған. Бірде аузын ашып еді Бейімбеттің тістерін көріп қалған Күнжамал:

- Сұмдық-ау, тістеріңді де сынды-рыпты?- дейді шошынып. Сол-ақ

екен, бірге келген тергеуші: - Бұл жер шипажай емес қой!-деп кеке-те сөйлейді. Жан алғыш қасында отырса, адам ақтарылып сөйлесе ала ма?

- Күнжамал, жылай бер-ме, ұстамды, мықты едің ғой. Балаларға ие бол, ауылға бар, ол жақта жеңілдеу. Менің

қолжазбаларымды сақта, әлі заман өзгереді, сонда олар саған керек бо-лады, - деп, көңілі бұзылып, мұңайған екен. Келесі кездесу бір айдан кейін еді. Үздіктіріп, дәмелендірген қулық болып шықты. Жолықтыруға келіскен күні Күнжамал екі қызын – Рәзия мен Гүлсімді киіндіріп, тамақ алып түрмеге келді. Бірақ, кездестіруге рұқсат етілмей, үйіне егіліп қайтады. Абақтыға одан соң да жиі келеді, бірақ Бейімбеттің жүзін көріп, сөзін ести алмай-ақ қойды.

Содан төрт айға жуық уақыт өтеді. Ешқандай хабар ести алмай қамығып Күнжамал жүреді. Тұрмыс жағдайы ауырлады. Ішерге тамақ, киерге киім тапшы. Азып-тозуға айналды. Ағайын-туғандардан, дос-жарандардан қайыр жоқ. Би-аға дүниеге қызыққан адам

емес, байлық жинамаған. Тек Ғабит Мүсірепов жасырын түрде қаражат беріп, көмектескен болады, ал ол қай жыртығына жетсін?! Алаңдап ауыл жаққа да кетпеді, абақтыда азап шегіп отырған қосағын, жиырма шақты жыл отасқан, ақжарқын, таза көңілмен, сыйластық пейілмен өмірдің ащы-тұшысын бірге өткізген Бейімбетін қимады.

1938 жылғы ақпан айының бірі күні Фатима тергеушілермен келісіп Ілияспен кездесуге барады. Бұл жолы ол Болат деген баласын әкесіне көрсетпекші. Қасына Күнжамал еріп көмектеседі. Ілиясқа деп дайындап қойған заттарын алып жүреді, ал Фа-тима баласын көтеріп алады. Түрмеге келіп, ішіне кірген Фатиманы күтіп, Күнжамал отыра береді. Ілиястың «Бұл ұлымыз етікші болсын, етік тігуді үйрет... Жазушы болып жазықсыз жаза тартқанша, етікші болып, еркін өмір сүрсін» дегені осы жолы еді. Күнжамал бұдан бұрын бала туарда толғақ қысып, ауруханаға жаяу бара жатқан Фатиманың қасында болған еді. Күнжамал орта жолда туып қалған баланың шаранасын сыпырып, бірінші болып қолына алған екен.

Азапты күндерін арқалатып айдың соңғы күндері де жетті. Күнжамал ауыр күрсініп, түрмеге тағы бет алды. Қақпа алдында «А, Құдай, Бейімбетпен кездестіре гөр!» деген тілеу тілеп тұрғанында есікті сықырлатып шыққан түрменің конвойы бір құшақ киім-кешек әкеліп береді.

- Бұл не?-деп сұрайды Күнжамал.- Күйеуіңіздің киімдері, -дейді кон-

вой.- Ау, қарағым-ау, сонда ол не киеді?-

деп аң-таң болып қарайды. Конвой мысқылдап:- Ол енді мемлекеттің киімін киеді,-

деген екен шімірікпестен. Өзі басқа сөзге келмей сап етіп кіріп кетеді. Бейімбеттің атылғанынан бейхабар Күнжамал сұрағына тұшымды жа-уап алмаған соң, бүйрегі бүлк етіп

сезіктенеді. Кездесуге рұқсат бермеді. Ол күні Күнжамал жұбайының атылғанын білген жоқ. Бейімбеттің түрмеде өзі түгіл, сүйегі де жоқ екенін ешкім тіс жарып айтпайды. Әйтсе де, секем алған Күнжамал бода-бодасы шығып, аңырап келе жатып, көптен та-ныс Әмина Еленованың үйіне соғады. Ең бірінші кездестірген Әминаға шерін төге отырып, құшақтап алып қайтқан

,

Page 7: 56 (3113) 2014-05-24

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Бейімбеттің киімдерін көрсетеді. Сол киімнің ішінде түрмеде түсірген фотосуреттегі тозығы жеткен пальто-сы да бар екен.

Есіл жұбайларының қайда екенін біле алмай зар қағып жүрген әйелдерді НКВД қызметкерлерінің қалай алдағанын Фатима Ғабитованың мына жазбасынан да көруге болады: «Бір-екі күн өткен соң тағы шақырылдым. Бұл жолы да басқа орыс қарсы алды... Мен сияқты тағы бірнеше ерлері әкетілген әйелдерді жинаған екен. Ішінде Сәкеннің әйелі – Гүлбаһрам да бар еді. Ол орыстың бізге ескерткені: ерлеріміз он жылға алыс Сібірге ай-далыпты».

Үйіне келгеннен кейін Күнжамал

балаларына «Сендер енді – нағыз жетімсіңдер» дейді көз жасын тыя алмай.

Бейімбет Майлин ақпанның 26-сын-да атылса, Күнжамал соның ертеңіне, яғни 27 ақпан күні оның киімін алған.

Азаматтарды атып болғаннан кейін әйелдеріне қырғидай тиді. «Қатындарын да айдайды екен, балаларын балалар үйіне алады екен», «Әйелдерді балаларымен қызыл вагонға салып, алыс жаққа жібереді екен» деген хабар тарады. Бұл сөз шынға айналды, сәуір ішінде «жаулардың» әйелдерін қамау етек алды. Зәресі кеткен Фатима ертерек қамданып қалды. Ол үш баласын өзі туып-өскен жері – Қапалға нағашы апасы Хұппимен бірге жібереді. Өйткені, Фатима 13 жасар Жәнібек деген баласын НКВД-ның түрмеге қамағанынан шошынды және басқа балаларымды айырып әкетер деп сескенді. Қолында төрт айлық бір баласы қалған. Ал, Күнжамалдың туған жері алыс, әрі жанашыр ешкімі болмады да, қам-қарекет істей алма-ды. Күнжамалдың құр сүлдері қалды, жылаудан көз ашпайды. Бейімбеттің айтқаны шынға айналды. «Халық жауларының» әйелдерін де ұстап, темір торлы бөлмелерге тығу басталды.

«Жамандық аяқ астынан шығады, ойламаған жерден келеді» деген рас-ау, сірә. Б. Майлиннен еш хабар болмай, дел-сал жағдайда жүрген Күнжамалды да тұтқындайды. Кеш бата үйіне әскери киімді екі адам, бірі еркек,

бірі әйел, бүк түсіп жатқан жерінен басын көтерген Күнжамалға: «Сіз тұтқындалдыңыз» дейді. Үйдің іші у-шу, азан-қазан болады. Балалар әуелі сұңқылдап, одан кейін боздап жібереді. Оған қарасын ба, берілген тапсырма-бұйрықты орындауға кіріседі. Бала-ларды мәшинеге отырғызып әкетуге кіріскенде бұрынғы кездерде үнемі жайраң қағып жүретін, көпшіл, қонақжай, мейірімді Күнжамал түтігіп, қарсы айбат көрсетеді. Бірақ одан ештеңе шықпайды. Тұтқындаушылар дөрекілік көрсетіп, «бол-болдың» астына алып, асықтыра берген. Шыдай алмаған Күнжамал: - Сендер бұнымен Бейімбетті өлтіре алмайсыңдар. Оның орнына ертең тағы бес Майлин ер жетеді,-деген екен бұлқан-талқан болып. Ашу үстінде бұрқылдаған мінез көрсеткен оны екеуі сүйрей-мүйрей алып шыққан соң «қара құзғынға» тықпалап кіргізіп, жүріп кетеді. Ал зар еңіреп қалған бала-ларды басқа мәшинеге тиеп әкетеді. Қай жаққа әкеткенін ешкім білмейді. Сөйтіп, Бейімбеттің балалары әкеден өлідей, шешеден тірідей айырылып, қаңғып қала берген. Кейінірек белгілі болғандай, үшеуін панасыз балаларды қабылдау үйіне, ал Гүлсімді бөбектер үйіне өткізіпті. Әукен далада қалған. Үйлеріне мөр басып, құлып салынған.

С о н ы м е н К ү н ж а м а л д ы ң тұтқындалған күні –1938 жылғы 13 сәуір, яғни Бейімбеттің түрмеге түскеніне 189, атылғанына 46 күн өткен кез. Осылай айрандай ұйып отырған

өнегелі, берекелі отбасының ошағы ор-тасына түсіріліп, шаңырағы шайқалып, тоз-тозы шықты. Күнжамал жұбайы аманат еткен екі тапсырмасын орын-дай алмады. Бірі – қолжазбаларымды сақта, екіншісі-балаларға ие бол деп еді. «Байтал түгіл, бас қайғы» күн туып, өзі де Бейімбеттің артынан кет-кен Күнжамал ол аманаттарды қалай орындасын?! Алдында не күтіп тұр, қандай қасіретке тап болады? Оның анық-қанығын Күнжамал білмейді. Темір құрсауға түсті, одан құтылып шыға ала ма, жоқ па?

Күнжамалдың еш жазығы жоқ екені айдан анық. «Халық жауының» әйелі не істей қоятын еді?! Дүниені төңкеріп, кеңес заманын қопарып тастай ма? Ол шаруа қолынан келетін әйел ме Күнжамал? Соған түйсік-саналары жетпеген НКВД қызметкерлерінің қараулығы шек-тен асқан-ау. Тергеушіге Күнжамал бірде: «Мен Бейімбетпен бірге боламын. Он жеті жасымда оған қосылып, жиырма жыл бірге тұрмыс құрдық. Мені Бейімбеттің қасына жіберіңдер» дегендей сөз айтқан көрінеді. Бейімбеттің тірі емес екенін, атылып кеткенін білмеген ғой. Білсе, мені қоса атыңдар, одан жаным артық емес дер ме еді.

Т і л е к - ө т і н і ш і ш ы р қ ы р а п өзімен бірге кетті. Сот отырысы өтіп, Күнжамал Майлина РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабы бой-ынша сегіз жылға кесіледі. Көп ұзамай, Қарағанды лагеріне «АЛЖИР-ге» этаппен аттандырылады. Оны-мен бірге бұл лагердің азабы мен ауыртпалығын, қайғысы мен қасіретін тартқан А. Байтұрсыновтың Бадриса, Т. Рысқұловтың Әзиза, С. Меңдешевтің Рәзия, С. Асфендияровтың Әйіш, С. Есқараевтың Мәрия, Қ. Тәштитовтың Сағадат, С. Қожановтың Күләндам, І. Қабыловтың Айша, С. Сәдуақасовтың Елизавета, М. Жұмабаевтың Зылиха сияқты жарлары, әзиз аналар да болды. Сол уақыттағы халқының ардақты азаматтарының әйелдері лагерде адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген. Олар қара жұмыс жасады, киім тікті, қой бақты, әйтеуір, оларға істемегені жоқ. Жата-тын жерлері нардың үсті, иіс-қонысы мүңкіген барақ үйлер, астарынан сыз, үстерінен суық өтеді. Өлген қой-қозы болса, жасырын қуырып жеп, талшық ет-кен. Ішкендері – дәм-сөлі, жылтыраған майы да жоқ тамақ. Бәрін де тұманды ой басады, күйеулерінің қайда екенін біле алмай бастары қатады, балаларының бар-жоғын ойлап күңіренеді.

Күнжамал «АЛЖИР-де» арып-ашып, азып-тозып, Құдайға мұң-зарын шағып күн өткізіп жүреді.

Әуелде «кім қой бағады?» дегенде «мен бағамын» деп келіскен оның алдына бес жүз қой салып берген. Қолынан келетіні осы жұмыс деп білген оның басқа іске икемі келе қоймайды. Содан қысы-жазы қойдың соңында жүрген...

Page 8: 56 (3113) 2014-05-24
Page 9: 56 (3113) 2014-05-24

– «Отан отбасынан басталады» деп айтылады. Күнделікті өмірде мұны әдемі сөз ретінде ғана қабылдап, оның маңызын түсіне бермейтін сияқтымыз. Сондықтан да болар, Елбасымыз осы қасиетті ұғымды мемлекеттік деңгейге көтеріп, отбасыларға арналған керемет ұлттық байқаудың ұйымдастырылуына мұрындық болды. Қыркүйек айының үшінші жексенбісін Отбасы күні етіп белгіледі. Бұл еліміздегі бірден-бір тамаша мейрам. Сол айда өтетін «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына Аста-на қаласынан Ахметовтер отбасы қатысатын болады, ал, біз – Астана тұрғындары осы әулеттің ең белсенді жанкүйері боламыз деп сенемін.

Page 10: 56 (3113) 2014-05-24

1 2 3 4 5 6

166. 2 2

1 2 3 4 5 6167. 10 10

4 4

169. 1 1

170. 10 10

171. 6 6

172. 5 5

173.

4 4

1 2 3 4 5 6174. 9 9

175. 3 3

176. 10 10

177. 10 10

179. 1 125 10

30 10

1 2 3 4 5 610 10

1 1

Page 11: 56 (3113) 2014-05-24

II.

IV

V.

: www.mcppz.kz E-mail: [email protected]

« » – 1953 , .

6514 15.10.2010

6515 15.10.20106516 15.10.2010

6517 15.10.2010

6518 18.10.20106519 18.10.2010

6520 18.10.2010

6521 18.10.2010

6522 18.10.2010

6523 18.10.20106524 18.10.2010

6525 18.10.2010

6526 18.10.2010

6527 18.10.2010

6528 18.10.2010

6529 18.10.2010

6530 18.10.2010

6531 18.10.2010

6532 18.10.2010

6533 19.10.2010

6534 19.10.2010

6535 19.10.2010

6536 19.10.2010

6537 19.10.2010

6538 19.10.2010

6539 19.10.20106540 19.10.2010

6541 19.10.2010

6542 19.10.2010

6543 20.10.20106544 20.10.2010

6545 20.10.2010

6546 20.10.2010

6547 20.10.2010

6548 21.10.2010

6549 21.10.2010

6550 21.10.2010

6551 21.10.2010

6552 21.10.2010

6553 21.10.2010

6554 21.10.2010

6555 22.10.2010

6556 22.10.2010

6557 22.10.2010

6558 22.10.2010

6559 22.10.2010

6560 22.10.2010

6561 22.10.20106562 25.10.2010

6563 25.10.2010

6564 25.10.2010

6565 25.10.2010

6566 25.10.2010

6567 25.10.20106568 25.10.20106569 25.10.2010

6570 25.10.2010

6571 25.10.2010

6572 25.10.20106573 25.10.2010

6574 25.10.2010

6575 25.10.2010

6576 25.10.2010

6577 25.10.2010

6578 25.10.2010

6579 25.10.2010

6580 25.10.2010

6581 25.10.2010

6582 26.10.2010

6583 26.10.2010

6584 26.10.2010

6585 26.10.2010

6586 26.10.20106587 27.10.2010

6588 27.10.2010

6589 27.10.20106590 27.10.2010

6591 27.10.2010

6592 27.10.2010

6593 27.10.2010

6594 27.10.2010

6595 27.10.20106596 27.10.2010

6597 28.10.2010

6598 28.10.2010

6599 28.10.2010

6600 28.10.2010

6601 28.10.20106602 28.10.2010

6603 28.10.2010

6604 28.10.2010

6605 28.10.2010

6606 28.10.2010

6607 28.10.2010

6608 29.10.2010

6609 29.10.2010

6610 29.10.20106611 29.10.2010

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

Page 12: 56 (3113) 2014-05-24

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] E-mail: in

áàéêàóûíà

Олардың қатарында Луиза Нұрқуатова, Замира Сағадиева, Дәния Ишанқұлова, Мұхамедәли

Жүгінісов, Ділназ Төлеген, Диас Омар, Анастасия Першикова, Жақан Қабыкен,

Малика Самағұлова, Ділнұр Біржанова, Ғалимұрат Әбдіманапов, Жанайкерім

Өтегенова, Алдияр Орекен, Ясмин Мәжитова, Сағынған Қуанған, Әділет Мейрамбеков сынды өнерпаздар бар.

Өнерлерін еліміздің жас әншілері сараптап, өз бағаларын берді. Сарап-

шылар сапында Маржан Арапбаева, Нұрлан Албан, Батыр Байназаров,

Данияр Өтеген («Rin’Go» тобы), АDAM, Алмас Кішкенбаев, Айқын, Әлішер Кәрімов,

Анель Арынова, Ерболат Беделхан («Орда» тобы) және тағы басқалар болды. Тәлімгерлер тек

таланттарды таңдап қана қоймай, оларға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетті.

Енді үміткерлер маусым айында бір ай бойы Астанадағы музыкалық мектепте өздерінің

қарым-қабілеттерін шыңдап, вокал, сольфед-жио, актерлік шеберлік бойынша сабақ алатын

iðiêòåó àÿêòàëäû

қуатова, Замира а, Мұхамеедәдәлли Диас с ОмОмар,

Қабабыкен,нова,а, рімм н

M, мов, ОрО да» лер тетек б болады. Байқаудың бас продюсері Лина

Арифулина жас дарындарды «Zaratushtra Band» оркестрінің сүйемелдеуімен өтетін

телевизиялық шоуға дайындайды. Финалға дейін 12 концерттік қойылым дайындалатын

болады. Қатысушылардың бірі солист ретінде, екіншілері дуэт, трио болып өнер көрсетпек.

Байқаудың ақтық сыны Астана күні қарсаңында өтеді. Өнерлі өрендер «Балалық

шақтың әнұраны», «Жұлдыздармен дуэт және әлемдік хит», «Атамекен» номи-

нациялары бойынша бақ сынайды. Мұнда халықаралық қазылар мен

телекөрермендер қатысушылар ішінен ең мықтыны анықтайды. Бас жүлде иегеріне 1 млн теңге беріледі. Оған қоса «Детская Новая Волна»

байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ж а с ө н е р п а з д а р д ы і з д е п т а у ы п , к о м п о з и т о р -л а р м е н о р ы н д а у ш ы л а р д ы ң шығармашылығын насихаттау-ды, Астананы айдай әлемге та-н ы т а т ы н а в т о р л ы қ ә н д е р д і көбейтуді көздеген байқауға бүгінде Қазақстанның барлық аймақтарынан талантты жастар мен әуесқой, кәсіби шығармашылық

ұжымдар, ансамбльдер мен 18 бен 30 жас аралығындағы жекелеген орындаушылар өтініш беруде.

Ж е ң і м п а з д а р А с т а н а к ү н і қарсаңында өтетін Гала-концерт-ке қатысады. Үміткерлер өтінім-сауалнамасын, әндерінің аудиожаз-басын, фотосын алдын ала тапсы-руы қажет. Байқау жұмыстарын: 010000, Қазақстан Республикасы,

Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 25, «Өркен» іскерлік орталығы, 401 каб. мекен-жайына немесе e-mail: [email protected] пош-тасына «Ән жүрегім – Астана» байқауына» деген адресатпен жіберуі керек.

Тел.: (+77172) 910845

Бетті дайындаған: Еркежан СӘТІМБЕК